2022 – 2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 03 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қаңтарда № 26536 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2022 бастап қолданысқа еңгізіледі - осы қаулының 4-тармағымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2022 – 2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда -Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 08.07.2022 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 11 қаңтардағы
  № 03 қаулысымен
  бекітілген

2022 – 2023 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы спорттың басым түрлерінің тізбесі

Спорт түрлерінің атауы

Топтар
атауы

Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрінің атауы

Ұлттық спорт түрінің атауы

"А" тобы

1

Белбеу күресі

Ауыр атлетика

Биатлон

Арбадағы би

Асық ату

2

Би спорты

Әйелдер күресі

Керлинг

Арбамен жарыс

Жекпе-жек

3

Гір спорты

Баскетбол

Конькимен жүгіру спорты

Биатлон

Қазақ күресі

4

Допты хоккей

Бокс


Дойбы


5

Сурдо жеңіл атлетика

Батуттық гимнастика


Жатып сығымдау


6

Кекушинкай каратэ

Велосипед спорты (тас жол)


Жеңіл атлетика


7

Кикбоксинг

Грек-рим күресі


Жүзу


8

Қол күресі

Еркін күрес


Қол күресі


9

Муайтай (муай, тай боксы)

Жеңіл атлетика


Пауэрлифтинг


10

Өрт сөндіру және өрттен құтқару спорты

Жүзу


Үстел теннисі


11

Пауэрлифтинг



Шаңғы жарысы


12

Президенттік көпсайыс (полиатлон)



Шахмат


13

Спорттық акробатика





14

Спорттық бағдарлау





15

Шахмат





"В" тобы

1

Бильярд

Дзюдо

Шайбалы хоккей


Аударыспақ

2

Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА)

Классикалық волейбол

Шаңғы жарысы


Бәйге

3

Каратэ шинкиокушинкай

Көркем гимнастика

Шорт-трек


Көкпар

4

Қоян-қолтық ұрыс

Семсерлесу



Тоғызқұмалақ

5

Мейбукан Годзю-рю карате-до

Спорттық гимнастика




6

Панкратион

Таеквондо WTF




7

Самбо

Үстел теннисі




8

Спорттық туризм

Футбол




9

International Taekwon-do Federation версиясы бойынша Таэквон-до ITF





10

Футзал





11

Сурдо футбол





12

Сурдо шағын футбол





13

Шағын футбол





"С" тобы

1

Альпинизм

Теннис

Тау шаңғысы спорты


Жамбы ату


2

Джиу-джитсу

Триатлон



Теңге ілу


3

Каратэ-до WKF

Спорттық құзға өрмелеу





4

Кунг-фу






5

Мұзда өрмелеу






6

Радиоспорт






7

Тәжірибелік оқ ату






8

Ушу





      Аббревиатуралардың түсіндірмесі:

      сурдо – сурдлимпиадалық спорт түрлері;

      ММА – Мixed Martial Arts;

      ITF – International Taekwon-do Federation;

      WKF – World Karate Federation;

      WTF – World Taekwondo Federation.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады