Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Жаңартылған

Абай облысының әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 65 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қарашада № 30625 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына, 63-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесі жаңа редакцияда – Абай облысының әкімдігінің 19.10.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Абай облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың жыл сайын орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде өрт қауіпті маусымда болуына тыйым салынсын.

      Ауа райы жағдайлары бойынша ормандардағы жоғары өрт қауіптілігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12351 болып тіркелген) бекітілген ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысының әкімдігінің 19.10.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Абай облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімі Н. Уранхаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады