Озерный ауылдық округінің Озерное ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы" Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2021 жылғы 20 мамырдағы Қарағанды облысы әкімдігінің жаныңдағы облыстық ономастика комиссиясының қортындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің Озерное ауылының көшелері:

      Молодежная көшесін Жастар көшесіне;

      Новая көшесі Болашақ көшесіне;

      Озерная көшесі Ақкөл көшесіне;

      Степная көшесі Сарыарқа көшесіне;

      Школьная көшесі Сәкен Сейфуллин көшесіне;

      Центральная көшесі Абай көшесіне;

      Садовая көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне;

      Инкубаторная көшесі Достық көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Озерный ауылдық округінің әкімі А. Каспаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады