"Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қазанда № 29972 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9176 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасы (бұдан әрі - сыныптамасы) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын (бұдан әрі - Автомобиль жолдары) күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын сыныпталатын жұмыс түрлері жол саласында қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес орындалады.";

      35-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жолдың қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша жолды жайластыру мен орналастыру:

      жолдардың немесе олардың жекелеген учаскелерін архитектуралық ресімдеу және орналастыру;

      аялдама, отырғызу алаңдары мен автопавильондарды, тұтқаларды, әртүрлі модификациядағы пандустарды, тігінен және көлбеу орын ауыстыра отырып, әртүрлі модификациядағы көтергіштерді лифтілерді, сатыларды халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдарға арналған баспалдақтарды орнату, ауыстыру және жөндеу;

      халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына және мүгедектігі бар адамдарға арналған бағдаршамды шақыру түймесін орнату, ауыстыру және жөндеу;

      демалу алаңын (күркемен, су көздерін, қарау шұңқырларын немесе жолдағы және басқаша орналастырылған автомобильді профилактикалық байқау үшін эстакадамен, дәретханамен, жол сервис павильонымен), аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңды, аялдау қапталдарын оларға өту-жылдамдық жолағын жабдықтаумен (соның ішінде әр түрлі деңгейлерде), сондай-ақ тұрғылықты пункттер шегінде өтетін қауіпсіздік аралында, тротуарда, жол учаскелеріндегі өту жолдарында орнату;

      күрделі жөндеу өтіп жатқан учаскелерде тосқауыл шарбағын, бағыттайтын жаңа құрылғы мен жол белгілерін орнату немесе ауыстыру;

      автомобиль жолдарының бір және әр түрлі деңгейдегі қолданып жүрген кесіп өту мен жанастыруды, сондай-ақ барлық жолдағы немесе оның учаскелеріндегі жекелеген өтпесін, съез бен миражды, линиялық жол қызметі ғимараттарына және жолдың қызмет көрсету кешеніне кіреберісте жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;

      қолданып жүрген жазғы трактор жолын, жөндеу кезеңіндегі уақытша айналма жол құрылысын жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау немесе табиғат апатынан қираған жол учаскелерін қалпына келтіру;

      желілік (телетайптық) жол құрылысының жекелеген жол учаскелерінде, көпірлерінде және өткізу паромдарында электрмен жарықтандыру немесе радиобайланыс пен технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау;

      жолдар жұмыстарын оның жекелеген элементтерін, құрылыстарын және оның үстінен өтетін көлік ағынын зерттеу үшін қажетті қар өлшейтін және су өлшейтін посттарының және басқа құрылымының қозғалысын есептеу жөніндегі пункттерді құру және жабдықтау;

      өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында жолақтарды кеңейтуді қоса алғанда, өткізу пунктін жабдықтау және орналастыру;

      қоршаған ортаны қорғау (қазандықта тозаң түту құрылғысын орнату, су көздерін ластанудан қорғау және басқа жұмыстар) бойынша іс-шараларды жүргізу;

      қажетті коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингі үшін өлшеу құралдарын, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;

      күзетуді қажет ететін стратегиялық маңызды объектілерде күзет және видео бақылау жүйесін орнату;

      жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенін, басқа да ақпараттық жүйесін тиісті жабдықты монтаждау және қажетті коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы автомобиль жолдарының ЗКЖ орнату;

      дәретханаларды (оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, ана мен балаға арналған бөлмелері, себезгі кабиналары бар), жол сервисі павильондарын орнату, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады