Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің Волошинка, Лузинка ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қаңтарда № 31558 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, облыстық ономастика комиссияның 2021 жылғы 16 сәуірдегі, 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысы негізінде, Волошинка және Лузинка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІ:

      1. Волошинка ауылдық округінің Волошинка ауылында қайта аталсын:

      Ленин көшесін Достық көшесіне;

      Октябрьская көшесін Мектеп көшесіне.

      2. Волошинка ауылдық округінің Лузинка ауылында қайта аталсын:

      Коммунистическая көшесін Абай көшесіне;

      Партизан көшесін Жеңіс көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Волошинка ауылдық округінің әкімі В. Кочергин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады