Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № А-09/262 "Бұланды ауданының Макинск қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 шілдедегі № А-07/206 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 шілдеде № 28948 болып тіркелді

      Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № А-09/262 "Бұланды ауданының Макинск қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Бұланды ауданының Макинск қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тариф белгіленсін:

      ересектерге - 100 (жүз) теңге мөлшерінде;

      жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға - 50 (елу) теңге мөлшерінде.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
Бұланды ауданы әкімі
Т.Ерсеитов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады