Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 02-183 "Қосшы қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 02-113 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 мамырда № 8576-03 болып тіркелді

      Ақмола облысы Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 02-183 "Қосшы қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29732 болып тіркелген) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген қаулының қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірі 8 жолмен толықтырылсын:

      "

8.

Тайтөбе ауылы, Кенесары хан көшесі, "Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының оң жағында.

      ".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қосшы қаласының әкімі Г.Касенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қосшы қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады