Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округінің Өтеген батыр ауылындағы атауы жоқ тұйық көшеге атау беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 70 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қарашада № 30664 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Жамбыл облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 12 мамырдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округінің Өтеген батыр ауылындағы атауы жоқ тұйық көшеге Өмірқұл Құлшықов атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қордай ауданының
      әкімі М. Мусаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады