"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31245 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16600 болып тіркелген) мынадай өзгертулер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 103, 105, 486, және 535-баптарына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудың бас қамтамасыз етуін қолдану қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 103-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауын бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібін (бұдан әрі – бас қамтамасыз ету) айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 105-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін (бұдан әрі - міндетін орындауды қамтамасыз ету) айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның қамтамасыз етудің бір әдісін басқасымен алмастыратын міндеттерін орындауын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 486-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру, қамтамасыз ету мөлшерін төмендету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу (бұдан әрі – УЭО қамтамасыз ету) УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру, сондай-ақ УЭО қамтамасыз ету мөлшерін төмендету қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 535-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және УЭО қамтамасыз етуді тіркеу тәртібін, УЭО қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру тәртібін, сондай-ақ УЭО қамтамасыз ету мөлшерін төмендету тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары осы бұрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізім бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін;

      4) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жіберсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1312 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 294 бұйрығына
5-қосымша

"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Келу тәртібімен – көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесімен қабылданады және көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды өңдеуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне беріледі.

      Электронды түрде – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш портал арқылы қабылданады.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" осы Қағидаланың 1-қосымшасына сәйкес жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 97 бабының 1 тармағы 4 тармақшасында көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жүгінгенге дейін, Кодекстің 101 бабы 1 тармағының екінші бөлігіне сәйкес, мемлекеттік кірістер органына осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалаушының кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, мүлік кепілі шартын жасау туралы өтініш ұсынады.

      Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:

      Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдер бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператор міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауды тіркеу туралы өтінішті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжат ұсынылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Заңда өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды тұлғаның электронды цифрлық қол қоюымен расталған электрондық құжат нысанында алады.

      Оларда қамтылған ақпараттар мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алынған жағдайда құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы осы Қағиданың 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген, күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесінде күні, уақыты көрсетіле отырып хабарлама жолданады.

      4. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметшісі кедендік іс саласындағы уәкілетті орган тәулік бойғы жұмыс режимін бекіткен көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда, осы Қағиданың 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген, өтінішті және оған қоса берілетін құжаттардың, олар келіп түскен күні қабылдауын жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      5. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі:

      1) Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдермен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде Кодекстің 98-бабының 5-тармағының бірінші бөлігіне, 99-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне, 100-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне және 102-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес оларды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн мерзімде;

      2) Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәртіппен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде осы Кодекстің 101-бабына сәйкес оларды кепіл мемлекеттік тіркеу органында ресімделген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн мерзімде жасалады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері осы Қағидалардың 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе басшы орынбасарына көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы етіп айқындауына береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды электронды түрде ұсынған кезде құжаттарды өңдеу автоматты түрде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушы осы тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар топтамасын электронды түрде толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес тыңдау жүргізбей, электронды түрде ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын (қағазда) ұсынған жағдайда:

      Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдермен көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтініште көрсетілген мәліметтердің және (немесе) ұсынылған құжаттардың Кодекстің 98, 99, 100, 101 және 102-баптарында және осы Қағиданың 3-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы келу тәртібімен құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған, не осы Қағида тармақшаның үшінші бөлігінде көзделген тәсілдермен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ӘРПК-тің 73-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тыңдау жүргізбей, электронды түрде ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген, тізбенің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжат тапсырылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.

      7. Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі туралы хабарламаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшының жазбаша шешімімен уәкілеттік берілген тұлға осындай хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама, көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      8. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларымен анықталады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелер істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті берушілер істен шыққан уақыттан бастап 30 (отыз) минут ішінде электронды пошта бойынша e-okno@mgd.kz, мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға берген өтінішті тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), көрсетілетін қызметті алушының атауы, қателікке әкеліп соққан әрекеттердің салдарын сипаттайтын, сондай-ақ туындаған қиыңдықтарды түсіндіретін скриншоттарды көрсетіп қолдау қызметіне сұрау сауал жолдайды.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметшілерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағымдар шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  "Кедендік баждарды,
салықтарды, арнайы,
демпингке қарсы, өтем
баждарды төлеу жөніндегі
міндеттердің орындалуын,
сондай-ақ кеден ісі саласында
қызметін жүзеге асыратын
заңды тұлғаның және (немесе)
уәкілетті экономикалық
оператордың міндеттерінің
орындалуын қамтамасыз етуді
тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
1-қосымша

"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет), Комитеттің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалар бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

1) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдермен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде Кодекстің 98-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіне, 99-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне, 100-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне және 102-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес оларды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн мерзімде;
2) Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәртіппен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде осы Кодекстің 101-бабына сәйкес оларды кепіл мемлекеттік тіркеу органында ресімделген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн мерзімде жасалады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (жартылай автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуді ресімдеу (немесе) уәкілетті экономикалық оператор немесе осы тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заңы) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, кедендік іс саласындағы уәкілетті орган тәулік бойғы жұмыс режимін бекіткен көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, кедендік іс саласындағы уәкілетті орган тәулік бойғы жұмыс режимін бекіткен көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда, жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылуды талап етпей және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек Кодексіне және мерекелер туралы Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдермен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде:
"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығымен бекітілген "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің таңдалған түріне сәйкес, осындай қамтамасыз етуді растайтын келесі құжаттардың бірін:
Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;
кепіл беруші – екінші деңгейдегі банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шартын және банк кепілдігін;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) сәйкес жасалған кепілгерлік шарты;
төлеуші және (немесе) үшінші тұлға мен көрсетілетін қызметті беруші арасында жасалған мүліктік кепілдік шарты, бағалаушының кепіл мүлігінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі және мүлікті сақтандыру шарты қосымшасы;
сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттарды табыс етеді.
Құжаттарды портал арқылы берген кезде:
1) Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдермен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде:
кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің таңдалған түріне сәйкес, осындай қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:
Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесі;
кепіл беруші – екінші деңгейдегі банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігінің электрондық көшірмесі;
Азаматтық кодекске сәйкес жасалған кепілгерлік шартының электрондық көшірмесі;
төлеуші және (немесе) үшінші тұлға мен көрсетілетін қызметті беруші арасында жасалған мүліктік кепілдік шартының электрондық көшірмесі, бағалаушының кепіл мүлігінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі және мүлікті сақтандыру шарты қосымшасы;
сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттардың электрондық көшірмесін табыс етеді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) ақшаны кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануында;
төленуі ақша енгізу арқылы қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, Кодекстің 98-бабы 4-тармағының екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген төлем құжатымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
2) банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
берілген банк кепілдігі шарты және (немесе) банк кепілдігі Азаматтық кодексі пен банктік заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
төленуі банк кепілдігімен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, Кодекстің 99-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, банк кепілдігімен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
банк кепілдігі шарты және (немесе) банк кепілдігі Кодекстің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе; банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген банк кепілдігін берген екінші деңгейдегі банк, мұндай талапты сот Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабын орындамаған болса;
3) кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
ұсынылған кепілгерлік шарты Азаматтық кодексіне сәйкес келмесе;
кепілгерлік шартына ұсынылған банк кепілдігін қабылдаудан бас тарту үшін Кодекстің 99-бабы 2-тармағында айқындалған негіздер болған кезде;
кепілгерлік шартына ұсынылған мүлік кепілі шарты Кодекстің 101-бабы 3-тармағында белгіленген мүлік кепілі шартын жасасу талаптарына сәйкес келмесе;
кепілгерлік шартына ұсынылған сақтандыру шартын қабылдаудан бас тарту үшін Кодекстің 102-бабы 2-тармағында айқындалған негіздер болған кезде;
кепілгер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етпесе;
төленуі кепілгерлік шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының үшінші бөлігі ескеріле отырып, Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, кепілгерлік шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
4) мүлік кепілін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
мүлік кепілі шарты Азаматтық кодексіне сәйкес келмесе;
кепілге берілетін мүлік өтімді, жойылудан немесе бүлінуден сақтандырылған болмауға тиіс;
мүлік кепілі шарты Кодекстің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келеді;
Кодекстің 101-бабы 3-тармағында белгіленген шарттар сақталмаған кезінде;
5) сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында: ұсынылған сақтандыру шарты "Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 295 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16661 болып тіркелген) кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес келмесе немесе ұсынылған сақтандыру шарты Азаматтық кодексте бекітілген талабына сәйкес келмеген жағдайда;
төленуі сақтандыру шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, Кодекстің 102-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, сақтандыру шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
сақтандыру шарты Кодекстің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күні төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, мұндай талапты сот Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес заңсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабын орындамаған болса, сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www. kgd. gov. kz, www. minfin. gov. kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

  "Кедендік баждарды,
салықтарды, арнайы,
демпингке қарсы, өтем
баждарды төлеу жөніндегі
міндеттердің орындалуын,
сондай-ақ кеден ісі саласында
қызметін жүзеге асыратын
заңды тұлғаның және (немесе)
уәкілетті экономикалық
оператордың міндеттерінің
орындалуын қамтамасыз етуді
тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
2-қосымша

      нысан

  _________________________
(заңды тұлғаның толық атауы/
жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінін аты (болған кезде)
____________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________
(нақты мекенжайы/тұрғылықты
жері)
___________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(электрондық мекенжайы,
телефон)
____________________________
(мемдекеттік кірістер
органының атауы)

Мүлік кепілі шартын жасау туралы өтініш

      "Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 101-бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) мүлік шартын жасауға өтінішті кабылдауыңызды сұраймын.

      Осы өтінішпен кепілге ұсынылған мүлік

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

                  (кепілдегі заттың атауы және оның нақты мекенжайы)

      _____________________________________ мынадай талаптарға жауап беретінін растаймын:

      Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді


өтімділік болып табылады;

жоғалғаннын немесе бұзылғаннан сақтандырылған (құжат нөмірін (болған кезде) және растайтын құжаттың күні көрсетіледі);

тыйым салынған мүлік болып табылмайды*;

мүлікке мемлекеттік органдармен шектеулер қойылмаған*;

мүлік жеке меншікте және үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбаған**

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ** Кепілдік мүлік шарты үш тарапты болған жағдайда толтырылады, кепіл нысанасы үшінші тұлғаның жеке меншігі болып табылған жағдайда мынадай мәліметтер көрсетіледі: заңды тұлғаның толық атауы/ кепіл нысанының меншік иесі болып табылатын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе); заңды мекенжайы; нақты мекенжайы/тұрғылықты жері; бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі; электронды мекенжайы, телефоны.

      Өтінішке қосымша:

      мүлік кепілі шартының жобасы

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________;

      кепілдік мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі:

      ___________________________________________________________________

      (болған кезде нөмірі және күні)

      Қосымша: ___ парақ (-та).

      Берген күні: ____________________

      Заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінін аты (болған кезде)

      _____________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінін аты (болған кезде)_____________________________

      Қолы ________________

  "Кедендік баждарды,
салықтарды, арнайы, демпингке
қарсы, өтем баждарды төлеу
жөніндегі міндеттердің
орындалуын, сондай-ақ кеден ісі
саласында қызметін жүзеге
асыратын заңды тұлғаның және
(немесе) уәкілетті экономикалық
оператордың міндеттерінің
орындалуын қамтамасыз етуді
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидасына
3-қосымша

      нысан

  ____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы
немесе жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта
көрсетілсе)
____________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________
(нақты мекенжайы немесе
тұрғылықты жері)
____________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру
нөмірі)
____________________________
(электрондық мекенжайы,
телефон)
____________________________
(мемлекеттік кірістер
органының атауы)

Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтініш

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)

      98-бабының 4-тармағына,



      99-бабының 1-тармағына,



      100-бабының 1-тармағына,



      101-бабының 1-тармағына



      және 102-бабының 1-тармағына



      сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді (бұдан әрі – міндеттерді орындауды қамтамасыз ету) қабылдауыңызды сұраймын.

      Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің шарттарын сақтау туралы хабарламаны тіркеу күні (уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер тұлға) толтырады________________________________________________________

      Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді:

      Осы қамтамасыз ету кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын бас қамтамасыз етуі болып табыла ма


ия

Жоқ

Тауардың атауы

Тауардың мөлшері, салмағы (өлшем бірліктерін көрсету)

Еуразиялық экономика одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номерклатурасының коды

Тауардың құны

Келісімшаттың, коммерциялық құжаттардың нөмірі және күні (болған кезде)


Міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі (тәсілдері)

Міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің қолданыс мерзімі

Міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері

Міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттың нөмірі (болған кезде) және күні

1

Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы




2

Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы




3

Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы




4

Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы




5

Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы




      Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді:

Кеден операцияларының түрі


Кодекстің 194-бабы


Кодекстің 195-бабы


Кодекстің 196-бабы


Кодекстің 226-бабы


Кодекстің 257-бабы


Кодекстің 354-бабы


Кодекстің 387-бабы


Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы


Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы


Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы


Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы

      Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді:

Кедендік тізілім


кедендік өкілдер


кедендік тасымалдаушылар


уәкілетті экономикалық операторлар

Мәліметтер қамтамасыз ету сертификатын ресімдеу жағдайында толтырылады

Кеден транзит кедендік рәсіміне тауарды орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасайтын жөнелтуші кеден органы


Межелі кеден органы


Алдыңғы қамтамасыз ету сертификатының тіркеу нөмірі (болған кезде)


Коммерциялық және көліктік (тасымалдау) құжаттар туралы мәліметтер


      Осы өтінішке:

      кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің таңдап алған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты:

      1) Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларына көрсетілген құжаттар;

      2) кепіл беруші – екінші деңгейдегі банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шартын және банк кепілдігі;

      3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекске сәйкес жасалған кепілгерлік шарт;

      4) мүліктік кепілдік шарты, бағалаушының кепіл мүлігінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі және мүлікті сақтандыру шарты;

      5) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттары қоса беріледі.

      Қосымша: ___ парақ (-та).

      Берген күні: ____________________

      Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) _____________

      Қолы ________________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1312 Бұйрыққа
2 қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізімі

      1. "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылдың 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделінген өтініштер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16368 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылдың 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген өтініштер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы№ 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 216 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18396 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылдың 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген өтініштер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 26 шiлдедегі № 721 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23727 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады