Қарқаралы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 346 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қарашада № 30683 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарқаралы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 93 "Қарқаралы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6222 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі Е. Құсайын

  Қарқаралы ауданы
әкімдігінің
2022 жылғы 22
қарашадағы
№ 346
қаулысына қосымша

Қарқаралы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Алып жатқан алаңы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Қарқаралы қаласы, "Шапағат" дүкеніне қарама-қарсы, Қосыбаев көшесі 65а

400 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

2

Қарқаралы қаласы, "Қарқаралы" қонақ үйіне қарама-қарсы, Т. Әубәкіров көшесі 27

500 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

3

Қарқаралы қаласы, "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы, Т. Әубәкіров көшесі 23

100 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

4

Қарқаралы қаласы, "Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қарқаралы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы, Ермеков көшесі 30

150 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

5

Қарағайлы кенті, 19 орам, № 1 үйдегі "В.Бекжанова" жеке кәсіпкері дәріханасының сол жағында

120 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

6

Қарағайлы кенті, 18 орам, "Салтанат" дүкеніне қарама-қарсы

80 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

7

Егіндібұлақ ауылы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аудандық пошта байланысы учаскесінің, ауылдық пошта байланысы бөлімшесінің ғимаратына қарама-қарсы, Мәди көшесі 9

60 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

8

Ынталы ауылдық округі, Ынталы ауылы, "Қарқаралы мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ынталы ауылы клубының ғимаратына қарама-қарсы, Бейбітшілік көшесі 13

40 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

9

Қ. Аманжолов ауылдық округі, Талды ауылы, "Қарағайлы мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Талды ауылы клубының ғимаратына қарама-қарсы, Жамалиден көшесі 12

55 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

10

Қаршығалы ауылдық округі, Көктас ауылы, Салт үйі ғимаратына қарама-қарсы, Абай көшесі 37

80 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

11

Темірші ауылдық округі, Татан ауылы, "Алтын дән" дүкеніне қарама-қарсы, Орталық көшесі 10

47 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

12

Нығмет Нұрмақов ауылдық округі, Өсібай ауылы, "Егіндібұлақ мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Өсібай ауылы клубының ғимаратына қарама-қарсы, Ж. Елебеков көшесі 6/2

35 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

13

Н. Әбдіров ауылдық округі, Жарлы ауылы, жеке кәсіпкер А. Тойбеков дүкеніне қарама-қарсы, Машани көшесі 33

53 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

14

Тәттімбет ауылдық округі, Ақтасты ауылы, "Айнұр" дүкеніне қарама-қарсы, Қазыбек Би көшесі, 19

20 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

15

Қырғыз ауылдық округі, Бүркітті ауылы, "Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында, Тың көшесі 8

40 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

16

Қайнарбұлақ ауылдық округі, Аппаз ауылы, "Аппаз" шаруа қожалығы ғимаратына қарама-қарсы, А. Азиев көшесі 9/1

20 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ

17

Томар ауылдық округі, Томар ауылы, "Томар ауылының дәрігерлік амбулаториясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы, Достық көшесі 9

20 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады