Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27659 болып тіркелді.

      Ескерту. 1-тармағы 01.01.2022 бастап туындаған қатынастарға қолданылады - осы шешімнің 4 тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 2-тармағы 7-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.11.2023 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады ) қаулысымен.

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      3. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2022 жылғы 12 сәуірдегі
  № 51 қаулысына
  1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. 1 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.11.2023 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады ) қаулысымен.

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны(теңге)

10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар

10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары

10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы

Ауыл

25059

58084

107261

88603

Қала

20808

51983

94550

78435


  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2022 жылғы 12 сәуірдегі
  № 51 қаулысына
  2-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. 2 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 07.03.2023 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1 қосымшасы 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады ) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Тәрбиеленушілер саны

Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейін (теңге)

Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жастан бастап (теңге)

Ақтау қаласы

19669

718,6

806,6

Жаңаөзен қаласы

8361

663,3

806,5

Бейнеу ауданы

2636

652,17

767,06

Қарақия ауданы

1856

714,81

873,7

Маңғыстау ауданы

2245

663,29

815,29

Мұнайлы ауданы

8367

663

824

Түпқараған ауданы

2733

685,60

841,75


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады