Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 42/460 "Салық салу мақсаты үшін жер салығының мөлшерлемелері азайтылған немесе арттырылған Қарағанды облысы Абай қаласының аумағын аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5163 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қарағанды облысы Абай қаласының аумағында салық салу мақсатында жер салығының мөлшерлемелерін арттыру немесе азайту туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын бөлінген жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінде белгіленген, Қарағанды облысы Абай қаласының аумағында салық салу мақсатында арттырылған немесе азайтылған жер салығының мөлшерлері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы алынып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының жоғарғы оң жақ бұрыштағы сілтеме жаңа редакцияда жазылсын:
"Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 42/460 шешiмiне қосымша". |
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Сакенов |