Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру мерзімін және қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 965 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қыркүйекте № 29675 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны асыру мерзімі және қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 965 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру мерзімі және қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру мерзімі және қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асыру тәртібін айқындайды.

      2. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру, импортталатын тауарлардың көлемі бойынша көрсеткіштердің ашықтығын одан әрі іске асыру, мониторингтеу, салық төлеушілердің қаржылық және салықтық көрсеткіштерін жақсарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында іске асырылады.

      3. Осы Қағидалар:

      1) пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын;

      2) салық төлеушілердің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құқықтары мен міндеттерін;

      3) пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілердің іс-қимылдарының дәйектілігін қамтитын пилоттық жобаны іске асыру тәртібін;

      4) пилоттық жобаны іске асыру мерзімін айқындайды.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаға қатысу туралы Келісім – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пилоттық жобаға қатысушы мен Комитет арасында жасалған тараптардың құқықтары мен міндеттерін, іске асырудың мәні мен шарттарын, сондай-ақ пилоттық жоба шеңберіндегі өзара іс-қимыл тәртібін белгілейтін жазбаша келісім;

      2) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтар мен төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның жүргізуіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

      3) жобалау алдындағы жұмыс – салық төлеушінің осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттарға сәйкестігін айқындау мақсатында салық төлеушінің өтініші негізінде мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін іс-шара;

      4) тәуекелдерді басқару жүйесі – салық және кеден міндеттемелерінің орындалмау және (немесе) толық орындалмау ықтималдығын бағалау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;

      5) пилоттық жобаға қатысу үшін өтініш – салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаға қатысу үшін, оның ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жобалау алдындағы тексеру жүргізу үшін өтініш нысаны бойынша жасалатын жазбаша өтініші;

      6) тауарларға арналған декларация – тауарлар туралы мәліметтерді және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын кедендік құжат;

      7) электрондық шот-фактура – "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген құжат (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген).

      5. Пилоттық жобаны іске асыру екі кезеңде:

      1) жобалау алдындағы жұмыс;

      2) пилоттық жобаны енгізу кезінде жүзеге асырылады.

      6. Пилоттық жобаның қатысушылары бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер:

      Қытай Халық Республикасынан және Түрік Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне Қазақстан Республикасының аумағына өткізетін тауарлар импортын жүзеге асыратындар;

      Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын;

      1 (бір) ай үшін кемінде 10 (он) тауар партиясын (тауарларға арналған декларацияларды) жүзеге асыратындар;

      электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесін пайдаланатын;

      тиісті қызмет түрін жүзеге асыру үшін қызметкерлер штаты бар;

      қызметті жүзеге асыру кезінде тауарларды тасымалдау, қоймалау, сақтау және өткізу үшін меншік және (немесе) жалға алу құқығында қажетті активтері бар;

      қолма-қол есеп айырысумен өткізу кезінде бақылау-касса машиналарын пайдаланатын;

      Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасына сәйкес қаржы қаражатын аударуды жүзеге асыратын;

      автоматтандырылған бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды жүзеге асыратындар;

      бастапқы бухгалтерлік құжаттарды қамтитын (енгізу кезінде) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды жүргізуге арналған ақпараттық жүйелерге онлайн қолжетімділік беретін;

      интернет-банкингті пайдаланушылар;

      тауарлардың импорты кезінде тауарларға арналған декларацияда көрсетілгеннен төмен емес құны бойынша тауарларды өткізетін;

      жөнелтуші елдің тауарларына декларациялары бар елдер;

      осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаға қатысу туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасқан адамдар болып табылады.

      7. Пилоттық жобаға қатысушылар "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 452-бабына және Салық кодексінің 136-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тәуекелдерді басқарудың салық жүйесіне сәйкес Келісімге қол қойылған күннен бастап тәуекелдерді басқарудың кедендік жүйесіндегі тәуекелдің төмен деңгейі санатына жатқызылуға жатады.

      8. Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі – 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

2-бөлім. Пилоттық жобаға қатысушының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құқықтары мен міндеттері

      9. Салық төлеуші пилоттық жобаны іске асыру барысында:

      1) сұрау салулар жіберуге және түсініктемелер алуға;

      2) түсініктемелер беруге;

      3) үшінші тұлғаларға қатысты салықтық құпияны және құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін ақпаратты алуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

      10. Салық төлеуші пилоттық жобаны іске асыру барысында:

      1) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерде қаржы-шаруашылық қызмет бойынша барлық операциялардың уақтылы, толық және дұрыс көрсетілуін, бастапқы бухгалтерлік құжаттардың есебін жүргізуді қамтамасыз етуге;

      2) мемлекеттік кірістер органдарына:

      бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйеге;

      бастапқы бухгалтерлік құжаттарды қамтитын ақпараттық жүйеге (енгізу кезінде);

      бастапқы бухгалтерлік құжаттарға және салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге қатысты ақпаратқа, оның ішінде тарихи деректерге;

      банктік төлем құжаттарына қол жетімділікті беруге;

      3) пилоттық жобаны іске асыратын мемлекеттік кірістер органдарына пилоттық жобаға қатысушының аумағына және (немесе) үй-жайына қолжетімділікті қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға;

      4) пилоттық жоба шеңберінде есепке алу мен түгендеу жүргізу үшін тауарлар мен құжаттамаларды сақтау орындарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      5) пилоттық жобаны іске асыратын мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша аудит жүргізуге арналған шартты, аудиторлық есепті және (немесе) аудит бойынша аудиторлық қорытындыны олар болған жағдайда, сұрау салуда көрсетілген мерзімде ұсынуға;

      6) егер мұндай өзгерістер мен толықтырулар салық міндеттемелеріне әсер еткен жағдайда, пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде салықтық есепке алу саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға;

      7) сұратуда көрсетілген мерзімде пилоттық жобаның нысанына жататын мәселелер бойынша Комитеттің сұрау салулары бойынша жазбаша түсіндірмелер беруге;

      8) Келісімде және осы Қағидаларда көрсетілген пилоттық жобаны іске асыру шарттарына, пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде біліктілік талаптарына сәйкес келуге;

      9) пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

      11. Комитет пилоттық жобаны іске асыру барысында:

      1) алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қамтитын бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған пилоттық жобаға қатысушының ақпараттық жүйесіне (енгізген кезде), оның ішінде қағаз және электрондық жеткізгіштердегі есепке алу құжаттамасына, банктік төлем құжаттарына, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдеріне, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратқа қатысты мәселелер бойынша сұрату және оларға қол жеткізу пилоттық жобаның мәніне, оның ішінде есептің тарихи деректеріне;

      2) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған пилоттық жобаға қатысушының ақпараттық жүйесінде қаржы-шаруашылық қызмет бойынша барлық операциялардың уақтылы, толық және дұрыс көрсетілуі тұрғысынан онлайн режимде талдау жүргізуге және олар бойынша ұсынымдар беруге;

      3) сұрауда көрсетілген мерзімде пилоттық жобаның нысанына жататын мәселелер бойынша пилоттық жобаға қатысушыдан жазбаша түсіндірмелер сұратуға және алуға;

      4) орналасқан жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-қарауға, пилоттық жобаға қатысушының мүлкіне түгендеу жүргізуге, оның ішінде құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне тексеру жүргізуге;

      5) пилоттық жоба шеңберінде арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және пысықтау және консультациялар алу үшін Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарын тартуға;

      6) пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

      12. Комитет пилоттық жобаны іске асыру барысында:

      1) пилоттық жобаға қатысушыға салықтық және кедендік міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша, оның ішінде өз құзыреті шегінде жоспарланған мәмілелер бойынша түсіндірмелер беруге;

      2) пилоттық жобаға қатысушының жұмыс режимін сақтауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пилоттық жобаны іске асыру кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, олардың мазмұнын жария етпеуге;

      4) мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебін сақтауға;

      5) үшінші тұлғаларға қатысты салықтық құпияны және құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін ақпаратты беруге;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

3-бөлім. Жобалау алдындағы жұмысты іске асыру тәртібі

      13. Пилоттық жобаға қатысу үшін өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) салық төлеушілер Комитетке немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жібереді.

      Өтінішті Комитет тіркеген күн оның келіп түскен күні болып табылады.

      14. Комитет өтініш келіп түскен кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны салық төлеушінің тіркелген жері бойынша, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жібереді.

      15. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары Өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитет пен салық төлеушіні бір мезгілде 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобалау алдындағы тексеру жүргізу туралы шешім (бұдан әрі – Шешім) қабылдайды.

      16. Жобалау алдындағы тексеру барысында аумақтық мемлекеттік кірістер органдары:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттарға салық төлеушінің сәйкестігіне;

      2) салықтық және бухгалтерлік есептерде импорттық операциялардың көрсетілуінің дұрыстығына;

      3) тауарларды сақтау және жеткізу шарттарына сәйкестігіне;

      4) электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) ақпараттық жүйесі арқылы әкелінген тауарлардың өткізілуін қадағалауға;

      5) "Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын баға ақпаратын қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 414 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22669 болып тіркелген) (бұдан әрі – баға ақпараты) қалыптастырылған импортталатын тауарлар бағасының баға ақпаратына сәйкес келуіне мониторингтеуді жүзеге асырады.

      17. Жобалау алдындағы тексеру салық салу объектілеріне, оның ішінде тауарлық – материалдық құндылықтарды (бұдан әрі – ТМҚ) түгендеу арқылы қойма үй-жайларына тікелей бару арқылы жүргізіледі.

      Жобалау алдындағы тексеру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      18. Жобалау алдындағы тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобалау алдындағы тексеру актісінде көрсетіледі.

      19. Аумақтық мемлекеттік кірістер органы жобалау алдындағы тексеру актісін ол жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитетке жібереді.

      Комитет жобалау алдындағы тексеру актісін қарау нәтижелері бойынша:

      1) салық төлеушіге Келісім жасасу мүмкіндігі туралы жазбаша хабарлайды;

      2) негіздемелерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды жібереді.

      Келісім жасаудан бас тарту пилоттық жобаға қатысу үшін өтінішті қайтадан беруге кедергі келтірмейді.

4-бөлім. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі

      20. Комитет Келісім жасасу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде пилоттық жобаға қатысушыға пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қол қою үшін 2 (екі) данада Келісім жібереді.

      21. Пилоттық жобаға Қатысушы Келісімге қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны келу тәртібімен ұсынады немесе Комитетке хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жібереді.

      Комитет Келісімге қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде 1 (бір) данасын пилоттық жобаға қатысушыға қайтарады.

      22. Пилоттық жобаға Қатысушы өзінің ішкі бұйрығымен пилоттық жоба шеңберінде өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу үшін жауапты тұлғаны (тұлғаларды) және (немесе) құрылымдық бөлімшені айқындайды.

      23. Пилоттық жоба қашықтықтан да, пилоттық жобаға қатысушының орналасқан жеріне және (немесе) оның салық салу объектілері мен негізгі активтеріне бару арқылы да іске асырылады.

      24. Осы Қағидаларда көзделген сұрау салулар мен хаттарға жауаптарды пилоттық жобаның Қатысушысы электрондық пошта арқылы, қолма-қол не Келісімде көрсетілген мекенжайлар бойынша хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жібереді.

      25. Салықтық және кедендік міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша, оның ішінде жоспарланатын мәмілелер бойынша түсініктемелер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен ұсынылады.

      Түсіндіруді ұсыну туралы сұрау салуды пилоттық жобаның қатысушысы Комитетке жазбаша нысанда осындай сұрау салуда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып жібереді.

      Нақтылауды талап ететін және түсіндіруді дайындау үшін маңызы бар мәселелер бойынша түсіндіруді дайындау барысында Комитет пилоттық жобаға қатысушыдан ақпаратты және (немесе) құжаттарды сұратады.

      26. Пилоттық жобаны іске асыру мыналарды:

      1) қаржы-шаруашылық операциялары бойынша бухгалтерлік және (немесе) салықтық есептерде толық және дұрыс мәліметтерді көрсету, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жоюды;

      2) сканерленген және электрондық құжаттарды қоса алғанда, деректерді ақпараттық жүйелерге уақтылы енгізуді;

      3) тауарларды өткізу кезінде ЭШФ ресімдеуді;

      4) салық төлеушінің салық жүктемесі коэффициентінің көрсеткішін ұлғайтуды;

      5) тауарларды дұрыс декларациялауды;

      6) жөнелтуші елдің тауарларына декларациялардың болуын;

      7) Қытай Халық Республикасынан және Түрік Республикасынан тауар импорты кезінде баға ақпаратын сақтауды қамтамасыз етеді.

      27. Пилоттық жобаны іске асыру барысында пилоттық жобаға қатысушылардың салық міндеттемелерін орындауы бойынша барлық белгісіздіктер мен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      28. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделмеген елдерден тауарлар импортын жүзеге асырған жағдайда мұндай тауарлар бойынша кедендік және салықтық бақылау жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      29. Бұдан бұрын бұзылған Келісім болған жағдайда, онда салық төлеуші пилоттық жобаға қатысуға қайта Өтінішті Келісім бұзылған күннен бастап кемінде 1 (бір) жылдан кейін береді.

  Қазақстан Республикасының
аумағына импортталатын
тауарларға қосылған құн
салығын әкімшілендіру
бойынша пилоттық жобаны іске
асыру мерзімдеріне және
қағидаларына
1-қосымша
нысан

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаға қатысу туралы келісім

Нұр-Сұлтан қаласы

20__ жылғы "__" ________

      Бұдан әрі "Комитет" деп аталатын "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті" Республикалық мемлекеттік мекемесі

      ____________________________________________________________________,

      ____________________________________________________________________,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      қолданыстағы негізінде _______________________________________________

      ____________________________________________________________________,

      (құжаттың атауы)

      бір жағынан, және ___________________________________________________,

      (салық төлеушінің атауы)

      бұдан әрі "Қатысушы" деп аталатын ____________________________________

      ____________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      қолданыстағы негізінде _______________________________________________

      ____________________________________________________________________,

      (құжаттың атауы)

      екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағының және 73-бабының ережелерін назарға ала отырып, төмендегі туралы Қазақстан Республикасының аумағында импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаға қатысу туралы осы Келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты:

1-бөлім. Келісімнің мәні

      1. Тараптар Комитетке Қатысушыға қатысты қосымша құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны (бұдан әрі – пилоттық жоба) жүргізу туралы уағдаласады.

      2. Пилоттық жоба бизнес-процестерді, ақпараттық жүйелерді диагностикалау, Қатысушының пилоттық жоба шарттарын сақтауын тексеру арқылы іске асырылады.

      3. Тараптардың әрқайсысы ынтымақтасу мақсаттары үшін байланысатын адамды айқындайды.

2-бөлім. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Салық төлеуші пилоттық жобаны іске асыру барысында:

      1) сұрау салулар жіберуге және түсініктемелер алуға;

      2) түсініктемелер беруге;

      3) үшінші тұлғаларға қатысты салықтық құпияны және құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін ақпаратты алуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

      5. Салық төлеуші пилоттық жоба іске асыру барысында:

      1) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерде қаржы-шаруашылық қызмет бойынша барлық операциялардың уақтылы, толық және дұрыс көрсетілуін, бастапқы бухгалтерлік құжаттардың есебін жүргізуді қамтамасыз етуге;

      2) пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарына мыналарға:

      бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйеге;

      бастапқы бухгалтерлік құжаттарды қамтитын ақпараттық жүйеге (енгізу кезінде);

      бастапқы бухгалтерлік құжаттарға және салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге қатысты ақпаратқа, оның ішінде тарихи деректерге;

      банктік төлем құжаттарына қолжетімділікті беруге;

      3) пилоттық жобаны іске асыратын мемлекеттік кірістер органдарына және пилоттық жоба кезеңінде пилоттық жобаға қатысушының аумағына және (немесе) үй-жайына қолжетімділікті қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға;

      4) есепке алу мен түгендеу жүргізу үшін тауарлар мен құжаттамаларды сақтау орындарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

      5) пилоттық жобаны іске асыратын мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша аудит жүргізуге арналған шартты, аудиторлық есепті және (немесе) аудит бойынша аудиторлық қорытындыны олар болған жағдайда, сұрау салуда көрсетілген мерзімде ұсынуға;

      6) егер мұндай өзгерістер мен толықтырулар салық міндеттемелеріне әсер еткен жағдайда, пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде салықтық есепке алу саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға;

      7) сұратуда көрсетілген мерзімде пилоттық жобаның нысанасына жататын мәселелер бойынша Комитеттің сұрау салулары бойынша жазбаша түсіндірмелер беруге;

      8) пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде осы Қағидаларда көрсетілген пилоттық жобаны іске асыру шарттарына сәйкес келуге;

      9) пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

      6. Комитет пилоттық жобаны іске асыру барысында:

      1) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған пилоттық жобаға қатысушының ақпараттық жүйесіне, оның ішінде қағаз және электрондық жеткізгіштердегі есепке алу құжаттамасына, банктік төлем құжаттарына, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдеріне, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратқа қатысты мәселелер бойынша сұрату және оларға қол жеткізу пилоттық жобаның мәніне, оның ішінде есептің тарихи деректеріне;

      2) пилоттық жоба шеңберінде бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған пилоттық жобаға қатысушының ақпараттық жүйесінде қаржы-шаруашылық қызмет бойынша барлық операциялардың уақтылы, толық және дұрыс көрсетілуі тұрғысынан онлайн режимде талдау жүргізуге және олар бойынша ұсынымдар беруге;

      3) сұрауда көрсетілген мерзімде пилоттық жобаның нысанасына жататын мәселелер бойынша пилоттық жобаға қатысушыдан жазбаша түсіндірмелер сұратуға және алуға;

      4) орналасқан жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-қарауға, пилоттық жобаға қатысушының мүлкіне түгендеу жүргізуге, оның ішінде құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне тексеру жүргізуге;

      5) пилоттық жоба шеңберінде арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және пысықтау және консультациялар алу үшін Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарын тартуға;

      6) пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

      7. Комитет пилоттық жобаны іске асыру барысында:

      1) пилоттық жоба шеңберінде пилоттық жобаға Қатысушыға салықтық және кедендік міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша, оның ішінде өз құзыреті шегінде жоспарланған мәмілелер бойынша түсіндірмелер беруге;

      2) пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде пилоттық жобаға қатысушының жұмыс режимін сақтауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пилоттық жобаны іске асыру кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, олардың мазмұнын жария етпеуге;

      4) мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебін сақтауға;

      5) үшінші тұлғаларға қатысты салықтық құпияны және құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді қоспағанда, пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде Комитеттің құзыретіне кіретін ақпаратты беруге;

      6) пилоттық жоба шеңберінде көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

3-бөлім. Пилоттық жобаны іске асыру шарттары

      8. Пилоттық жобаны іске асыру барысында Комитеттің жауапты лауазымды адамы пилоттық жобаға қатысушының қызметін мынадай:

      1) салық төлеушінің ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуіне;

      2) электрондық шот-фактураларды жазып беруді қамтамасыз етуге;

      3) Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы қаражатын аударуға;

      4) бақылау-кассалық машинасын қолдануды және деректердің көрсетілуінің анықтығына;

      5) тауар-материалдық құндылықтардың (ТМҚ) қалдықтарын есепке алуға және шешіп алуға;

      6) кедендік рәсімге орналастырылған шарттардың, тауарды жеткізу шарттарының, кедендік декларациялау ерекшеліктерінің дұрыс қолданылуына;

      7) тауарға ілеспе жүкқұжаттардың тауарларға арналған декларацияда (келісімшарттарда, инвойстарда, көлік жүкқұжаттарында, лицензияларда, сертификаттарда, жөнелтуші елдің тауарларына декларацияларда) мәлімделген мәліметтерге сәйкес келуіне;

      8) тауарларға арналған декларацияда мәлімделген кедендік құнның Комитеттің баға ақпаратына сәйкестігіне;

      9) кедендік бақылаудың техникалық құралдарында (инспекциялық-тексеріп қарау кешені, электрондық-өткізу пункті, тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі) тіркелген мәліметтердің ТД-да мәлімделген мәліметтерге, тауарға ілеспе жүкқұжаттарға сәйкес келуіне;

      10) Қытай Халық Республикасынан және Түрік Республикасынан тауарлар импортын жүзеге асыру шарттарына сәйкестігіне талдауды жүзеге асырады.

4-бөлім. Тараптардың жауапкершілігі

      9. Осы Келісімнен туындайтын кез келген даулар және (немесе) келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

5-бөлім. Құпиялылық

      10. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жария етпеуге міндеттенеді.

      11. Үшінші тұлғалардың тарапынан ақпараттық дерекқорларды ұрлау, тонау, қарақшылық, ұрлау, кибер-шабуыл жасау түріндегі құқыққа қарсы іс-әрекеттердің салдарынан алынған мәліметтерді байқаусызда тарату құпиялылық туралы талапты бұзу болып табылмайды.

6-бөлім. Қорытынды ережелер

      12. Осы Келісім қандай да бір жеңілдіктер мен преференциялар беруді көздемейді, ал Қатысушының салық және кеден міндеттемелерін орындауы Қазақстан Республикасының Салық және кеден заңнамасына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      13. Осы Келісім оған Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      14. Қатысушы Келісімнің шарттарын сақтамаған жағдайда Комитет пилоттық жобаға Қатысушыға келісімді бұзу себептерін көрсете отырып, бір жақты тәртіппен бұзу туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      Бұл ретте Келісім Қатысушының Келісімді бұзу туралы хатты алғаны туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап бұзылды деп есептеледі.

      15. Осы Келісім Тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ Қатысушы осы Келісімнің 3-тарауында көзделген пилоттық жобаның шарттарын сақтамаған жағдайда бұзылуы мүмкін.

      16. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      17. Осы Келісімге мемлекеттік және орыс тілдерінде 4 (төрт) түпнұсқа данада қол қойылды, Тараптардың әрқайсысы үшін 2 (екі) данадан және бірдей заңды күші бар.

  Қазақстан Республикасының
аумағына импортталатын
тауарларға қосылған құн
салығын әкімшілендіру
бойынша пилоттық жобаны іске
асыру мерзімдеріне және
қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаға қатысу үшін, оның ішінде жобалау алдындағы тексеруді жүргізу үшін өтініш

      ________________________________________________________________

      (салық төлеушінің толық атауы және салық төлеушінің бизнес- сәйкестендіру нөмірі (БСН))

      атынан ______________________________________________________________,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      мынадай негізде әрекет ететін __________________________________________

      (Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес салық төлеушінің мүдделерін білдіру үшін негіздеме) "Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру мерзімін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2022 жылғы "__" ____ № ___ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаға қатысу, оның ішінде жобалау алдындағы тексеру жүргізу туралы мәселені қарауды сұраймын

      ____________________________________________________________________

      (салық төлеушінің толық атауы және салық төлеушінің бизнес- сәйкестендіру нөмірі (БСН))

      Осы өтінішпен "Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру мерзімін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2022 жылғы "__" ____ № ___ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру мерзімдерінде және қағидаларында белгіленген шарттарға сәйкестікті растаймын, сондай-ақ қосымшаға сәйкес салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылатын құрылымдық бөлімшелер мен объектілердің тізбесін қоса беремін.

      Қосымша _____ парақта.

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      20___ жылғы "____" _______

Құрылымдық бөлімшенің және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын объектілердің атауы

Тіркеу орны және орналасқан жері

Нақты орналасқан жері

1




2




3




      Ескертпе: осы тізбеде салық төлеушінің филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің орналасқан мекенжайы көрсетілуге тиіс.

  Қазақстан Республикасының
аумағына импортталатын
тауарларға қосылған құн
салығын әкімшілендіру
бойынша пилоттық жобаны іске
асыру мерзімдеріне және
қағидаларына
3-қосымша
нысан

Жобалау алдындағы тексеру жүргізу туралы №____ шешім

      20__ жылғы "___" ________

      "Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн

      салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру мерзімін және

      қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

      орынбасары-Қаржы министрінің 2022 жылғы "__" ____ № ___ бұйрығымен бекітілген

      Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн

      салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру мерзімінің және

      қағидаларының 16-тармағына сәйкес жобалау алдындағы тексеру жүргізу туралы

      шешім қабылданды:

      1. _____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (салық төлеушінің атауы, басшының немесе тексерілетін субъектінің сенім білдірілген

      өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Жобалау алдындағы тексеру жүргізу мекенжайы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (объектінің орналасқан жерінің мекенжайы)

      4. Мемлекеттік кірістер органының шешімін шығару үшін негіз болып табылады:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Жобалау алдындағы тексеруді жүргізу мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      6. Жобалау алдындағы тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының

      құрылымдық бөлімшелерінің атауы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басшы _____________________________________________________________

      мемлекеттік кірістер органының атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны

  Қазақстан Республикасының
аумағына импортталатын
тауарларға қосылған құн
салығын әкімшілендіру
бойынша пилоттық жобаны іске
асыру мерзімдеріне және
қағидаларына
4-қосымша
нысан

Жобалау алдындағы тексеру актісінің №___

      Менің тарапымнан (біздің тарапымыздан), _______________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, мемлекеттік кірістер

      органының құрылымдық бөлімшесінің атауы) (заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің

      атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      мекенжайы бойынша орналасқан:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (орналасқан жеріні? мекенжайы)

      тексеру жүргізілді ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жобалау алдындағы тексеру жүргізу барысында мыналар анықталды:

      1. Салық төлеуші қызметінің негізгі түрлері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Салық төлеушінің және оқшауланған құрылымдық бөлімшенің ұйымдық

      құрылымының сипаттамасы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Салық төлеуші қызметінің бизнес-процестері мен технологиялық схемасына

      шолу (импортталатын тауарлардың негізгі номенклатурасы, негізгі жеткізушілер мен

      сатып алушылар, кірістер мен шығыстардың негізгі баптары және т. б.)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Салық төлеушінің "Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын

      тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске

      асыру мерзімін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2022 жылғы "__" ____ № ___

      бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын

      тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаны іске

      асыру мерзімінінде және қағидаларында белгіленген шарттарға сәйкестігі туралы

      ақпарат (әрбір тармақ бойынша жеке толтырылады)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Қорытынды:

      пилоттық жобаға қатысу үшін мынадай сәйкестіктер (сәйкессіздіктер) анықталды

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жобалау алдындағы тексеру актісіне қосымшалар:

      1. _____________________________________________________________

      2. _____________________________________________________________

      3. _____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      салық төлеушінің атауы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _______________________________ ___________________________________

      қолы

      ____________________________________________________________________

      Осы акті жасалды (ған):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      лауазымды тұлғаның мемлекеттік кірістер органының лауазымы тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      қолы

      20__ жылғы "____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады