Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-48/5-20 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 7С-23/8-22 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 наурызда № 27249 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 8С-15/3-24 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 26.01.2024 № 8С-15/3-24 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ерейментау аудандық маслихаты ШЕШТІ:

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-48/5-20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7841 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы М.Абжиков

  Ерейментау аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 16 наурыздағы
№7С-23/8-22 шешіміне
қосымша
  Ерейментау аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 6С-48/5-20 шешімімен
бекітілген

Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ерейментау ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      5) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      6) уәкілетті орган – "Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеріс жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалар Ерейментау ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органымен келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді:

      1) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне:

      саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына;

      саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендерге;

      2) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағының ішкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарға (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;

      3) 9 мамыр- Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      4) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне:

      18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеуші тұлғаларға;

      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;

      5) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне:

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшыларына және қатардағы құрамының адамдарын.

      8. Табыстары есептелмей бір рет әлеуметтік көмек мына азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларына) – өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірме. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді, бұл ретте әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткішке тең;

      2) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруы бар 18 жастан асқан азаматтарға – дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы негізінде 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, босатылған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей өтініш бергендерге;

      4) санаторий - курорттық емделуге алып жүру кезінде мүгедек балалардың ата-аналарына (қамқоршыларына) 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      9. Табыстары есептелмей ай сайын уәкілетті ұйым тізімінің негізінде әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға, дәрігерлік-кеңестік комиссиясының анықтамасы негізінде әлеуметтік көмек:

      1) амбулаториялық емдеуде жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға –5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде азық-түлік пакеті, адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруы бар 18 жасқа дейінгі азаматтарға –ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде көрсетіледі.

      10. Өткен тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі, бұл ретте шекті мөлшері 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішке тең.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес анықталады.

      13. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      14. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ерейментау ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      15. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы, алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

3-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      16. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Ерейментау ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      17. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

4-тарау. Қорытынды ереже

      18. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады