Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 46/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 маусымда № 28466 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 86/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 10.10.2023 № 86/02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген "Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 01.02.2023 № 06/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осакаров ауданының аумағында инватакси қызметін алушылардың санаты келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

      1) жүріп - тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;

      2) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар;

      3) Даун синдромы бар мүгедектігі бар балалар;

      4) церебралды параличі бар мүгедектігі бар балалар.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 05.04.2023 № 28/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады