Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.08.2022 № 831 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.08.2022 № 831 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 15.12.2023 № 1294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына қосымша |
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.08.2022 № 831 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты (бұдан әрі – тауарлар) әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.08.2022 № 831 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалар шеңберінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарларының тізбесі, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген);
2) жер қойнауын пайдаланушы - тас көмірмен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқығы бар заңды тұлға және дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға;
3) импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелумен айналысатын заңды тұлға, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға;
4) мемлекеттік кірістер органдары – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттерді орындайтын мемлекеттік орган;
5) өндіруші – Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруші;
6) өнім беруші – тауарларды жеткізуші дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға және заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
7) хабарлама – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама;
8) хабарлама – камералдық бақылау нәтижелер бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
9) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – электрондық нысанда жазылған шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылатын уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
10) электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – ЭШФ АЖ арқылы жазып берілген және Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес келетін құжат.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.08.2022 № 831 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.12.2023 № 1294 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылар
3. Пилоттық жобаның қатысушылары:
1) өндірушілер, импорттаушылар, жер қойнауын пайдаланушылар, жеткізушілер;
2) мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.
3-тарау. Құқықтары мен міндеттері
4. Өндірушілер, импорттаушылар, жер қойнауын пайдаланушылар, өнім берушілер негізгі, түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып беру немесе қайтарып алу жолымен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өздігінен жоюға құқылы.
5. Өндірушілер, импорттаушылар, жер қойнауын пайдаланушылар, жеткізушілер міндетті:
1) Салық кодексінің 412-бабына және "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) бекітілген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру қағидалары және оның нысандарына сәйкес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған (өндірілген) немесе импортталған тауарларды өткізу кезінде ЗШФ жазып беруге;
2) Салық кодексінің 166-бабы 2-тармағының 5) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды өткізгені үшін ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасының чегін беруге міндетті.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 16.08.2022 № 831 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Мемлекеттік кірістер органдары салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде камералдық бақылауды жүргізеді.
7. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге ЭШФ қолдану және бақылау-касса машиналарының чегін жазып беру бойынша түсіндірмелер беруге міндетті.
4-тарау. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау тәртібі
8. Осы Қағидалардың шеңберінде жіберілген хабарламалар, хабарлама өндірушіге, импорттаушыға, жер қойнауын пайдаланушыға, өнім берушіге тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
9. Камералдық бақылау және хабарламаны орындау Салық кодексінің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
5-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі
10. Мемлекеттік кірістер органдары ЭШФ жазып берген кезде алшақтықтар анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өндірушіге, импорттаушыға, жер қойнауын пайдаланушыға, өнім берушіге:
1) жазып берілген ЭШФ (олар болған жағдайда) көрсете отырып, өндірушінің, импорттаушының, жер қойнауын пайдаланушының, өнім берушінің мекенжайына хабарлама жолдайды, бұл ретте мұндай ЭШФ жазып берілген күн осы Қағидалар енгізілген күннен ерте болмауы тиіс;
2) өндіруші, импорттаушы, жер қойнауын пайдаланушының, өнім берушінің "Салық төлеушілердің кабинеті" web-қосымшасына хабарлама жолдайды.
11. Мемлекеттік кірістер органдары тұрақты негізде жолданған хабарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді.