Мемлекеттік бақылау субъектісіне берілетін Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 мамырда № 27875 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

            1. Қоса берілген мемлекеттік бақылау субъектісіне берілетін Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың нысаны бекітілсін.

            2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

            1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

            2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

            3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін

            .4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 27 сәуірдегі
№ 127 бұйрығымен
бекітілген

      Нысан

Мемлекеттік бақылау субъектісіне берілетін Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқау

      20___ жылғы "___" __________№________
________________________________________________________________________________
(жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
________________________________________________________________________________
ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) Қазақстан
Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 145-1-бабына сәйкес Сізге,
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдік қатысушылары жоқ мемлекеттік емес заңды
тұлғалары үшін – атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
_______________________________________________________________________________,
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке
сәйкестендіру нөмірі) мемлекеттік бақылау субъектісіне (бұдан әрі – бақылау субъектісі)
берілетін Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою
туралы осы нұсқауды (бұдан әрі – нұсқау) жолдайды. Бақылау субъектісінің мекенжайы:
_______________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан,
________________________________________________________________________________
қаладағы аудан, кент, ауыл, көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл, үйдің
(ғимараттың), кеңсенің нөмірі) Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай
профилактикалық бақылау нәтижесінде келесідей бұзушылықтар анықталды:
__________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
________________________________________________________________________________
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаудың немесе
________________________________________________________________________________
ұтымсыз пайдалану фактілері бойынша бұзушылықтар сипаты көрсетіледі) Анықталған
бұзушылықтарды жою тәртібі_________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Нұсқауды орындау мерзімі оны алған күннен бастап бір жыл болып белгіленеді.
Кодекстің 145-1-бабы 10-тармағына сәйкес бақылау субъектісі нұсқауды орындау мерзімі
өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге анықталған бұзушылықты жою
арқылы оның орындалғаны туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Кодекстің 145-1-бабы 12-тармағына сәйкес нұсқауды белгіленген мерзімде, оның ішінде
бақылау субъектісінің оның орындалғаны туралы ақпаратты жібермеуі түрінде орындамауы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен бақылау
субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз
болып табылады.
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі мемлекеттік инспектор:
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Нұсқауды алдым
______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның, заңды тұлғаның басшысының немесе оның уәкілетті тұлғасының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса), қолы, күні) Нұсқау бақылау субъектісіне табысталды:
_________________________________________________
________________________________________________________________________________
(жердің пайдаланылуы мен қорғалуы жөніндегі мемлекеттік инспектордың тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса), қолы, күні) Нұсқау бақылау субъектісіне жолданды:
________________________________________________________________________________
_________________________________________________________
(жолдауды және алуды дәлелдейтін құжат)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады