БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15884 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қараудың аталған бұйрықпен бекітілген қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер еркін нысанда жасалады және шет елдердегі мекемелерде олар түскеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде тіркелуге және қаралуға жатады.
Өтініштерді қараудың жалпы мерзімі құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 6 айдан аспауы тиіс.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырысын:
"8-1. Өтініш беруші тізімге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, консулдық лауазымды адам өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ол туралы өтініш берушіге хабарлайды.
Құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі консулдық лауазымды адам өтініш берушіге хабарлаған күннен бастап екі жұмыс күнін құрайды.
Өтініш беруші осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, консулдық лауазымды адам оларды қайтарып береді. Құжаттарды қайтару өтініш берушінің қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, консулдық лауазымды адам қабылданған құжаттарды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қарайды.";
14-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14-1. Азаматтық мәселелері жөнінде өтініштер бойынша құжаттарды ресімдеуден мынадай негіздер бойынша өтініш берушіге бас тартылуы мүмкін:
1) өтініш берушінің құжаттарды ресімдеу үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
2) өтініш берушіге қатысты азаматтық мәселелері бойынша құжаттарды ресімдеуді талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде өтініш берушінің азаматтық мәселелерімен байланысты құқығынан айырылуы;
4) егер Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса;
5) егер Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе;
6) Заңның 17-бабында қарастырылған жағдайларда.";
14-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14-2. Азаматтық мәселелері жөнінде өтініштер бойынша құжаттарды ресімдеуден бас тартылған жағдайда консулдық лауазымды адам шешім қабылданғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өтініш берушіні қабылданатын шешім туралы хабардар етуге және өтініш берушіге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті. Тыңдау хабарланған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.
Өтініш берушінің консулдық лауазымды адамның шешіміне қарсылық білдіру құқығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарында белгіленген тәртіппен оны тыңдау жолымен жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 14-3-тармақпен толықтырысын:
"14-3. Азаматтық мәселелері бойынша өтініш қабылдаудан негізсіз бас тартуға, өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуына, сондай-ақ консулдық лауазымды адамның азаматтық туралы істерді қарау тәртібін және азаматтық мәселелері бойынша шешімдерді орындау тәртібін бұзатын басқа да құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-бөлімінде белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы шет елдердегі мекемелер арқылы азаматтықтан шығу туралы өтінішіне қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмiрбаян (өз қолымен жазылған);
3) 3,5 х 4,5 көлемінде фотосурет;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;
5) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
6) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);
7) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;
8) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;
9) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.
Консулдық лауазымды адам құжаттарды қабылдаған кезде өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін өтініш берушіге түпнұсқаларын қайтарып береді.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Қағидалардың осы тармағында көзделген құжаттарды қабылдаған кезде өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың құқықтық және өзге де салдары түсiндiрiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра оның шетелдік азаматтығы танылмайтыны жөнінде Заңның 3-бабының ережелерi түсiндiрiледi және ол туралы сауалнама-өтiнiште белгi жасалады.";
18-1 және 18-2-тармақтар алынып тасталсын;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасының азаматтығына тиістілігін тексеру нәтижелері бойынша 7 жұмыс күн ішінде "Бүркіт" БАЖ-дан ақпарат және Министрліктен хабарлама алған күннен бастап өтініш берушіге тексеру нәтижесі туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтындығы немесе азаматтығының жоқтығы туралы анықтама алу жөнінде өтініш түскен жағдайда, шет елдердегі мекемелер еркін нысанда толтырылған тиісті анықтаманы береді.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – "Салық кодексі") және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 тіркелген) бекітілген Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелеріне (бұдан әрі – консулдық алым мөлшерлемелері) сәйкес анықтамаларды ресімдеу үшін консулдық алым алынады.";
33-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-1-қосымша алынып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
К. Умаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Сауалнама – өтiнiш
Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды / азаматтығын қалпына келтіруді сұраймын.
Сұрақтар | Жауаптар |
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) | |
2. Бұрын болған барлық тегіңiздi, атыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда), оларды қашан, қайда және қандай себеп бойынша өзгерткеніңізді атаңыз | |
3. Туған күнi, айы, жылы және туған жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылған жағдайда сол елдi көрсетіңіз) | |
4. Ұлты | |
5. Отбасы жағдайы (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн) | |
6. Шетелге шығудың алдында тұрған мекенжайы (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген кезде толтырылады) | |
7. Соңғы тiркелген орны | |
8. Соңғы жұмыс, оқу орны | |
9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын бітірдіңіз) | |
10. Бұрын басқа мемлекеттердiң азаматтығында (бодандығында) болған жағдайда, оны қайда, қашан және қандай негiзде алғаныңызды көрсетiңiз | |
11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба? Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты? | |
12. Қазақстан Республикасының немесе жеке және заңды тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз бар ма, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсатнамамен байланысты міндеттемелер | |
13. Шет мемлекеттің әскери қызметінен өттіңіз бе, қауіпсіздік қызметінде, әділет органдарында немесе мемлекеттік билік пен басқару органдарында жұмыс атқардыңыз ба? | |
14. Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған мекенжайыңызды көрсетіңіз (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген кезде толтырылады) |
15. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).
Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның атауын Сіздің жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсетуіңіз қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз бен тегіңізді көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта жәшiгi) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).
Айы мен жылы | Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы | Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері |
16. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер).
Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және шетелде тұратын барлық туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.
Туыстық деңгейi | Тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Жұмыс орны, лауазымы | Болу елі, тұрғылықты мекенжайы |
17. Жұбайым/зайыбым _____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға/қалпына келтіруге құжаттарды ресiмдеуде. (иә/жоқ).
18. Сiздiң мекенжайыңыз, телефон нөмiрiңiз _____________________
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың/қалпына келтірудің құқықтық салдары маған түсіндірілді.
Өтініште көрсетілген дербес деректерді өңдеуге келісім беремін. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және баяндалған деректердің шынайылығын растаймын.
Күні және өтініш берушінің қолы _______________________________
Сауалнама – өтiнiш
Маған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды рәсімдеуге рұқсат беруді сұраймын.
Сұрақтар | Жауаптар |
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) | |
2. Бұрын болған барлық тектеріңiздi, аттарыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда) атап шығыңыз, оларды қашан, қайда және қандай себеп бойынша өзгерткеніңізді атаңыз | |
3. Туған күнi, айы, жылы және жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылған жағдайда сол елдi көрсетіңіз) | |
4. Ұлты | |
5. Отбасы жағдайы (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн) | |
6. Шетелге шығудың алдында тұрған мекенжайы (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген кезде толтырылады) | |
7. Соңғы тiркелген орны | |
8. Соңғы жұмыс, оқу орны | |
9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз) | |
10. Бұрын басқа мемлекеттердiң азаматтығында (бодандығында) болған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қайда, қашан және қандай негiзде алғаныңызды егжей-тегжейлі көрсетiңiз | |
11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба? Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты? | |
12. Қазақстан Республикасының немесе жеке және заңды тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсатнамамен байланысты міндеттемелеріңіз бар ма |
13. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).
Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз бен тегіңізді көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта жәшiгi) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).
Айы мен жылы | Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы | Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері |
14. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, апа, немерелер).
Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және шетелде тұратын барлық жақын туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.
Туыстық деңгейi | Тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Жұмыс орны, лауазымы | Болу елі, тұрғылықты мекенжайы |
15. Жұбайым/зайыбым _____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға құжаттарды ресiмдеуде.
(иә/жоқ).
16. Егер жұбайыңыз/зайыбыңыз Қазақстан Республикасының азаматы (-шасы) болмаса, онда оның азаматтығын көрсетiңiз ___________________
17. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде әскери билет тапсырылған мекеменің атауы _______________________________________
18. Сiздiң мекенжайыңыз, телефон нөмiрiңiз ______________________
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудың құқықтық салдары түсіндірілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматында қос азаматтық танылмайтыны туралы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының шарты түсіндірілді.
Өтініште көрсетілген дербес деректерді өңдеуге келісім беремін. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және баяндалған деректердің шынайылығын растаймын.
Күні және өтініш берушінің қолы ________________________________
Сауалнама – өтiнiш
Менің Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығымды айқындауды сұраймын.
Сұрақтар | Жауаптар |
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) | |
2. Бұрын болған барлық тектеріңiздi, аттарыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда) атап шығыңыз, оларды қашан, қайда және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз | |
3. Туған күнi, айы, жылы және жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылған жағдайда сол елдi көрсетіңіз) | |
4. Ұлты | |
5. Отбасы жағдайы (үйленбегенмін/тұрмыс құрмағанмын, некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн) | |
6. Шет елге шығудың алдында Қазақстан Республикасында тұрған мекенжайы | |
7. Соңғы тiркелген орны | |
8. Соңғы жұмыс, оқу орны | |
9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз) | |
10. Бұрын басқа мемлекеттердiң азаматтығында (бодандығында) болған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қайда, қашан және қандай негiзде алғаныңызды егжей-тегжейлі көрсетiңiз | |
11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты? |
12. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).
Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның атауын Сіздің жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсетуіңіз қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз бен тегіңізді көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта жәшiгi) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).
Айы мен жылы | Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы | Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері |
13. Сiздiң мекенжайыңыз, телефон нөмiрiңiз ______________________
Өтініште көрсетілген дербес деректерді өңдеуге келісім беремін. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және баяндалған деректердің шынайылығын растаймын.
Күні және өтініш берушінің қолы ___________________________