"Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2022 жылғы 30 наурыздағы № 14/124-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 21/196-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қазанда № 30294 болып тіркелді

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шымкент қаласы мәслихатының "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2022 жылғы 30 наурыздағы № 14/124-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27553 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 505, 506 және 510- баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері:

      1, 2, 3 аймақтарда орналасқан жерлер үшін, автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді қоспағанда, 50 (елу) пайызға арттырылсын;

      4 аймақта орналасқан жерлер үшін автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді қоспағанда, 40 (қырық) пайызға арттырылсын;

      5, 6, 7-аймақтарда орналасқан жерлер үшін, автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 505 бабына сәйкес бекітілген базалық мөлшерлемелері қалдырылсын;

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-аймақтарда ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер үшін 50 (елу) пайызға төмендетілсін.".

      2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады