Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 1050 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 қарашада № 30572 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 671 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24607 болып тіркелеген).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 1050 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (полигондық және тренажерлық жабдығын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) полигондық және тренажерлық жабдығын пайдалануды ұйымдастыруды нақтылайды.

      2. Полигондық және тренажерлық жабдықты пайдалануды ұйымдастыру:

      1) қабылдауды және пайдалануға беруді;

      2) пайдаланылуын қамтамасыз етуді;

      3) беруді;

      4) тасымалдауды;

      5) сақтауды және есепке алуды;

      6) техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді;

      7) санаттауды қамтиды.

      3. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағымдағы жөндеу – әскери мүліктің (жабдықтың) жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу және белгіленген номенклатураның жекелеген құрастыру бірліктерінің шектеулі санын ауыстырудан немесе қалпына келтіруден тұрады. Ағымдағы жөндеу кезінде жекелеген тозған немесе зақымданған құрамдас бөліктер, бөлшектер, тораптар, агрегаттар, оның ішінде кемінде бір негізгі агрегат ауыстырылуы мүмкін, сондай-ақ бекіту, реттеу, дәнекерлеу және басқа да жөндеу жұмыстары орындалады;

      2) атқарым – әскери мүлік жұмысының немесе оны пайдалану ұзақтығы немесе әскери мүлік жұмысының ауқымы;

      3) әскери мүлік санаты – әскери мүлікті дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери мүлікті жөндеу талап етілетін, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, қорларда кепілді сақтау мерзімі өткен деп тану мақсатында әскери мүліктің техникалық және сапалық жай-күйін айқындау үшін арналған әскери мүліктің шартты есептік сипаттамасы;

      4) бақылап тексеру – жабдықтың пайдалануға дайындығы жай-күйін тексеру, жабдықты пайдалану барысында туындаған ақаулық себептерін анықтау және жою, жабдықты одан әрі пайдалануға дайындау мақсатында жүзеге асырылатын тексеру;

      5) динамикалық платформа – жергілікті жер бедеріне сәйкес қозғалыс кезінде, зеңбіректен оқ ату кезінде техниканың тербелісін жаңғыртуды, сондай-ақ техниканы орнынан қозғаған, үдеткен, тежеген, бұрған кездегі акселерациялық тиімділігін қамтамасыз ететін платформа;

      6) жабдықталым қызметі – өзіне жүктелген функцияларға сәйкес ҚР ҚК-ның әскери мүлкімен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ҚР ҚК-ның құрылымдық бөлімшесі немесе мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме);

      7) жөндеу – бұйымның ақаусыздығын немесе қолданыс қабілетін қалпына келтіру және бұйым ресурсын немесе олардың құрамдас бөліктерін қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;

      8) жабдықты күрделі жөндеу – бұйым ресурсының базалықты қоса алғанда, оның кез келген бөлшегін ауыстыра немесе қалпына келтіре отырып, ақаусыздығын қалпына келтіру үшін немесе толық не толыққа жақын қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу;

      9) кепілді мерзім – осы Нұсқаулық сақталған жағдайда өнім беруші немесе жөндеу жұмыстарын орындаушы полигондық (тренажерлық) жабдық техникалық-пайдалану сипаттамалары мәндерінің белгіленген талаптар деңгейінде сақталуына кепілдік беретін пайдалану кезеңі;

      10) қосалқы құрал-саймандар мен керек-жарақтар жиынтығы (бұдан әрі – ҚҚК жиынтығы) – бұйымға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қажетті және мақсаты мен пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жиынтықталған қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, керек-жарақтар (бақылау аспаптары, айла-бұйымдар, тыстар) мен материалдар;

      11) қолданылу мерзімі (техникалық ресурс) – олар кезінде әскери мүліктің жай-күйі жойылмайтын қауіпсіздік талаптарын бұзудан немесе ақаусыздығы және қолданыс қабілеті деңгейі жол берілгеннен төмен болуына байланысты оны пайдалану тоқтатылатын әскери мүліктің пайдалану, сондай-ақ осы Нұсқаулықта көзделген ақаусыздықты, қолданыс қабілетін қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені кезеңдерінен өтуі;

      12) маусымдық техникалық қызмет көрсету – жабдықты (бұйымды, тораптарды, агрегаттарды) қысқы және жазғы пайдалану маусымында пайдалануға дайындау мақсатында жүргізілетін қызмет көрсету;

      13) нормативтік-техникалық құжаттама – полигондық және тренажерлық жабдық, құрамдас бөліктер, бұйымдар мен агрегаттар жиынтығына техникалық шарттар, жасаушы кәсіпорынның, жөндеу кәсіпорнының пайдалану және жөндеу құжаттамасы;

      14) полигондық жабдық – жергілікті жер учаскесінде барлық қару-жарақ түрінен оқ атуды жүргізу кезінде жеке құрамды оқытып-үйрету үшін арналған пайда болатын және қозғалатын нысаналармен, жарық және пиротехникалық құралдар имитациясымен қажетті нысаналық жағдай жасайтын техникалық құралдар кешені, сондай-ақ жекелеген қондырғылар (аспаптар, агрегаттар, механизмдер), командалық пункттерден (учаскелік басқару пункттерінен) электр тұтынушыларға дейін тартылған нысаналық даланың қуат беру және бақылау кабельдері желісі;

      15) полигондық және тренажерлық жабдықты пайдалану – бұйымды қабылдау, мақсаты бойынша пайдалану, есепке алу, сақтау, жеткізу, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және сапасын (қолданыс қабілеті жай-күйін) қалпына келтіру кезеңдері жиынтығын қамтитын бұйымды әскери бөлім және мекеме жасаушы зауыттан (базадан, қоймадан, жөндеу кәсіпорнынан) қабылдаған сәттен бастап есептен шығарғанға (кәдеге жаратқанға) дейінгі қолданылу циклінің сатысы;

      16) полигондық және тренажерлық жабдықты пайдалануға беру – белгіленген талаптарға сәйкес жасағаннан, орнатқаннан немесе жөндегеннен кейін келіп түскен бұйымды дайындау, іске қосу-теңшеу жұмыстары, әскери бөлімнің және мекеменің бақылауы мен қабылдауы және осы бұйымды бөлімшеге, лауазымды адамға немесе лауазымды адамдарға бекітіп беру жиынтығы;

      17) регламенттік техникалық қызмет көрсету – нормативтік-техникалық немесе пайдалану құжаттамасында көзделген және техникалық қызмет көрсету басталған сәттегі бұйымның техникалық жай-күйіне қарамастан, онда белгіленген кезеңділікпен және ауқымда орындалатын техникалық қызмет көрсету;

      18) роталық тактикалық жиынтық (бұдан әрі – РТЖ) – жабдықталмаған жергілікті жерде қашықтықтан басқарылатын нысаналық жағдай жасау және атыс қаруынан оқ атуды жарық және пиротехникалық құралдармен, сондай-ақ жалпы әскери және барлау бөлімшелерінің жауынгерлік оқ атумен роталық тактикалық оқу-жаттығулар өткізу кезінде қарсыластың артиллериялық және минаатқыштан оқ атуын имитациялау үшін арналған полигондық жабдық жиынтығы;

      19) тренажерлық жабдық – нақты объектіні және болжамды бағдарламалық қамтамасыз етумен басқару органдарының жұмысын имитациялайтын, әртүрлі ауа райы және ландшафт жағдайларын, сондай-ақ қарулану кезінде және әскери техникада жеке құрамның үйлесімділігіне оқытып-үйрету, жаттықтыру және пысықтау үшін арналған жаттығуларды орындау сценарийін модельдейтін техникалық құралдар кешені;

      20) техникалық қызмет көрсету – мақсаты бойынша пайдалану, сақтау және жеткізу кезінде жабдықтың тұрақты қолданыс қабілетінде немесе ақаусыз жай-күйде күтіп ұстау мақсатындағы жұмыстар кешені;

      21) тасымалданатын атыс жабдығы жиынтығы (бұдан әрі – ТАЖ) – атыс қаруынан қозғалатын нысаналарсыз оқу-жаттығу немесе бақылау оқ ату жаттығуларын орындау бойынша әскери атыс орнының бір учаскесін нысаналық жабдықпен қамтамасыз ету үшін арналған полигондық жабдық жиынтығы;

      22) формуляр – жасаушының кепілдігін, бұйымның негізгі параметрлері мен сипаттамаларының (қасиеттерінің) мәнін қанағаттандыратын мәліметтерден тұратын, осы бұйымның техникалық жай-күйін, бұйымды сертификаттау және кәдеге жарату туралы мәліметтерді, сондай-ақ оны пайдалану кезеңінде енгізілетін мәліметтерді (жұмыс, техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұзақтығы мен шарттары) көрсететін құжат.

      4. Әскери бөлімдер мен мекемелерді полигондық және тренажерлық жабдықпен (бұдан әрі – жабдық) қамтамасыз ету "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлығын қамтамасыз ету үшін әскери мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 343 қбпү бұйрығына (бұдан әрі – Нормалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11826 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Жабдықты қабылдау және пайдалануға беру

      5. Өнім берушіден (өндірушіден) полигондық және тренажерлық жабдықты және/немесе жекелеген жиынтықтауыштарды (бұдан әрі – бұйымдар) қабылдау жасалған шарттар негізінде жүргізіледі, әскери бөлімдер мен мекемелердің қоймаларынан қабылдау "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 399 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15598 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ҚР ҚК жабдықталым органының нарядтары негізінде жүргізіледі және олардың техникалық ақаусыздығын тіркейтін пайдалануға берумен аяқталады.

      6. Жабдықты және бұйымды қабылдауды әскери бөлім командирі және мекеме бастығы тағайындайтын комиссия жүргізеді, ол келіп түскен жабдық пен бұйымның санын, жиынтықтығын және сапалық жай-күйін тексереді. Жабдықты және бұйымды қабылдау аяқталғаннан кейін комиссия қабылдау актісін жасайды, ол есепке алу тізілімдерінде көрсету үшін негіз болады.

      Мүліктің жиынтықтығы мен саны сәйкес келмеген кезде комиссия анықталған кемшіліктер бойынша акт жасайды және мүлікті олар толық жойылғанға дейін жауапты сақтауға қабылдайды.

      Жабдықтар мен бұйымдарды қабылдау актісі "Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының № НҚ-1 нысаны бойынша (бұдан әрі – Нысандар альбомы) бойынша ресімделеді.

      7. Комиссия құрамы осы жабдық және бұйымның тактиқалық-техникалық сипаттамасын білетін әскери бөлім мен мекеменің лауазымды адамдары мен мамандары қатарынан, кем дегенде бес адам құрамында тағайындалады.

      Комиссияны әскери бөлім командирінің орынбасарлары немесе мекеме бастығының орынбасарлары қатарынан тағайындалатын төраға басқарады.

      8. Әскери бөлімге және мекемеге келіп түскен жабдық және бұйым комиссия қабылдау актісіне қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әскери бөлім командирінің және мекеме бастығының бұйрығымен пайдалануға беріледі. Бұйрықта жабдық және бұйым түрі, қай бөлімшеде есепке алынатыны, осы жабдық (бұйым) бекітіліп берілген адамның атқаратын лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі. Жабдықты және бұйымды пайдалануға беру туралы бұйрық нөмірі мен күні, ол бекітіліп берілген адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) жабдық және бұйым формулярына (паспортына) енгізіледі.

      Жабдықты және бұйымды пайдалануға берілгенге дейін пайдалануға жол берілмейді.

3-тарау. Жабдықты пайдалануды қамтамасыз ету

      9. Жабдықты және бұйымды пайдалануға оның құрылымын зерделеген және электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын, электр қауіпсіздігі техникасын білуі бойынша сынақтар тапсырған және жабдыққа және бұйымға қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беруден өткен адамдар жіберіледі. Жабдықты және бұйымды пайдалануға жіберу үшін сынақтар қабылдау жылына екі рет жаңа оқу кезеңі басталар алдында жүзеге асырылады.

      10. Әскери бөлімге және мекемеге келіп түскен жабдық және бұйым тек тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады. Жабдықты және бұйымды бөлшектеуге немесе жиынтықтығын өзгертуге, оның ішінде әскери бөлімде және мекемеде тұрған жабдықты және бұйымды Нормалардан тыс пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жабдық және бұйым ақаусыз жай-күйге келтіріледі және сақтауға қойылады.

4-тарау. Жабдықты беру

      11. Әскери бөлім және мекеме ішінде жабдықты және бұйымды беру әскери бөлім командирінің және мекеме бастығының өкімі негізінде, бір әскери бөлімнен және мекемеден басқа әскери бөлімге және мекемеге Қағидаларға сәйкес ҚР ҚК жабдықталым органының нарядтары бойынша жүзеге асырылады.

      12. Одан әрі пайдалану үшін берілуге тиіс жабдықты және бұйымды беретін әскери бөлім және мекеме оны ақаусыз жай-күйге келтіреді және құрал-саймандармен, ҚҚК жиынтығымен, сондай-ақ пайдалану құжаттамасымен толық жиынтықталады. Формуляр (паспорт) жабдық және бұйым қолданысының соңғы күніне дейін толтырылады.

      13. Жабдықтар мен бұйымдарды беру Нысандар альбомының № НҚ -1 нысаны бойынша екі данада қабылдау-тапсыру құжаттарымен ресімделеді.

      14. Жабдықты және бұйымды беру қабылдау-тапсыру құжаттарымен екі данада "Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының № НҚ-1 нысаны бойынша негізгі құралдарды, аяқталмаған өндіріс пен инвестициялық жылжымайтын мүлікті қабылдау-тапсыру (өткізу) актісі ресімделеді.

      Сақтауға жататын жабдық және бұйым қойма бастығына (қоймашыға) жүкқұжат бойынша беріледі.

      15. Жабдыққа пайдалану құжаттары: техникалық сипаттаманы және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, формулярды (паспортты), қосалқы бөлшектер ведомосын, ҚҚК жиынтығы ведомосын, пайдалану құжаттары ведомосын қамтиды.

      Формуляр (паспорт) жоғалған (бүлінген) кезде жабдықталым органымен келісу бойынша оның телнұсқасы жазылады.

5-тарау. Жабдықты тасымалдау

      16. Жабдық және бұйым жабық теміржол вагондарында тасымалданады, тікелей атмосфералық жауын-шашыннан қорғау болған кезде автомобиль көлігімен, сондай-ақ ұшақтардың және корабльдердің герметикалық бөліктерінде қорғаныс қаптамада (кейстерде, жәшіктерде) жеткізіледі.

      17. Көлік құралында жабдықты және бұйымды олардан шыққан бу жабдық және бұйым бөлшектері, ажыратқыштары, агрегаттары коррозиясын тудыратын қышқыл, сілті және басқа да химиялық белсенді заттармен бірге тасымалдауға, сондай-ақ жабдықты және бұйымды тиеу және түсіру кезінде аударуға жол берілмейді.

6-тарау. Жабдықты сақтау және есепке алу

1-параграф. Жабдықты сақтау

      18. Полигондық жабдықты және бұйымды орналастыру орындары және полигондық жабдыққа және бұйымға әсер ететін климаттық және биологиялық факторлар жиынтығы оларды сақтау шарттары деп түсініледі.

      19. Полигонда полигондық жабдықты және бұйымды сақтау үшін атмосфералық жауын-шашыннан қорғалған бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары жабдықталады.

      20. Полигондық жабдықты және бұйымды сақтауға арналған қойма үй-жайлары табиғи немесе жасанды желдеткішпен жарақтандырылады. Терезелерге қорғаныс үшін темір торлар немесе шілтер орнатылады. Үй-жайлар электр жарықпен жарақтандырылады, ал электржелісі болмаған кезде аккумуляторлық шамдар пайдаланылады.

      Үй-жайларда ашық жалынды жарық беру аспаптарын пайдалануға, сондай-ақ полигондық жабдық және бұйым коррозиясын тудыруы мүмкін сілті немесе басқа да химиялық белсенді заттарды бірге сақтауға жол берілмейді.

      21. Қойма үй-жайлары ішінде нысана қондырғыларын, аккумулятор батареяларын және жиынтықтаушы жабдықты сақтау үшін стеллаждар, сондай-ақ жабдыққа және бұйымға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жай (орын) және радио-басқарылатын полигондық жабдықтың аккумулятор батареяларын зарядтауға арналған орын орнатылады.

      Полигондық жабдықты сақтауға арналған қоймалардағы стеллаждар саны нысаналық қондырғылар мен аккумулятор батареяларының кемінде 80 %-ін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін есеппен белгіленеді.

      22. Ақаулы жабдық және бұйым жеке сақталады және тізімдемеде белгіленеді, онда қондырғы және бұйым, жиынтық атауы, мүкәммалдық нөмірі мен ақаулық сипаты көрсетіледі.

      23. Аккумулятор батареяларын қоймаларда ұзақ сақтау кезінде аккумулятор блоктарын зарядтау алты айда бір реттен жиі емес жүргізіледі, ол туралы осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға жазба жасалады.

      24. Полигонның әртүрлі оқу-жаттығу объектілерінен бірнеше полигондық жабдық пен бұйымдар жиынтығын, сондай-ақ бір үй-жайда (қоймада) сабақтарды қамтамасыз етуге тартылмаған нысаналық қондырғыларды сақтауға жол беріледі.

      Қызмет көрсетілмеген полигондық жабдықты және бұйымды қоймада сақтауға жол берілмейді.

      25. Полигонның оқу-жаттығу объектілерінде бос үй-жайлар болған кезде оларды осы объектінің полигондық жабдықты және бұйымды сақтауға арналған қойма үй-жайлары етіп жабдықтауға жол беріледі.

2-параграф. Жабдықты есепке алу

      26. Есепке алу әскери бөлімдерде, мекемелерде және әскери басқару органдарында жабдықтың және бұйымның болуын, қозғалысын және сапалы (техникалық) жай-күйін көрсетеді.

      27. Есепке алу мынадай мақсатта жүргізіледі:

      1) тиісті лауазымды адамдар мен әскери басқару органдарын әскерлерді қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру үшін қажетті жабдықтың және бұйымның болуы, қозғалысы және сапалық (техникалық) жай-күйі туралы анық деректермен уақтылы қамтамасыз ету;

      2) жабдықтың және бұйымдардың сақталуын, сондай-ақ оларды пайдалану заңдылығын, мақсатқа сәйкестігін және тиімділігін бақылау;

      3) есептік құжаттарды, белгіленген жеткізілімдерді жасау үшін бастапқы деректерді дайындау.

      28. Есепке алу осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санаттық әскери мүліктің қолда барын және қозғалысын есепке алу кітабында жабдықтың және бұйымның қозғалысымен және сапалық жай-күйінің өзгеруімен байланысты барлық операциялар бойынша жазбаларды дұрыс ресімдеуден және уақтылы жазудан тұрады.

      29. Жабдықты және бұйымды есепке алу полигондарда, әскери бөлімдер мен мекемелердің, сондай-ақ ҚР ҚК түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың басқару органдарында және ҚР ҚК жабдықталым қызметінде жүргізіледі.

      30. Пайдаланылмайтын жабдықтар мен бұйымдарды есепке алуды, нақты бар-жоғын, сақтау шарттарын тексеру және анықтау үшін бөлім командирінің және мекеме бастығының бұйрығымен тағайындалған ішкі тексеру комиссиясы жылына бір рет бірінші қаңтардағы жағдай бойынша толық көлемде түгендеу жүргізеді.

      31. Түгендеу жүргізуді ұйымдастыру тәртібі "Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7197 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады. Түгендеу аяқталғаннан кейін түгендеу тізімдемесінің (салыстыру ведомосының) көшірмесі ҚР ҚК жабдықталым қызметіне жіберіледі (жөнелтіледі).

      32. ҚР ҚК түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың жабдығы мен бұйымдарының есепке алу деректерін ҚР ҚК жабдықталым қызметімен салыстырып тексеру жылына бір рет жүргізіледі.

7-тарау. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету

      33. Техникалық қызмет көрсету жабдықты тұрақты ақаусыздықта ұстау мақсатында жүргізіледі және:

      1) жабдықты тұрақты техникалық әзірлікте ұстауды;

      2) жабдықты аралық жөндеу кезеңін және оны жалпы қолдану мерзімін барынша ұлғайтуды;

      3) тораптардың, бөлшектер мен агрегаттардың тозуы мен ақаулықтарының себептерін уақтылы анықтауды және жоюды;

      4) материалдар мен жиынтықтаушы бұйымдардың ең аз және мақсатқа сәйкес шығысын қамтамасыз етеді.

      34. Кепілді қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін барлық техникалық қызмет көрсету түрлерін жүргізу кезінде пломбаларды алуға (бүтіндігін бұзуға) жол берілмейді.

      35. Полигондық жабдыққа техникалық қызмет көрсету полигон бастығы немесе оның орынбасары әзірлейтін ай сайынғы жоспар негізінде жүргізіледі және оны әрбір айдың 25-і күніне қарай әскери бөлім командирі және мекеме бастығы бекітеді. Дайындық кезеңдерінде полигондық жабдыққа қызмет көрсету жоспарының орнына полигондық жабдықты қысқы (жазғы) пайдалану режиміне ауыстыру жоспары жасалады.

      Ай сайынғы жоспарда қызмет көрсетілетін жабдық, жұмыс түрлері және оларды орындау мерзімдері, жұмысқа тартылатын жеке құрам саны, сондай-ақ қызмет көрсетуді жүргізуге жауапты адам және орындалған жұмыстар туралы белгі көрсетіледі.

1-параграф. Жабдыққа техникалық қызмет көрсету түрлері

      36. Полигондық жабдық үшін мынадай қарап-тексеру және техникалық қызмет көрсету түрлері белгіленген:

      1) бақылап-тексеру (бұдан әрі – БТ);

      2) күнделікті техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – КТҚК);

      3) № 1 техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – № 1 ТҚК);

      4) маусымдық қызмет көрсету (бұдан әрі – МҚК);

      5) ұзақ сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – № 1-С ТҚК).

      Жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезінде қажетті жұмыстарды жүргізу мерзімділігі мен көлемі осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада келтірілген.

      Тренажерлық жабдық үшін тек әрбір тренажердың техникалық құжаттамасында көзделген қосымша жүргізілетін жұмыстарға БТ белгіленген.

      37. БТ-ны және КТҚК-ны оқу-жаттығу объектінің (тренажер кешенінің) оператор жабдықтың пайдалануға әзірлігі жай-күйін тексеру, жабдықты пайдалану барысында пайда болған ақаулық себептерін анықтау мен жою және жабдықты одан әрі пайдалануға дайындау мақсатында әрбір сабақ басталар алдында және аяқталғаннан кейін жүргізеді.

      38. № 1 ТҚК полигондық жабдықты ақаусыз (жұмысқа қабілетті) жай-күйде тұрақты ұстау, оның сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, жұмыста болжамды істен шығудың алдын алу және оның қолданылу мерзімін ұзарту мақсатында жүргізіледі. № 1 ТҚК аптасына бір рет, ұзақтығы 6-7 сағаттан арнайы бөлінген күндерде жүргізіледі.

      39. РТК, ІҚО тасымалданатын полигондық жабдық жиынтықтарына оқу-жаттығуларға (атыстарға) қатысқан жеке құрамды тартумен оқу-жаттығулар мен атыс аяқталғаннан кейін ТҚК-ның толық ауқымында қызмет көрсетіледі, одан кейін қоймаға тапсырылады.

      40. Полигондық жабдықты және № 1-С ТҚК-ны маусымдық пайдалануға дайындау жылына екі рет, қысқы немесе жазғы оқыту кезеңдері басталар алдында жүргізіледі.

2-параграф. Жабдықты жөндеу түрлері

      41. Полигондық жабдықтың қолданыс қабілетін қалпына келтіру және қолданыс мерзімін ұзарту жөніндегі іс-шаралар кешені:

      1) ағымдағы жөндеуді;

      2) күрделі жөндеуді қамтиды.

      42. Ағымдағы жөндеу полигондық жабдық пен бұйымды пайдалану процесінде кепілдік мерзімі (атқарым) аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

      43. Күрделі жөндеу жоспарлы болып табылады, күрделі жөндеу жүргізуге жататын жабдықтың тізбесі және оны жүргізу мерзімдері осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада белгіленген.

      44. Жабдыққа ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес ресімделген техникалық жай-күй актілері негіз болып табылады (бұдан әрі – ҚР ҮҚ ережесі).

      ҚР ҚК жабдықталым қызметі жабдықтың техникалық жай-күйі актілері қоса берілген өтінімдер негізінде мердігерлік ұйымдардың жабдықты жөндеу жөніндегі іс-шараларын жоспарлауды жүзеге асырады.

8-тарау. Жабдықты санаттау

      45. Жабдықты және бұйымды тікелей арналуы бойынша пайдалануға жарамсыз немесе ҚР ҚК-да қорда кепілді сақтау мерзімдері өткен деп тану үшін жабдық және бұйым пайдалану кезеңдерінен, сондай-ақ ақаусыздығын, қолданыс қабілетін және техникалық ресурсын қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешенінен өтеді.

      46. Жабдықтың және бұйымның санатын айқындауды әскери бөлім командирі немесе мекеме бастығы тағайындайтын комиссия жүргізеді, ол жабдықтың және бұйымның техникалық жай-күйін тексереді. Жабдықты және бұйымды тексеру нәтижелері ҚР ҮҚ ережесіне 2-қосымшаға сәйкес сапалық жай-күйін өзгерту актісімен ресімделеді.

      Комиссия құрамы осы жабдық және бұйымның тактиқалық-техникалық сипаттамасын білетін әскери бөлім мен мекеменің лауазымды адамдары мен мамандары қатарынан, кем дегенде үш адам құрамында тағайындалады.

      Комиссияны әскери бөлім командирінің орынбасарлары немесе мекеме бастығының орынбасарлары қатарынан тағайындалатын төраға басқарады.

      47. Әскери бөлім және мекеме комиссиясы өз жұмысында жабдықты және бұйымды жан-жақты техникалық қарап-тексеруден өткізеді, тозу дәрежесі мен себебін анықтайды, өлшеу және тексеру жүргізеді, оның санатын өзгерту үшін негіз болып табылатын ақауларды және мүліктің мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамдылығын белгілейді, санатталуға жататын мүліктің жай-күйі мен жиынтықтылығын растайды.

      Жабдық санатын айқындайтын өлшемшарттар тізбесі осы Нұсқаулыққа 5-қосымшада көрсетілген.

      48. Әскери бөлім және мекеме комиссиясы жабдықты және бұйымды қабылдағаннан кейін қабылданған мүлік әскери бөлім және мекеме есебіне қойылады және пайдалануға (қолдануға) енгізіледі немесе әскери бөлім командирінің және мекеме бастығының бұйрығымен сақтауға қойылады. Пайдалануға (қолдануға) енгізілгенге дейін мүлікті пайдалануға (қолдануға) жол берілмейді.

      49. Жасаушы зауыттың құжаттамасына сәйкес пайдалануға енгізгенге дейін жабдыққа техникалық қызмет көрсету және сынап тексеру жүзеге асырылады.

      50. Берілген мүліктің ілеспе құжаттарының техникалық құжаттамада белгіленген барлық параметрлері сәйкес келген кезде оған бірінші санат беріледі.

      51. Кепілді атқарым аяқталғаннан немесе әскери мүлікті сақтау мерзімі өткеннен кейін әскери бөлім және мекеме комиссиясы мүлікті бірінші санаттан екінші санатқа ауыстырады, ол туралы жабдық және бұйым паспортында (формулярында) жазба жасалады, бұл ретте техникалық жай-күй актісі жасалмайды.

      52. Жабдықты пайдалану процесінде жөндеуаралық ресурс аяқталғаннан кейін мүлік күрделі жөндеуге жатады. Күрделі жөндеу қажеттілігі туралы қорытындыны әскери бөлім және мекеме комиссиясы техникалық жай-күй және сапалық жай-күйінің өзгеруі актілерімен ресімдейді, одан кейін мүлік үшінші санатқа ауыстырылады. Мүлікке күрделі жөндеу жүргізуге нарядты талап етуге өтінімі бар бекітілген қорытынды тиісті жабдықталым қызметіне жолданады.

      Егер жабдық жарамды жай-күйде немесе ағымдағы жөндеуді қажет ететін жағдайда болса, күрделі жөндеу жүргізбеуге жол беріледі.

      53. Күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін әскери бөлім және мекеме комиссиясы жабдықты және бұйымды екінші санат бойынша қабылдайды, ол туралы жабдық және бұйым формулярында (паспортында) көрсетіледі және ол әскери бөлім командирі және мекеме бастығы бекітетін қабылдау актісімен расталады.

      54. 15 және одан да көп жыл ұзақ сақтауда немесе осы кезең ішінде үзілістермен пайдаланылған жабдық және бұйым, оның техникалық жай-күйіне қарамастан, ағымдағы жөндеу жүргізілуге жатады.

      55. Жабдық және бұйым қалпына келтіру техникалық жағынан мүмкін емес немесе экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкес емес қызмет мерзімін (техникалық ресурсты) өткергеннен кейін мүлік үшінші санатқа ауыстырылады және тікелей арналуы бойынша пайдалануға жарамсыз деп танылады. Жабдықты және бұйымды үшінші санатқа ауыстыруды әскери бөлім және мекеме комиссиясы жүзеге асырады, ол туралы жабдықтың және бұйымның формулярында (паспортында) көрсетіледі, ол әскери бөлім командирі және мекеме бастығы бекітетін техникалық жай-күй және сапалық жай-күйінің өзгеруі актілерімен расталады және жабдықталым қызметіне ұсынылады.

      56. Жабдықты және бұйымды пайдалану жойылмайтын қауіпсіздік талаптарын бұзудан немесе ақаусыздық және қолданыс қабілеті деңгейі жол берілгеннен төмен болуына байланысты пайдалану тоқтатылатын оның жай-күйі уақытынан бұрын туындаған кезде жабдықты және бұйымды әскери бөлім командирінің және мекеме бастығының қолдаухатымен техникалық жай-күй актісін жасай отырып, әскери бөлім және мекеме комиссиясы бесінші санатқа ауыстырады және оны лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес лауазымды адам бекітеді.

      57. Әскери мүлікті есептен шығару (актілерді бекіту) туралы шешім қабылдауда ҚР ҚК жабдықтары пен бұйымдарын есептен шығаруды ұйымдастыру "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 600 қбпү бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19238 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      58. Тікелей арналуы бойынша пайдалануға жарамсыз деп танылған немесе қорда кепілді сақтау мерзімін өткерген жабдық және бұйым берілуге, өткізілуге немесе кәдеге жаратылуға тиіс.

      Есептен шығарылған жабдықты және бұйымды беру, өткізу немесе кәдеге жарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 832 қаулысымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      59. Жаңғырту немесе құрылымдық жетілдіру жүргізілетін жабдық және бұйым төменгі санатқа ауыстырылмайды.

      60. ҚҚК жиынтығының болмауы немесе ақаулы болуы, сондай-ақ жабдықты және бұйымды сақтау және пайдалану кезінде сыртқы жабынның бұзылуы (тот басуы) төменгі санатқа ауыстыру үшін негіз болып табылмайды, ол тек жабдықтың және бұйымның жай-күйін сипаттайды.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (полигондық және
тренажерлық жабдығын)
пайдалануды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

      Нысан

Полигон жабдығының аккумуляторлық батареяларын зарядтауды есепке алу журналы ________________________________________________________ әскери бөлім (әскери басқару органы)

  20 __ жылғы "__" ____ басталды
20 __ жылғы "__" ____ аяқталды

Аккумуляторлық батареялардың түрі (маркасы), саны, жабдықтың атауы

Зарядтауға дейін батарея банкаларындағы электролиттің тығыздығы

Аккумуляторлық батареялардың зарядқа қойылғанға дейінгі кернеуі

Зарядқа қою күні мен уақыты

Зарядтауға қойылғаннан кейін батарея банкаларындағы электролиттің тығыздығы

Аккумуляторлық батареялардың зарядқа қойылғаннан кейінгі кернеуі

Маманның қолы, тегі








  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (полигондық және
тренажерлық жабдығын)
пайдалануды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

      Нысан

Санаттық ___________ жабдықтың қолда бары мен қозғалысын есепке алудың № _____ кітабы _________________________________________________________ қызмет ________________________________________________________ әскери бөлім (әскери басқару органы)

  20 __ жылғы "__" ____ басталды
20 __ жылғы "__" ____ аяқталды

Мазмұны

Жабдықтың атауы

Кітаптың беті

Жабдықтың атауы

Кітаптың беті

Жабдықтың атауы

Кітаптың беті

бастапқы

кейінгі

бастапқы

кейінгі

бастапқы

кейінгі










      Сол жағы

_____________________________________________________________________________ (жабдықтың атауы)

Жазба жасалған күн

Құжаттың атауы

Құжаттың №

Құжаттың күні

Жеткізуші (алушы)

Келді

Кетті

Тұрады

Барлығы

Санаты бойынша

1

2

3

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Кестенің жалғасы

Сонымен бірге

Қоймада


Барлығы

оның ішінде санаттар бойынша



1

2

3







12

13

14

15

16

17

18

19

20

21











      Оң жағы

      (номенклатура коды)_____________ өлшем бірлігі __________ құнды металдар құрамы

      ______________________

      Бірлік үшін баға _____________________________



























22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39



















      Кестенің жалғасы



















40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51













      Ескертпе:

      1. Кітап жабдықтың бар болуы мен қозғалысын есепке алуға арналған.

      2. Кітап полигондарда, әскери бөлімдер мен мекемелердің, сондай-ақ ҚР ҚК түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен ҚР ҚК жабдықталым қызметінің басқару органдарында жүргізіледі.

      3. Кітапты ресімдеу кезінде болжамды жазбалардың санына байланысты жабдықтың әрбір атауына бір немесе бірнеше беттер беріледі.

      Жиынтықтауыштар үш жабдықтың құрамынан үш бағаннан (15-ші бағаннан бастап) өз жеке шоты, олардың ішінде "келіп түскені", "шығысы", "қалдығы" үшін баған бөлінеді.

      4. Алдыңғы кітаптардан қалдықтарды көшірген жағдайда: 2-бағанда – "Есепке алу кітабы", 3-бағанда – оның нөмірі, 4-бағанда – кітаптың беттері, 5-бағанда – "Қалдықты ауыстыру" деп жазылады.

      5. Салыстыру туралы белгі кітапқа кезекті жолмен жазылады. Бұл ретте 1-бағанда салыстырылған күні көрсетіледі, 2-бағанда "Салыстырылды" деген жазба жасалады, ал жеке шоттардың астына есепке алуға жауапты адамдар қол қояды.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (полигондық және
тренажерлық жабдығын)
пайдалануды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

Жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезінде орындалатын жұмыстардың тізбесі

Р/с №

Техникалық қызмет көрсету түрі

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу түрлерінің мақсаты, олардың ұзақтығы

Техникалық қызмет көрсету кезеңділігі мен көлемі

Кім жүргізеді

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Нормативтік-техникалық құжаттама

Ескертпе

1.

Полигондық жабдықты бақылап- тексеру

Сабақ алдында және ол аяқталғаннан кейін техникалық жай-күйді тексеру. Жабдықтың ақаусыздығы мен әзірлігін қамтамасыз ету
1 – 2 сағат

Жабдықты әрбір пайдалану алдында:
электрлік қосылыстардың сенімділігін, электр-коммутациялық аппаратура орнатылған құрылыстарда су мен қардың болмауын, жерге түйістіру құрылғыларын іске қосылуын;
рельс жолдарында, тербеліс рамалары астында, электр жетектерінде бөгде заттардың болмауын;
жылжымалы нысаналар қондырғыларындағы тростар мен шлейфтердің жай-күйін;
нысаналардың жай-күйін, өлшемдері және берік бекітілуін;
басқару пульттері бағдарламалық құрылғыларының, пайда болатын және қозғалатын нысаналар қондырғыларының, байланыс және дабылдама құралдарының жұмысын;
дизель электр станциялары мен мотошығырларда жанар және жағармай материалдарының болуын тексеру қажет.
Анықталған кемшіліктер мен ақауларды жою.

Оқу-жаттығу объектісінің операторлары

Қосалқы бөліктер, құрал-саймандар, ҚҚК жиынтығы

Пайдалану құжаттамасы. Пайдалануға арналған қосалқы бөліктер мен материалдар шығысы нормалары


2.

Тренажерлық жабдықты бақылап-тексеру

Сабақ алдында және ол аяқталғаннан кейін техникалық жай-күйді тексеру. Жабдықтың ақаусыздығы мен әзірлігін қамтамасыз ету
1 – 2 сағат

Жабдықты әрбір қолдану алдында:
кабель ажыратқышының жай-күйін, кабельдер мен сымдардың берік бекітілуін, жерге түйістіру құрылғыларының, сақтандырғыштардың ақаусыздығын;
үй-жай мен тренажер еденінде ағудың, жақпамай материалдарының, су және басқа да сұйықтықтар іздерінің, электр жетектерінде, динамикалық платформа тіректерінде және тренажердің басқа да жылжымалы бөлшектерінде бөгде заттардың болмауын;
тренажер конструкциясында көзделген штаттық қорғаныс қаптамалары мен қоршауларының болуын және сенімді бекітілуін;
тренажердің бағдарламалық қамтамасыз етілуінің жұмыс қабілетін (кідірістерді, интерфейстің жауап беруін) тексеру;
оператордың экипажбен дауыстық байланыс жүйелерін тексеру қажет.

Тренажер кешенінің операторы

Қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, ҚҚК жиынтығы

Пайдалану құжаттамасы. Пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер мен материалдар шығысы нормалары


3.

Күнделікті техникалық қызмет көрсету

Жабдықты жүйелі күтіп-ұстау мақсатында апта ішінде күн сайын – 2-3 сағат немесе аптасына сирек емес кемінде бір рет – 6-7 сағат

Күн сайын.
Бақылап-тексеру ауқымына қосымша полигондық жабдықтың тораптары мен тетіктерінің сенімді бекітілуін, брустверлер мен тасалардың жай-күйін тексеру.
Электр жабдықтарын, құрылғылар мен тетіктерді сырттан қарап-тексеруді, тазалауды, реттеуді жүргізу қажет.
Анықталған кемшіліктер мен ақаулықтарды жою қажет.

Оқу-жаттығу объектісінің операторлары

Қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, ҚҚК жиынтығы

Пайдалану құжаттамасы.
Пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер мен материалдар шығысы нормалары.
Бақылап-тексеру аппаратурасы, өлшеу аспаптары


4.

№ 1 техникалық қызмет көрсету

Жабдықты кезекті қызмет көрсетуге дейін жұмысқа қабілетті (ақаусыз) жай-күйде
күтіп-ұстау,
ПШК үшін бөлінген күні 6-7 сағат

Апта сайын. Күнделікті техникалық қызмет көрсету көлеміне қосымша:
сақтандырғыш номиналдарының сәйкестігін, қорғаныс жерге түйістіру және кабельдерді оқшаулау қарсылығы мөлшерін;
кабельдік траншеялардың жай-күйін, кабельдік пикеттердің, кабельдер мен жабдықтың таңбалануы мен нөмірленуін;
рельс жолдарының енін, шпалдардың жай-күйін және оларға рельстердің сенімді бекітілуін, түйіспелерде көзделген саңылаулардың болуын;
электр қондырғыларының ескерту плакаттарымен, қорғаныс құралдарымен жинақталуын және олардың жай-күйін, қажет кезде зертханалық жағдайларда сынақтан өткізілуін;
жабдық электр схемаларының негізгі өлшемдерін тексеру қажет.
Механизм тораптарының тазаланылуын, жууды, пайдалану материалдарымен толтырылуын; жабдықты реттеу мен теңшеуді; таңбалау, нөмірлеу және ескерту белгісін бояу және түсіру қажет.
Анықталған кемшіліктер мен ақауларды жою.

Оқу-жаттығу бөлімшесінің операторлары

Қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, ҚҚК
жиынтығы

Пайдалану құжаттамасы. Пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер мен материалдардың шығыс нормалары. Бақылап-тексеру аппаратурасы, өлшеу аспаптары


5.

Маусымдық қызмет көрсету

Жабдықты күзгі-қысқы немесе көктемгі-жазғы пайдалану кезеңіне дайындау

Жылына екі рет күзгі-қысқыдан көктемгі-жазғы және көктемгі-жазғыдан күзгі-қысқы пайдалану кезеңіне ауысу кезінде.
ТҚ көлеміне қосымша майлауды майлау, майды мен сұйықтықты ауыстыру картасына сәйкес жүргізу

Оқу-жаттығу объектілерінің операторлары

Қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, ҚҚК жиынтығы

Пайдалану құжаттамасы.
Пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер мен материалдар шығысы нормасы


6.

Сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету

Жабдықты пайдалануға дайындағанға дейін немесе кезекті техникалық қызмет көрсетуге дейін ақаусыз (жұмысқа жарамды күйде) жай-күйде ұстау

Ұзақ сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету жылына екі рет күзгі-қысқыдан күзгі-жазғы және күзгі-жазғыдан күзгі-қысқы кезеңге ауысу кезінде жүргізіледі.
Мыналарды:
сақтау мерзімі өткен жақпамайларды, сұйықтықтар мен материалдарды сыртқы қарап-тексеруді, сақтаудан алу және ауыстыруды;
лак-бояу жабынын қалпына келтіруді; консервациялауды жүргізу қажет.
Мыналарды:
жабдықтың жұмыс істеуін;
кабельдік желілер мен электр-коммутациялық аппаратураның жай-күйін, қорғаныс жерге түйістіру кедергісінің шамасын және кабельдерді оқшаулауды;
оқу-жаттығу объектілері құрылыстарының (командалық және учаскелік басқару пункттерінің, блиндаждардың, тарату құдықтарының, тасалардың, рельс жолдары мен брустверлердің) жай-күйін;
ескерту плакаттарының болуын және қоршау бекеттерінің жай-күйін тексеру қажет.
Анықталған кемшіліктер мен ақауларды жою қажет

Оқу-жаттығу объектісінің операторлары

Қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, ҚҚК жиынтығы

Пайдалану құжаттамасы. Сақтау жөніндегі басшылық (нұсқаулық). Сақтауға арналған материалдар мен қосалқы бөлшектердің шығыс нормалары

Полигондардың оқу-жаттығу объектілерін, сондай-ақ бөлімшелерді жауынгерлік шоғырландыруды қамтамасыз етуге арналған жиынтықтар (РТЖ, ТАЖЖ, ЖМЖ) үшін

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (полигондық және
тренажерлық жабдығын)
пайдалануды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

Күрделі жөндеу жүргізуге жататын жабдықтың тізбесі

Р/с №

Жабдықтың атауы

Қолданылу мерзімі (жыл)

күрделі жөндеуге дейін

Полигондық жабдық

1.

Атыс жабдығы жиынтығы

7

2.

Роталық тактикалық жиынтық

7

3.

Тасымалданатын атыс жабдығы

7

4.

Электрлендірілген танк директрисасы жабдығы жиынтығы

7

5.

Жаяу әскер жауынгерлік машинасы электрлендірілген директрисасы жабдығы жиынтығы

7

6.

Броньды транспортердың электрлендірілген директрисасы жабдығы жиынтығы

7

7.

Жылжымалы мотошығыр

7

8.

Лазерлік оқ ату және зақымдау имитаторы

7

9.

Әмбебап нысана-жаттықтыру кешені (әуе нысаналары имитаторы)

7

Тренажерлық жабдық

10.

Танк, ЖЖМ және шынжыр табанды машина механик-жүргізушісінің тренажеры

6

11.

Танк, ЖЖМ экипажының тренажеры

6

12.

БТР жүргізушісінің тренажеры

6

13.

БТР экипажының тренажеры

6

14.

Автомобиль техникасы жүргізушісінің тренажеры

6

15.

ТҚБЗ жерүсті қондырғысының тренажеры

6

16.

ЗҚРК атқышының тренажеры

6

17.

Гранатаатқыш атқышының тренажеры

6

18.

Оқ ату тренажеры

6

19.

Ұшақ тренажеры

6

20.

Тікұшақ тренажеры

6

21.

Ұшуды басқару тобының тренажерлық кешені

6

22.

Механик-жүргізушінің тренажеры

6

23.

Көп осьті автомобиль техникасы механик-жүргізушісінің тренажеры

6

24.

Артиллериялық тренажер

6

25.

Танкті оқтау автоматының стенді

6

26.

Танкистердің оқ ату даярлығы тренажеры

3

27.

ЖЖМ экипажы оқ ату даярлығы тренажеры

3

28.

Көздеуіш-оператордың жаттықтыру құрылғысы

3

      Ескертпе: әскери бөлімдер мен мекемелерде бухгалтерлік есепке тұрған полигондық жабдық жиынтығының бұйымдарын күрделі жөндеу тиісті жиынтыққа қолданылған мерзімдерде жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
мүлкін (полигондық және
тренажерлық жабдығын)
пайдалануды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

Жабдықтың санатын айқындайтын өлшемшарттар тізбесі

Техниканың атауы

Санаттар

1-ші

2-ші

3-ші

Полигондық және тренажерлық жабдық

Жаңа, жасаушы зауыттан алынған және кепілді жұмыс істеу мерзімі өтпеген немесе
5 жылға дейін сақтауда тұрған, техникалық ақаусыз

Кепілді жұмыс істеу аяқталғаннан кейін ақаусыз немесе сақтау мерзімі
10 жылдан астам жаңалар, сондай-ақ күрделі жөндеуден өткендер, техникалық ақаусыз

Қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес жарамсыздар, есептен шығаруға жатады, сақтау мерзімі 15 жылдан астам

Полигондық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған жабдық

Жаңа, пайдаланылмаған, ақаусыз, сақтау мерзімі
5 жылға дейін

Әзірленген уақыттан бастап 5 жылдан кейін жаңарту тәртібінде сақтаудан алынғандар. Бұрын пайдаланылған, жөндеуден өткендер немесе бұйым тораптары, ақаусыз

Қалпына келтіру мүмкін емес немесе мақсатқа сәйкес емес

Аккумулятор батареялары

Жаңа, пайдалануда болмаған, ақаусыз, сақтау мерзімі 1 (бір) жылға дейін

Кемінде 70% номиналды сыйымдылығы бар, жұмыс күйге келтірілгендер, ақаусыз және сақтау мерзімдері бар, 1-ші санат үшін белгіленген нормалардан артық

Номиналды сыйымдылығы
50 %-тен аз, оларды қалпына келтіру мақсатқа сәйкес емес немесе 2 жылдан астам сақтау мерзімі бар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады