БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту және "Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген) өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 50 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын тарату саласында қызметтер көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін, орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартады.
Өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту өтініш берушіге басшының немесе оның орынбасарларының, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында Порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу туралы анықтаманы қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім шығарады, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыны оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді басылымдарды есепке қою туралы анықтама береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында қызметтер көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік, оның телнұсқасын береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.";
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында қызметтер көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын және ұсынылған құжаттардың толықтығын, сондай-ақ берілген түбіртекті деректемелердің дұрыс толтырылуы тұрғысында тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.";
4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын тарату саласында қызметтер көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік, оның телнұсқасын береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.";
2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарын тарату саласында қызметтер көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, ақы төленгенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлік береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.";
3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы |
Д. Кадиров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), куәліктің телнұсқасы не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлікті беруі; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
"Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі –13 (он үш) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия (бұдан әрі – лицензия) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мөлшерлемелер: |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензия алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш (сұрау салу); |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) субъектілердің аталған санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрімен айналысу; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
"Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) куәліктің телнұсқасы не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту уәжді жауап көрсетілетңн қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553-бабының 7-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері: |
7. | Мемлекеттік қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының –ЭЦҚ-мен қол қойылған теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға) қоса бере отырып, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі – шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі; кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат; |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) өтініштің мазмұнының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес келмеуі; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
"Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы мен қол электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес) ұсынады; |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспа басылымына, ақпарат агенттігіне немесе желілік басылымға есепке қойғаны туралы куәлікті беруі; |