Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 28 қарашадағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қарашада № 30800 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Т. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 92 бұйрығымен
бекітілген

Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу қағидалары

1-тарау Жалпы ережелер

      1. Осы Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім (бұдан әрі – қызмет нәтижелерін тану туралы келісім) жасасу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым (бұдан әрі – өзін-өзі реттейтін ұйым) – қауымдастық (одақ), қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ұйымдық-құқықтық нысанындағы, кәсіпкерлік немесе кәсіби қызмет салаларында мемлекеттік реттеумен қатар әрекет ететін, өзін-өзі реттеу субъектілеріне және олардың қызметіне қойылатын талаптарды белгілейтін коммерциялық емес ұйым және олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардан жоғары тұрады;

      2) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      3) өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім – реттеуші мемлекеттік орган мен өзін-өзі реттейтін ұйым арасындағы келісім, оның негізінде өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерін (қатысушыларын) қызмет нәтижелерін тану туралы келісімнің қолданылу кезеңінде тәуекелдің жоғары дәрежесінен тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстыру жүзеге асырылады;

      4) өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары – өзін-өзі реттейтін ұйымның және оның мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын құжат;

      5) өзін-өзі реттейтін ұйымның стандарты – өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) өз тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және қызмет түрінің бірыңғай және міндетті қағидаттарын, сипаттамаларын бірнеше рет пайдалануына арналған талаптарды белгілейтін құжат;

      6) реттеуші мемлекеттік органдар – өзін-өзі реттеу енгізілген немесе оны енгізу жоспарланған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.

2-тарау. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу тәртібі

      3. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу үшін өзін-өзі реттейтін ұйым реттеуші мемлекеттік органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу үшін өтініш береді, оған бір мезгілде мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) өз мүшелерінің (қатысушыларының) құрамы туралы мәліметтер;

      2) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар және өзге де тұлғалар алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету шарттары, тәсілдері мен тәртібі туралы мәліметтер;

      3) өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары;

      4) өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылымы, алқалы басқару органының, өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының сандық және дербес құрамы,

      өзін-өзі реттейтін ұйымның жалғыз атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер;

      5) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) Қазақстан Республикасы заңнамасының, өзін-өзі реттейтін ұйым қағидалары мен стандарттары талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған жағдайлар туралы мәліметтер (ондай ақпарат болған жағдайда);

      6) өзін-өзі реттейтін ұйымның соңғы жұмыс істеген жыл ішіндегі өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне өзін-өзі реттейтін ұйым жүргізген тексеру нәтижелері туралы мәліметтер;

      7) қызмет нәтижелерін тану туралы келісімге қол қою кезінде өзін-өзі реттейтін ұйымның атынан әрекет ететін тұлғалардың өкілеттіктерін растайтын құжаттар;

      8) келісім жобасына нақты шарттарды енгізу жөніндегі ұсыныстар (болған жағда йда).

      4. Өзін-өзі реттейтін ұйым толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган өзін-өзі реттейтін ұйымның құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жібере отырып, оларды қайтарады.

      Өтініш осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген себеппен қайтарылған жағдайда, хабарламада қайтару себептерінің толық тізбесі көрсетіледі.

      Өтінішті қайтару себептері жойылғаннан кейін өзін-өзі реттейтін ұйым қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, реттеуші мемлекеттік органға қайта өтініш жібереді.

      5. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім өзін-өзі реттейтін ұйым:

      1) қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасуға үміткер өзін-өзі реттейтін ұйым тиісті кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласында кемінде бір жыл жұмыс істеу;

      2) реттеуші мемлекеттік орган өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын келісу;

      3) өзін-өзі реттейтін ұйым тексеруге тиіс өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабы 1-тармағына сәйкес тиісті реттеуші мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нақты қызмет саласындағы (аясындағы) тексеру парақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келу;

      4) өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) тексеруді ұйымдастыру және оны жүргізу тәртібін белгілеу шарттарын сақтаған кезде тиісті реттеуші мемлекеттік органмен жасалады.

      6. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасуға арналған өтінішті реттеуші мемлекеттік орган оны алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      7. Өзін-өзі реттейтін ұйым осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган өзін-өзі реттейтін ұйымға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруге мүмкіндік беру үшін қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасудан бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, тыңдауды өткізу орны мен уақыты (тәсілі) туралы өзін-өзі реттейтін ұйымғы алдын ала хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу үшін өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Жүргізілген тыңдау нәтижелері бойынша реттеуші мемлекеттік орган қызмет нәтижелерін тану туралы келісімді ресімдеп, жасасады не қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасудан бас тарту туралы дәлелді жауабын жолдайды.

      8. Өзін-өзі реттейтін ұйым осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған шарттарды сақтаған кезде реттеуші мемлекеттік орган қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу туралы шешім қабылдайды және шешім қабылданған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызмет нәтижелерін тану туралы келісімнің жобасын еркін нысанда жасайды және онда мынадай шарттарды:

      1) қызмет нәтижелерін тану туралы келісімнің мәні мен қолданылу мерзімін;

      2) өзін-өзі реттейтін ұйым тексеруге тиіс өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) қызметіне қойылатын талаптар тізбесін;

      3) реттеуші мемлекеттік органға қызметті тану туралы келісімнің қолданылу кезеңінде өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелері туралы есептілікті беру мерзімдері, құрамы мен нысанын;

      4) қызмет нәтижелерін тану туралы келісімді тоқтату негіздерін айқындайды.

      Реттеуші мемлекеттік орган өзін-өзі реттейтін ұйымнан ұсыныстар қабылдаған жағдайда, келісім жобасында өзін-өзі реттейтін ұйым ұсынған шарттар көзделеді.

      9. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісімнің жобасын жасау кезінде реттеуші мемлекеттік орган:

      1) тараптардың келісімі бойынша;

      2) қызмет нәтижелерін тану туралы келісімнің қолданылу мерзімін тоқтату;

      3) өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату;

      4) қызмет нәтижелерін тану туралы келісімнің қолданылу кезеңінде өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелері туралы есептілік қабылданбаған жағдайда, реттеуші мемлекеттік органның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен қызмет нәтижелерін тану туралы келісімді тоқтату негіздерін айқындайды.

      10. Қызмет нәтижелерін біржақты тәртіппен тану туралы келісімді бұзуға әкеп соғатын өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелері туралы есептілікті қабылдамау жағдайларына мыналар жатады:

      1) өзін-өзі реттейтін ұйым ұсынған есептілікте дәйексіз ақпараттың болуы;

      2) есептілікті қызмет нәтижелерін тану туралы келісімде белгіленген тәртіпте және мерзімдерде ұсынбау.

      11. Реттеуші мемлекеттік орган осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген шешімді қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өзін-өзі реттейтін ұйымға реттеуші мемлекеттік органның лауазымды адамы қол қойған қазақ және орыс тілдеріндегі қызмет нәтижелерін тану туралы келісімнің 2 (екі) данасын жібереді.

      12. Өзін-өзі реттейтін ұйым қызмет нәтижелерін тану туралы келісімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде реттеуші мемлекеттік органға қызмет нәтижелерін тану туралы келісімнің қол қойылған бір данасын жібереді.

      Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім өзін-өзі реттейтін ұйым қол қойған қызмет нәтижелерін тану туралы келісімнің данасын реттеуші мемлекеттік орган алған күннен бастап жасалған болып есептеледі.

      13. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде реттеуші мемлекеттік орган өзінің интернет-ресурсында қызмет нәтижелерін тану туралы келісімнің жасалғаны туралы ақпарат орналастырады.

      14. Реттеуші мемлекеттік органның бастамасы бойынша қызмет нәтижелерін біржақты тәртіппен тану туралы жасалған келісім мерзімінен бұрын бұзылған кезде реттеуші мемлекеттік орган осындай шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы өзін-өзі реттейтін ұйымға ол туралы хабарлайды.

  Ерікті мүшелікке (қатысуға)
негізделген өзін-өзі реттейтін
ұйыммен қызмет нәтижелерін
тану туралы келісім
жасасу қағидаларына
қосымша
  Нысан

Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасуға арналған өтініш

      1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның атауы _________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. Өзін-өзі реттейтін ұйымның орналасқан жері және нақты мекенжайы _____________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй, кеңсе нөмірі, телефон нөмірі)

      3. Өзін-өзі реттейтін ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама _____

      __________________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, берген ұйым)

      4. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________

      5. Қызмет түрі _____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қызмет түрлерін көрсету)

      6. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) өндіретін тауарлар

      (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) түрлері ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      7. Өзін-өзі реттейтін ұйым атқарушы органының бірінші басшысы туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні)

      Өзін-өзі реттейтін ұйым өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың)

      дұрыстығын растайды.

      Өзін-өзі реттейтін ұйым атқарушы органының бірінші басшысының не өтініш беруге

      уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (растайтын құжаттарды

      қоса бере отырып).

      Қосымша (жіберілетін құжаттардың тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша парақтар

      санын көрсету): ____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      20__ жылғы "___" _____________                         ____________________

      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады