Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 тамыздағы № 184/14 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 тамызда № 29073 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Е. Айткенов

  Павлодар облыстық
  мәслихатының 2022 жылғы
  8 тамыздағы № 184/14
  шешіміне қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Павлодар облысы мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы "Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы" № 288/34 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4029 болып тіркелген).

      2. Павлодар облысы мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Павлодар облысы мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы (V сайланған XXXIV сессия) "Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы" № 288/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 311/37 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4246 болып тіркелген).

      3. Павлодар облысы мәслихатының 2018 жылғы 21 қарашадағы "Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" № 280/25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6127 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады