"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырдария ауданының елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сырдария ауданының әкімі | М. Ергешбаев |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 306 қаулысына қосымша |
Сырдария ауданының елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Салық салу объектісінің орналасуы | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | Тереңөзек кенті | 2,05 |
2 | Айдарлы ауылдық округі, Айдарлы ауылы | 1,95 |
3 | Ақжарма ауылдық округі, Ақжарма ауылы | 1,95 |
4 | Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылы | 1,95 |
5 | Бесарық ауылдық округі, Бесарық ауылы | 1,95 |
6 | Жетікөл ауылдық округі, Жетікөл ауылы | 1,85 |
7 | Н.Ілиясов ауылдық округі, Н.Ілиясов ауылы | 1,95 |
8 | Іңкәрдария ауылдық округі, Іңкәрдария ауылы | 1,85 |
9 | Қалжан ахун ауылдық округі, Қалжан ахун ауылы | 1,95 |
10 | Қоғалыкөл ауылдық округі, Қоғалыкөл ауылы | 1,95 |
11 | С.Сейфуллин ауылдық округі, С.Сейфуллин ауылы | 1,95 |
12 | А.Тоқмағанбетов ауылдық округі, А.Тоқмағанбетов ауылы | 1,95 |
13 | Шаған ауылдық округі, Шаған ауылы | 2,05 |
14 | Шіркейлі ауылдық округі, Шіркейлі ауылы | 1,95 |