Қосшы қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 02-183 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қыркүйекте № 29732 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қосшы қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қосшы қаласының әкімі Г.Касенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қосшы қаласының
аумақтық сайлау
комиссиясы


  Қосшы қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 02-183 қаулысына
қосымша

Қосшы қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 24.05.2023 № 02-113 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Орналастыру орны

1.

Лесная поляна шағын ауданы, "Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының оң жағында

2.

Республика көшесі, Ақмола облысының "Қосшы қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында

3.

Республика көшесі, "Казахстанская социально-медицинская компания "Жанұя" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің медициналық орталығы ғимаратының оң жағында

4.

Жолмағанбет Қалиев көшесі, "Тойхана Айгерім" ғимаратының оң жағында

5.

Республика көшесі, "Toihana Aruzhan Plaza Restaurant" ғимаратының оң жағында

6.

Лесная поляна шағын ауданы, "Минимаркет Экомаркет" аялдамасының оң жағында

7.

Лесная поляна шағын ауданы, "Лесная поляна тұрғын алабы" аялдамасының оң жағында

8.

Тайтөбе ауылы, Кенесары хан көшесі, "Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының оң жағында.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады