"Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 60 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 413 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қазанда № 29965 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 60 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13157 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
Д. Қыдырәлі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады