Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 569-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген) негізінде, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2022 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан | |
облыстық мәслихатының | |
2022 жылғы 20 сәуірдегі | |
№ 16/2 | |
шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2022 жылға арналған жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
р/с | Өзен, көл, теңіз бассейндері | Арнайы су пайдалану түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері, теңге |
1 | Есіл өзенінің бассейні | Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 153,94 |
2 | Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда | теңге/1000 текше метр | 426,5 | |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 текше метр | 121,13 | |
4 | Су көздерінен су тартуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 121,13 | |
5 | Гидроэнергетика | теңге/1000 киловатт/сағат | 42,9 | |
6 | Су көлігі | тенге/1000 көліктік километр | 12,62 |