Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 140 "Б" корпусындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Кентау қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 133 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27655 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 - бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 140 "Б" корпусындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Кентау қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4599 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Өміртайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласы әкімі Р. Аюпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады