"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 351 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21102 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы |
К. Акатов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 164 бұйрығымен бекітілген |
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кадрлар даярлау бағыттары мен оқыту нысандары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұсынатын заңды тұлғалардың білім беру қызметімен айналысуына лицензияны беру тәртібін белгілейді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
2. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) кадрлар даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық үкіметтің www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтінішті және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар Негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұранысты) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде:
жауапты қызметкер 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33892 болып тіркелген) бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігін тексереді, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бару мүмкіндігімен сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі — Комиссия) қарауына ұсынады.
Комиссия туралы ереже мен құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия сараптамалық қорытынды түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
Комиссия шешімі шығарылған күннен бастап жауапты қызметкер екі жұмыс күні ішінде электрондық шешімді – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және оған бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша:
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжайы көрсетілген жағдайда);
3) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;
4) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған;
6) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 3-1-тармағының төртінші бөлігінде белгіленген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды.
Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттардың қайта ресімдеу талаптары мен негіздеріне сәйкестігін қарайды.
Тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
10. Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушілерге, электрондық үкiметтiң ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Заңға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру". | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті - лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру; |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру – электрондық үкіметтің www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы; |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған): |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу не осы Негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде және тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер _________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)
№ п/п | Кадрларды даярлау бағытының оқу бағдарламаларының пәндері | Оқу әдебиеті | Оқу-әдістемелік әдебиет | Ғылыми әдебиет | Оқу әдебиеті қорының жыл сайынғы жаңартылуы туралы ақпарат, сондай-ақ әдебиеттің сатып алынған жылы | Дәлелді медицина бойынша халықаралық деректер базасына институционалдық жазылудың, кітапханаларға жазылудың болуы туралы ақпарат ("Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты бойынша) ** | |||
басып шығарылған басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі) | электрондық басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі) * | басып шығарылған басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі) | электрондық басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі) * | басып шығарылған басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі) | электрондық басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі) * | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
* онлайн білім алуға лицензия алу кезінде электрондық басылымдардағы әдебиеттер туралы ақпарат беріледі
** "Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты үшін
Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Медициналық қызмет көрсетудің бар болуы, оның ішінде жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілгені және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер __________________________________________________________________________ (білім беру/денсаулық сақтау ұйымының атауы) (________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі) | Медициналық орталықтардың жабдықталуы туралы ақпарат | Медицина қызметкерлері туралы мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 |
* Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.
Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 3-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Санитариялық ережелерге сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне қорытындысының болуы туралы мәліметтер __________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана) | Тамақтану объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы(күні және нөмірі) | Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда тамақтану объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы және жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 4-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер ________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың (оқу корпустарының) нақты мекенжайы | Меншік құқығында, шаруашылық жүргізуде немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі құрылыстардың (оқу корпустарының) құжаттары туралы мәлімет * | Оқу процесінде қолданылатын үй-жайлар туралы мәліметтер (аудиториялар, кабинеттер, нақты аумақтардағы практикалық сабақтарға арналған бөлмелер, акт және спорт залдары), үй-жайлар алаңы (шаршы метр) ** | Оқу, ғылыми зертханалар, мамандандырылған оқу кабинеттері, полигондар, тирлер, клиникалық базалар, нақты білім беру бағдарламаларына арналған шеберханалар (студиялар) туралы ақпарат, үй-жайлар алаңы (шаршы метр) ** | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға тең жағдайлардың жасалуы, инклюзивті білім беруге арналған арнайы кабинеттер туралы ақпарат (оқу құралдарымен, оқу әдебиетімен жабдықталған, бағдарламалық қамтамасыз етумен бейімделген), үй-жайлар алаңы (шаршы метр) ** | Әлеуметтік және басқа мақсаттағы үй-жайлар туралы мәліметтер (өткізу жуынатын бөлмелер (унитаздар, қол жуғыштар), үй-жайлар алаңы (шаршы метр) ** | Білім беру ұйымының үй-жайларында және іргелес жатқан аумақтарында бейнебақылаудың болуы, техникалық сипаттамалар |
Мұқтаж білім алушылардың тұруы үшін жағдай жасау (жатақханалар/хостелдер/қонақ үйлермен қамтамасыз ету) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Примечание: *Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан деректерді алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.
** ЖЖОКБҰ лицензия алған немесе олардың қайта ұйымдастырылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде оқу үй-жайларының ауданы бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі оқу сабақтарының ауысымын ескере отырып, белгіленген Санитарлық ережелерде белгіленген нормаларына сүйене отырып айқындалады.
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 5-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер __________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Жоғары білімі туралы, диплом бойынша мамандығы, біліктілігі, білім беру ұйымы, бітірген жылы (ұйымның, өндірістің атауы, оқу, тағылымдама кезеңі), тағылымдамадан өту мерзімі (маман сертификаты) | Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы, лауазымы, еңбек өтілі) | Оқытылатын пәндер профилі бойынша практикалық жұмыстар туралы мәліметтер, еңбек өтілі | Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет | Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы) | Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы, бағыты) | "Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми (академиялық) дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
"Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | Подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы немесе әділет кеңесшісінен төмен емес сыныптық шені немесе судья/отставкадағы судья туралы мәлімет | Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы |
Инклюзивті білім беруде оқыту дағдыларының болуы туралы ақпарат (курстар (кемінде 72 сағат), тағылымдамалар | Шетелдік білім беру ұйымында берілген білім туралы құжатты тану куәлігі туралы мәлімет | Оқытатын пәні |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
* "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ-на қолданылмайды.
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 6-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Білім беру процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, оның ішінде компьютерлердің, зертханалық жабдықтардың, оқу-әдістемелік құралдарының, бағдарламалық және ақпараттық жүйелердің болуы туралы мәліметтер
Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (шаршы метр) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы | Жабдықталуы туралы мәліметтер | ||||||||
Техникалық оқу құралдарымен жабдықталған аудиториялар, пән кабинеттері | Оқу шаруашылық ғимараттары, учаскелер, оқу құралдарымен жабдықталған оқу-өндірістік шаруашылықтар | Атауы және түрі көрсетілген оқу зертханалар жабдықтарының тізбесі, соның ішінде виртуалды зертханалары, толықтырылған шындық, интерактивті тренажерлар | Түрі көрсетілген техникалық оқу құралдарының тізбесі | Акт залы, спорт залы, кітапхананың жабдықтарының тізбесі | Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, арнайы лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету | "Симуляциялық кабинеттер" (орталықтар)* Арнайы программалық жүйелер ** |
Жаңартылған дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі, ЖЖОКБҰ-ның басқару жүйесінің БЖБП-мен интеграциясы туралы ақпарат, edu.kz аймағындағы үшінші деңгейлі домендік атау. | Онлайн оқытуға арналған жабдықтың болуы туралы ақпарат Онлайн оқыту туралы ақпарат | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Примечание: * "Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты үшін
** "Сәулет және құрылыс" кадрларды даярлау бағыты үшін
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 7-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тиісті оқу жылына арналған бір білім алушыға кететін ең төменгі шығынға сәйкестік туралы мәліметтер *
Атауы | Шығындар сомасы * | ||
4 (төрт) айға | 8 (сегіз) айға | ||
1 | 2 | 3 | |
Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе * магистратура кадрлар даярлау бағыты бойынша лицензия алған кезде ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бөлек, бейінді магистратура үшін бөлек шығындардың сомасы жеке көрсетілуі қажет.
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 8-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес оқытушылардың, сондай-ақ менеджмент саласында білім беру ұйымдарының басшылары үшін біліктілігін арттыру туралы мәліметтер
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Тақырыптың атауы | Оқыған орны мен кезеңі | Оқыған ұйымның атауы | Сағаттар саны | Оқудан өткенін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (сертификат, есеп) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 9-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мамандандырылған ғылыми-техникалық/ғылыми-әдістемелік/клиникалық/эксперименталдық базалардың, шығармашылық шеберханалардың, концерттік залдардың, көрме залдарының болуы туралы мәліметтер*
Арнай ғылыми зертханалардың, ғылыми-зерттеу институтының, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-практикалық базалар (клиникалық базалар, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалары, университеттік ауруханалар, резидентура базалары), ғылыми орталықтың, техникалық паркінің, бизнес-инкубатордың, шығармашылық шеберханалардың, концерт, көрме залдарының болуы (қажеттісін таңдау) | Орналасқан мекенжайы | Пайдалану құқығы туралы ақпарат (меншік құқығында немесе шарт негізінде) | Мамандандырылған базаның мақсатты мақсаты туралы, жабдық туралы, базаның қызметі туралы ақпарат |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
* Ескертпе: ақпарат кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі.
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 10-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Білімі туралы мәліметтер (диплом бойынша біліктілік, оқу орнын бітірген жылы) | Жұмыс өтілі (ғылыми-педагогикалық, клиникалық), сондай-ақ кадрларды даярлау бағыты бейіні бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі, жұмыс өтілі | "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми/академиялық дәрежесінің/дәрежесінің болуы, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер | Ғылыми жарияланымдар туралы мәліметтер | Оқулықтың не оқу құралының атауы * | ||
ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ұсынатын ғылыми жарияланымдар тізімінде | халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда ** | кадрлар даярлау бағытының бейіні бойынша халықаралық конференциялар материалдарында * | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Примечание: * "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ үшін
** шетелдік білім беру ұйымдарының филиалдары лицензия алған кезде ғылыми жарияланымдар туралы ақпарат тек халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдар бойынша ұсынылады.
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 11-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.08.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тәлімгерлер құрамы туралы ақпарат ("Денсаулық сақтау" оқыту бағыты бойынша) ______________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (________жағдай бойынша)
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандығы, дипломның біліктілігі, білім беру ұйымы, оқу жылы, маман сертификаты туралы мәліметтер | Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы, лауазымы, еңбек өтілі) | Бағыт бойынша практикалық жұмыс туралы мәліметтер, еңбек өтілі | Тәлімгер ретінде біліктілігін арттыру туралы ақпарат (қосымша білім беру ұйымы, біліктілікті арттырудың атауы, ұзақтығы сағатпен/кредиттермен, БА өткен жылы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)