Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қаңтарда № 26597 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 26.09.2022 № 417 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1-1. Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.09.2022 № 417 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 20 қаңтардағы
  № 23 қаулысына
  1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 18.11.2022 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 28.12.2023 № 587 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Елді мекен

Тәрбиеленушілердің саны

Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

9-сағаттық режимдегі топта болу

10,5-12 сағаттық режимдегі топта болу

санаторлы топта

арнайы топтар

1

қала

19516

50181

54506

81598

98103

2

ауыл

5319

55728

60746

91999

111104

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 20 қаңтардағы
  № 23 қаулысына
  2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 18.11.2022 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.09.2022 № 417 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 28.12.2023 № 587 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Мектепке дейінгі ұйымдардың орналасқан жері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы ата-ананың бір айдағы төлемақысының мөлшері (теңге) 3 жасқа дейін/3 жастан бастап

9 сағаттық режимдегі топтар

10,5 сағаттық режимдегі топтар

12 сағаттық режимдегі топтар

1

2

3

4

5

1

Алтынсарин ауданы

3 жасқа дейін – 12125
3 жастан бастап – 14831

-

-

2

Амангелді ауданы

-

3 жасқа дейін – 9609
3 жастан бастап – 12338

-

3

Арқалық қаласы

3 жасқа дейін – 16240
3 жастан бастап – 19160

3 жасқа дейін – 16240
3 жастан бастап – 19160

3 жасқа дейін – 16404
3 жастан бастап – 19665

4

Әулиекөл ауданы

-

3 жасқа дейін – 11994
3 жастан бастап – 15295

-

5

Бейімбет Майлин ауданы

3 жасқа дейін – 12761
3 жастан бастап – 14824

3 жасқа дейін – 16154
3 жастан бастап – 18233

-

6

Денисов ауданы

-

3 жасқа дейін – 12598
3 жастан бастап – 15933

-

7

Жангелдин ауданы

-

3 жасқа дейін – 10135
3 жастан бастап – 12920

-

8

Жітіқара ауданы

-

3 жасқа дейін – 15451
3 жастан бастап – 19219

-

9

Қамысты ауданы

3 жасқа дейін – 15671
3 жастан бастап – 18745

3 жасқа дейін – 15671
3 жастан бастап – 18745-

-

10

Қарабалық ауданы

-

3 жасқа дейін – 17271
3 жастан бастап – 20727

-

11

Қарасу ауданы

-

3 жасқа дейін – 12524
3 жастан бастап – 14898

-

12

Қостанай ауданы

-

3 жасқа дейін – 13948
3 жастан бастап – 16912

3 жасқа дейін – 16960
3 жастан бастап – 20542

13

Қостанай қаласы

-

-

3 жасқа дейін – 18190
3 жастан бастап – 21380

14

Лисаков қаласы

-

3 жасқа дейін – 14724
3 жастан бастап – 18341

-

15

Меңдіқара ауданы

-

3 жасқа дейін – 14724
3 жастан бастап – 19791

-

16

Науырзым ауданы

-

3 жасқа дейін – 13964
3 жастан бастап – 16796

-

17

Рудный қаласы

-


3 жасқа дейін – 18787
3 жастан бастап – 21408

18

Сарыкөл ауданы

3 жасқа дейін – 12750
3 жастан бастап – 15000

3 жасқа дейін – 12750
3 жастан бастап – 15000

-

19

Ұзынкөл ауданы

-

3 жасқа дейін – 10921
от 3 лет – 15315

-

20

Федоров ауданы

-

3 жасқа дейін – 12926
3 жастан бастап – 15687

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады