Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округінің Хазірет және Жездібай ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хазірет ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27431 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Хазірет ауылдық округінің Хазірет және Жездібай ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Хазірет ауылдық округі Хазірет ауылының келесі көшелері:

      1) "Жастар" көшесін – "Абылай хан" көшесіне;

      2) "Ленин" көшесін – "Әлия Молдағұлова" көшесіне;

      3) "Почтовая" көшесін – "Шығанақ Берсиев" көшесіне;

      4) "Советская" көшесін – "Нұрғиса Тілендиев" көшесіне;

      5) "Украинская" көшесін - "Салық Зиманов" көшесіне;

      6) "Абая" көшесін - "Абай" көшесіне қайта аталсын.

      2. Хазірет ауылдық округі Жездібай ауылының келесі көшесі:

      1) "Жангелдин" көшесін - "Роза Бағланова" көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Хазірет ауылдық
округінің әкімі
А. Бекетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады