"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 1001 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29947 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі:

      мынадай мазмұндағы 61-2-тармақпен толықтырылсын:

      "61-2. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты жоспарланған түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығындар көлемін өзгертусіз бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:

      республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферт қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында

      республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферт қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаны дамытудың бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі бюджеттік инвестициялық жобалар арасында;

      республикалық бюджет комиссиясында міндетті түрде қарала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер қаражаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферт қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік даму кіші бағдарламалары арасында жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады