Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 "Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қаңтарда № 31575 болып тіркелді

      Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 "Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешімінің 1-қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3620 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      7-тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихат хатшысы А. Бердагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады