Ұзынбұлақ ауылдық округіндегі көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылы 5 қаңтарда № 31586 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысы негізінде және Ұзынбұлақ ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Ұзынбұлақ ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

      Ұзынбұлақ ауылындағы:

      Карл Маркс көшесінен Байбарақ Жақсылықұлы көшесіне;

      Ленин көшесінен Молдахмет Қылышбаев көшесіне;

      Совет көшесінен Қашаған би көшесіне;

      Абай көшесінен Абай көшесіне;

      Ыдырыс Көшкінов көшесінен Ыдырыс Көшкінов көшесіне;

      Қаныш Сәтбаев көшесінен Қаныш Сәтбаев көшесіне;

      Құрманғазы көшесінен Құрманғазы көшесіне;

      Жаңа құрылыс көшесінен Жаңа құрылыс көшесіне.

      Ақсай ауылындағы:

      Үйеңкі көшесінен Ыдырыс Әбдіғұлов көшесіне;

      Ленин көшесінен Байбатыр Жандаров көшесіне;

      Ақсай көшесінен Мырқасымбай Сағынышев көшесіне;

      Карл Маркс көшесінен Ықсан Көшкінов көшесіне;

      Алматы көшесінен Әбіләкім Солтанқұлов көшесіне.

      Жалаулы ауылындағы:

      Алматы көшесінен Малай батыр көшесіне;

      Жалаулы көшесінен Жетен батыр көшесіне.

      2. Ұзынбұлақ ауылдық округінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      Ұзынбұлақ ауылындағы:

      атауы жоқ көшесіне Мұқа Солтанқұлов;

      атауы жоқ көшесіне Хамыт Анапияұлы.

      Ақсай ауылындағы:

      атауы жоқ көшесіне Төлек Жаманбалаев.

      Жалаулы ауылындағы:

      атауы жоқ көшесіне Мұқасали Ілебаев.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі О. ТАКАБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады