Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-219-VI "Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 20-129-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28284 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 9-59-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 20.11.2023 № 9-59-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жетісай аудандық мәслихатының "Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-219-VI (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6019 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      9-тармақтың 6) тармақшасы келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:

      серуендеуге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 айлық есептік көрсеткіш;

      бөлмеге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіш;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Утанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады