1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемесін төмендету туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 17/3-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 қыркүйекте № 29383 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 531-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне базалық салық мөлшерлемесі 1 шаршы метр үшін 6,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілсін.

      2. Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 19/18-VI "1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемесін төмендету туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қалалық мәслихатының хатшысы Е. Нужных

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады