Әкімдіктің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 203 "Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 шілдедегі № 237 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 шілдеде № 28902 болып тіркелді

      Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Таран ауданы әкімдігінің "Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы" 2018 жылғы 11 шілдедегі № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының барлық мәтіні бойынша "Таран ауданының" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданының" деп ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейімбет Майлин ауданының әкімі К. Муржакупов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қостанай облысы

      әкімдігінің жолаушылар

      көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі

  қаулысына қосымша
  Әкімдіктің
  2018 жылғы 11 шілдедегі
  № 203 қаулысына
  қосымша

Автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

1

КР-TR-1

"Новоильиновка-Козыревка"

2

КР-TR-2

"Тобыл-Новоильиновка-Павловка-Апановка-Евгеновка"

3

КР-TR-3

"Новоильиновка-Богородское"

4

КР-TR-4

"Новоильиновка-Мирное"

5

КР-TR-5

"Новоильиновка-Притобольское"

6

КР-TR-6

"Береговое-Нагорное"

7

КР-TR-7

"Юбилейное-Береговое"

8

КР-TR-8

"Красносельское-Журавлевка"

9

КР-TR-9

"Красносельское-Щербиновка"

10

КР-TR-10

"Тобыл-Приозерное"

11

КР-TR-11

"Новоильиновка-Увальное"

12

КР-TR-12

"Варваринка-Баталы"

13

КР-TR-13

"Әйет-Майлин"

14

КР-TR-14

"Әйет -Қызылжар"

15

КР-TR-15

"Тобыл- Әйет"

16

КР-TR-16

"Қайындыкөл-Смайыл"

17

КР-TR-17

"Елизаветинка-Юбилейное" ("Причал" туристік базасына кірме жол)

18

КР-TR-18

"Елизаветинка-Нагорное" ("Горняк" пансионатына кірме жол)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады