Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда N 3620 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 18.05.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 18.05.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 18.05.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Л. Жалмұқанова
      Қалалық мәслихат хатшысы Л. Жалмұқанова

  Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 шешімімен бекітілген

Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Ескерту. Қағидаларға өзгерістер енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 19.03.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 18.05.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Петропавл қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органмен жалға алынған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы жергiлiктi өкiлдi органмен белгiленген айырма ретiнде айқындалады.

      Жалғыз тұратын азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде тұрғын үй алаңының нормасы үшін отыз шаршы метр, отбасының екі мүшесінен тұратын отбасылар үшін қырық сегіз шаршы метр, үш және одан да көп отбасы мүшелерінен тұратын отбасылар үшін тұрғын үй алаңының нормасы үшін Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасында белгіленген тұрғын үй беру нормасы ретінде бір адамға он сегіз шаршы метр, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақхана бөлмесі қабылданады.

      5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің жоғарылауына өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларын айқындау және бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінуге құқылы:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

      2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжат. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелгені туралы анықтама;

      5) балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алынатын алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шот;

      7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттар немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмелері;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шоттар.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Қайта жүгінген кезде аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) отбасының табысы туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарды ғана ұсынады.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі немесе Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі сегіз жұмыс күнін құрайды. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін ағымдағы тоқсанға тағайындайды. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын тағайындалады.

      Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындаудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;

      2) қызмет алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген деректерге сәйкес келмейтіні анықталса;

      Қызмет алушы тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, қызмет алушы белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады, тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тарту қайта жүгінуге кедергі болмайды.

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Есептеу аспаптары болмаған жағдайда сумен жабдықтау және кәріз, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеу қолданыстағы тұтыну нормаларына және коммуналдық қызметтерді жеткізушілер бекіткен ағымдағы жылға арналған тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

  Петропавл қалалық мәслихатының
  2016 жылғы 18 қантардағы № 6
  шешіміне 2-қосымша

Мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 18.05.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы"Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 6 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 17 тамызда № 1327 тіркелді, 2004 жылғы 03 қыркүйектегі № 36 "Добрый вечер" газетінде жарияланған);

      2. "Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шiлдедегi "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтер төлемiне тұрғын үй көмегiн беру Ережелерi туралы" кезектен тыс 7 сессиясының №6-шы шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 3 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы Әділет басқармасында 2005 жылғы 15 тамызда № 13-1-17 тіркелді, 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 40 "Қызылжар нұры" газетінде, 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 36 "Добрый вечер" газетінде жарияланған);

      3. "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 11 қазанда № 7 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 6 қарашада № 13-1-85 тіркелді, 2007 жылғы 23 қарашадағы № 48 "Қызылжар нұры" газетінде, 2007 жылғы 23 қарашадағы № 47 "Проспект СК" газетінде жарияланған);

      4. "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегiн ұсынуережелерi туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2007 жылғы 15 желтоқсандағы № 5 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 қаңтарда № 13-1-111 тіркелді, 2008 жылғы 01ақпандағы № 5 "Қызылжар нұры" газетінде,2008 жылғы 01 ақпандағы № 5"Проспект СК" газетінде жарияланған);

      5. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 сәуірде № 13-1-116 тіркелді, 2008 жылғы 01 мамырдағы № 18 "Қызылжар нұры" газетінде, 2008 жылғы 02 мамырдағы № 19 "Проспект СК" газетінде жарияланған);

      6. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 19 маусымдағы № 5 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 шілдеде № 13-1-120 тіркелді, 2008 жылғы 01 тамыздағы № 31 "Қызылжар нұры" газетінде, 2008 жылғы 01 тамыздағы № 32 "Проспект СК" газетінде жарияланған);

      7. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 6 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қаңтарда № 13-1-147 тіркелді, 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4 "Қызылжар нұры" газетінде, 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 4 "Проспект СК" газетінде жарияланған);

      8. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 5 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 мамырда № 13-1-181 тіркелді, 2010 жылғы 28 мамырдағы № 24 "Қызылжар нұры" газетінде, 2010 жылғы 28 мамырдағы № 23 "Проспект СК" газетінде жарияланған);

      9. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2011 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының № 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 2 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 6 маусымда № 13-1-198 тіркелді, 2011 жылғы 10 маусымдағы № 25 "Қызылжар нұры" газетінде, 2011 жылғы 09 маусымдағы № 19 "Все будет хорошо" газетінде жарияланған);

      10. "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 2 шешімі (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 қарашадағы № 3472 тіркелді, 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 2 "Қызылжар нұры" газетінде, 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 3 "Проспект СК" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады