Батпақты ауылдық округінің Батпақ ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Батпақты ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 15 тамыздағы № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29207 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Осакаров ауданы Батпақты ауылдық округінің Батпақ ауылының көшелері:

      Набережная көшесін Тәуелсіздік көшесіне;

      Победа көшесі Жеңіс көшесіне;

      Центральная көшесі Абай көшесіне;

      Садовая көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      әкім А. Жапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады