Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 ақпанындағы № 13 "Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 314 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30717 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 103 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 11.10.2023 № 103 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Арал аудандық мәслихатының "Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" 2021 жылғы 12 ақпанындағы № 13 шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8160 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) өмірлік қиын жағдайға тап болғандар, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған азаматтарға (отбасыларға):

      туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      апластикалық анемиямен диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай 7,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      санаторий-курорттық емделу қызметіне бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдармен ілесіп жүретін адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып, өтініш негізінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;

      диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде ай сайын тағайындалады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Б. Турахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады