Созақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 30 маусымдағы № 171 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 шілдеде № 28726 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Созақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Созақ ауданы әкімдігінің "Созақ ауданының аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы" 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 320 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5799 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ ауданының әкімі М. Турысбеков

  2022 жылғы 30 маусымдағы
№ 171 қаулысына қосымша

Созақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерінің нақты орналастыру орындары

Қызмет саласы

Алып жатқан алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған елді мекені, Жібек жолы көшесі, "Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме ғимаратының сол жағында

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1000

5 жыл

жоқ

2

Таукент кенті, Бәйтерек көшесі, № 6 тұрғын үйге қарама-қарсы

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

625

5 жыл

жоқ

3

Қыземшек кенті, 1 шағын ауданы, "Шах" азық-түлік дүкеніне қарама-қарсы

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1000

5 жыл

"Шах" дүкені

4

Созақ ауылдық округі, Созақ елді мекені, Ж.Өткелбаев көшесі, № 24 тұрғын үйге қарама-қарсы

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

200

5 жыл

жоқ

5

Қарақұр ауылдық округі, Қарақұр елді мекені, Наурыз көшесі, "Нұрасыл" дәмханасына қарама-қарсы

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1500

5 жыл

"Нұрасыл" дәмханасы

6

Құмкент ауылдық округі, Құмкент елді мекені, Жылыбұлақ және Астана көшелерінің қиылысы

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

210

5 жыл

жоқ

7

Қаратау ауылдық округі, Қаратау елді мекені, Ә.Қалмырзаұлы көшесі, № 2 тұрғын үйге қарама-қарсы

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

1000

5 жыл

жоқ

8

Жартытөбе ауылдық округі, Жартытөбе елді мекені, С.Сейфуллин көшесі, "Жомарт-2" азық-түлік дүкеннің оң жағында

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

600

5 жыл

"Жомарт-2" дүкені

9

Сызған ауылдық округі, Қозмолдақ елді мекені, Қ.Тоқмұхамедов көшесі, "Сызған ауылдық округі № 41 учаскелік полиция пункті" мемлекеттік мекеме ғимаратының сол жағында

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

400

5 жыл

жоқ

10

Жуантөбе ауылдық округі, Жуантөбе елді мекені, Төлеби көшесі, "Созақ ауданының Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің ғимаратына қарама-қарсы

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

105

5 жыл

жоқ

11

Тасты ауылдық округі, Тасты елді мекені, Қажымұқан және Абай көшелерінің қиылысы

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

200

5 жыл

жоқ

12

Шу ауылдық округі, Шу елді мекені, Абай көшесі, "Марал бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының сол жағында

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

150

5 жыл

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады