"Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 366/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қазанда № 30029 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесін және олардың нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18927 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында (http://stat.gov.kz) жарияланған "Халықты жұмыспен қамту және жалақы төлемі" статистикалық бюллетені бойынша соңғы жыл үшін жобаның іске асырылуының нақты орны үшін "Бағдарламалық қамтылым инженері" - Жоорт. кәсібі бойынша жалақы мөлшерін анықтаймыз. Әрі қарай соңғы үш жыл үшін инфляцияның орташа мөлшерін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның тарихи деректері бойынша өткен соңғы үш жыл мәнінің орташа арифметикалық мәні ретінде анықтаймыз - Иорт. Мына формула (9) бойынша АКТ саласындағы жобаның іске асырылуының орташа жыл санын анықтаймыз:

      Жылорт=[R/12] +1, (9)

      онда:

      Жылорт – АКТ саласындағы жобаның іске асырылуының орташа жыл саны;

      шаршы жақшалар санның тұтас бөлігін білдіреді;

      R – АКТ саласындағы жобаны іске асыру мерзімінің айлары (осы Әдістеменің 39-тармағы бойынша бұрын анықталған).

      Әрбір іске асыру жылы – і үшін орташа айлық номиналдық жалақыны- Жiорт формула бойынша (10) анықтаймыз:

      Жiорт=Жi-1орт * (1+И орт/100), (10)

      Жiорт – орташа айлық номиналдық жалақы;

      i – 1-ден Жылорт-ға дейін өзгереді;

      Иорт – инфляцияның орташа мөлшері.

      Әзірлеушінің нормативтік шығыс коэффициенттерінің мәндері (ПҮШ, ПКШ, ПР) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектісін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындар нормативтерінде келтірілген.

      (12) формуласы бойынша іске асыру жылдары бойынша ҚБҚ әзірлеудің еңбек сыйымдылығын анықтаймыз:

      Si = S/Жылорт, (12)

      мұнда i 1-ден Жылорт-ға дейін өзгереді.

      СҚБҚ ақпараттандыру объектісінің ҚБҚ әзірлеу жұмыстарының құны мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      онда:

      Ссынау – бағдарламалық қамтылымның сынау құны.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады