"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 576-бабының 8-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес арттырылсын.
2. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 мамырдағы № 160 "Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы" және 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5546 тіркелген) шешімінің 1-тармағының 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы |
С. Шинтасова |
Ақтөбе облысы мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 139 шешіміне қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 20 | |
2. | Азот оксидтері (NOx) | 20 | |
3. | Шаң және күл | 10 | |
4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 3 986 | |
5. | Күкіртсутек | 124 | |
6. | Фенолдар | 332 | |
7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
8. | Формальдегид | 332 | |
9. | Көміртегі монооксиді | 0,32 | |
10. | Метан | 0,02 | |
11. | Күйе | 24 | |
12. | Темір тотықтары | 30 | |
13. | Аммиак | 24 | |
14. | Алты валентті хром | 798 | |
15. | Мыс тотықтары | 598 | |
16. | Бенз(а)пирен | 996,6 |
2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,9 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,48 |
3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 1 340 |
2. | Мырыш | 2 680 |
3. | Мыс | 26 804 |
4. | Оттегіне биологиялық қажеттілік | 8 |
5. | Тұзды аммоний | 68 |
6. | Мұнай өнімдері | 536 |
7. | Нитраттар | 2 |
8. | Жалпы темір | 268 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
10. | Өлшенген заттар | 2 |
11. | Синтетикалық беткі-белсенді заттар | 54 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
13. | Алюминий | 54 |
4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | ||
1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар | ||
1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 8,01 | |
1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 1,06 | |
1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | ||
1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы) | 0,19 | |
1.2.2. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.2.2.1. | аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.2.2.2. | жанасқан таужыныстары | 0,026 | |
1.2.2.3. | байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.2.2.4. | шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.4. | Күл мен күлшлактар | 0,66 | |
1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,001 | |
1.2.6. | Радиоактивті қалдықтар: | ||
1.2.6.1. | трансуранды | 0,76 | |
1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | 0,38 | |
1.2.6.3. | бета-радиоактивті | 0,04 | |
1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |
5. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК құрайды.