Ойыл ауданының Ш. Берсиев атындағы ауылдық округінің Қаратал ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 34 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30982 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37– баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қаратал ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ш. Берсиев атындағы ауылдық округінің Қаратал ауылының Конституция көшесі Шәкәрім көшесіне қайта аталсын.

      2. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ш. Берсиев атындағы ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
О. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады