ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты (бұдан әрі – сертификат) иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілмейді.
4. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі жылға беріледі.
Сертификаттың қолданылу саласы өзгерген кезде сертификат бұрын берілген (ағымдағы) сертификаттың қолданылу мерзіміне беріледі.
Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз болып саналады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық техника – әуе кемесі, әуе кемесінің қозғалтқышы, әуе кемесінің әуе винті немесе оларға компонент орнатуға арналған;
2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі басшылық – техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның басшысы бекіткен және техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның құрылымы және оның басшылығының міндеттері, орындалатын жұмыстар саласы, өндірістік база, техникалық қызмет көрсету рәсімдері және сапаны қамтамасыз ету немесе инспекциялық тексерулер жүйелері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтитын құжат;
3) жөндеу – авиациялық техниканың ұшу жарамдылығының тиісті нормаларына сәйкес бұзылғаннан немесе тозғаннан кейін оларды қалпына келтіру.
4) сапа жүйесі – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасына әкімшілік басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастырушылық құрылымның, құжаттамалық әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы;
5) техникалық қызмет көрсету – әуе кемесінің, қозғалтқыштың, әуе винтінің немесе тиісті бөлігінің ұшу жарамдылығын қолдау үшін қажетті авиациялық техникада бақылау қалпына келтіру жұмыстарын, тексерулерді, алмастыруларды қоса алғанда, жеке де, үйлесімде де орындалатын ақауларды жою жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ модификациялауды немесе жөндеуді іс жүзінде жүзеге асыру;
6) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі – қажетті ұйымдық құрылымды, жауапкершілік иерархиясын, басшылық қағидаттары мен рәсімдерді қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға жүйелі көзқарас.";
27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Сертификатқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:
1) ұйымның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны немесе заңды және нақты мекенжайы өзгерген жағдайда;
2) сертификаттың қолданылу саласын өзгерту.
28. Сертификатқа өзгерістер енгізу мерзімі:
1) ұйымның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны немесе заңды және нақты мекенжайы өзгерген жағдайларда – бес жұмыс күні;
2) сертификаттың қолданылу саласы өзгерген жағдайда – жиырма екі жұмыс күні.
29. Сертификаттың қолданылу саласы өзгерген кезде өтініш беруші Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды уәкілетті ұйымға жібереді.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Ұсынылған құжаттарды қарау процесінде уәкілетті ұйым осы ұйымды сертификаттауды жүзеге асырған шет мемлекеттің авиациялық әкімшілігі берген шетелдік ұйым сертификатының жарамдылығына куәландырылады, сондай-ақ шетелдік ұйымның уәкілетті ұйымының авиациялық инспекторы (-лері) сертификаттау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан көшпелі тексеру жүргізеді.
Шетелдік ұйымдарды көшпелі тексеру мынадай жағдайларда талап етілмейді:
1) қозғалтқыштарды, әуе кемелерінің қосалқы күш қондырғыларын модификациялау және жөндеу кезінде;
2) жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде;
3) Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігі (EASA) немесе EASA-ға қатысушы елдердің және Ұлыбританияның авиациялық билігі сертификаттаған ұйымдарда мерзімді техникалық қызмет көрсетуді орындау кезінде.";
3-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-портал |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру мерзімі – 22 (жиырма екі) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: Электронды (толық автоматтандырылған). |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 554-бабының 7-тармағының 5) тармақшасымен айқындалатын тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері штат санына байланысты мыналарды құрайды: әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету кезінде: штат саны кезінде: 10 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 346 айлық есептік көрсеткіш; 11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық көрсеткіш; 41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 382 айлық көрсеткіш; 71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 400 айлық көрсеткіш; 101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 419 айлық көрсеткіш; 151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық көрсеткіш; 201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 455 айлық көрсеткіш; әуе кемелеріне мерзімдік техникалық қызмет көрсету кезінде: штат саны кезінде: 10 адамға дейін - алым төленетін күні 418 айлық есептік көрсеткіш; 11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 436 айлық есептік көрсеткіш; 41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 454 айлық есептік көрсеткіш; 71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 472 айлық есептік көрсеткіш; 101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 491 айлық есептік көрсеткіш; 151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 509 айлық есептік көрсеткіш; 201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 527 айлық есептік көрсеткіш; жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, бөлшектелген компоненттерге техникалық қызмет көрсету кезінде - алым төленетін күні қолданыстағы 218 айлық есептік көрсеткіш; әуе кемелері мен олардың агрегаттарының және жиынтықтаушы бұйымдарының жай-күйін бұзбай бақылау әдісін қолдану кезінде - алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш; күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріне, авиақозғалтқыштары мен авиациялық техниканың жиынтықтаушы бұйымдарына бақылау-қалпына келтіру жұмыстары кезінде (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары): штат саны кезінде: 10 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 47 айлық есептік көрсеткіш; 11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 69 айлық есептік көрсеткіш; 41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 272 айлық есептік көрсеткіш; 71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 290 айлық есептік көрсеткіш; 101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 309 айлық есептік көрсеткіш; 151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 327 айлық есептік көрсеткіш; 201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 345 айлық есептік көрсеткіш; әуе кемесінің интерьерін жаңарту кезінде (қайта жабдықтау) - алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш; әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттары бойынша пысықтауды орындау кезінде - алым төленетін күні қолданыстағы 218 айлық есептік көрсеткіш; әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жиынтықтаушы бұйымдарды (агрегаттарды), оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатып күрделі жөндеу кезінде: штат саны кезінде: 10 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 528 айлық есептік көрсеткіш; 11 адамнан 40 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 546 айлық есептік көрсеткіш; 41 адамнан 70 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 564 айлық есептік көрсеткіш; 71 адамнан 100 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 582 айлық есептік көрсеткіш; 101 адамнан 150 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 601 айлық есептік көрсеткіш; 151 адамнан 200 адамға дейін - алым төленетін күні қолданыстағы 619 айлық есептік көрсеткіш; 201 адамнан астам - алым төленетін күні қолданыстағы 637 айлық есептік көрсеткіш. Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурста орналастырылған: |