Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шұқыркөл ауылдық округінің Шұқыркөл ауылындағы көшесің қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 17 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 қазанда № 30013 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Шұқыркөл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шұқыркөл ауылдық округі Шұқыркөл ауылының Новая көшесі Еркін Әуелбеков көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шұқыркөл ауылдық округі әкімі К. Жанзаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады