"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31- бабына сәйкес Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі | А. Акышов |
Күршім ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 540 қаулысына қосымша |
Күршім ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуы | Аймақ нөмірі | Аймаққа бөлу коэффициенті |
Күршім ауылы | |||
1 | 05-072-021 кадастрлық кварталы солтүстіктен Әкімжанов көшесімен, оңтүстіктен Бунтовских көшесімен, батыстан Шаяхметов көшесімен, шығыстан Барақ батыр көшесімен шектелген | I | 2,0 |
2 | 05-072-020 кадастрлық кварталы солтүстіктен Тұраров көшесімен, оңтүстіктен Духович көшесімен, батыстан Бунтовских көшесімен, шығыстан Захаров көшесімен шектелген | I | 2,1 |
3 | 05-072-022 кадастрлық кварталы солтүстіктен Захаров көшесімен, оңтүстіктен Тәуелсіздік көшесімен, батыстан Духович көшесімен, шығыстан Ибежанов көшесімен шектелген | I | 2,0 |
4 | 05-072-023 кадастрлық кварталы солтүстіктен Султангазин көшесімен, оңтүстіктен Көкшетау көшесімен, батыстан Журба көшесімен, шығыстан Токаев көшесімен шектелген | I | 2,0 |
Марқакөл ауылы | |||
5 | 05-072-048 кадастрлық кварталы солтүстіктен Кабанбай батыр көшесімен, оңтүстіктен Б.Момышұлы көшесімен, батыстан Школьный көшесімен, шығыстан Садовый көшесімен шектелген | I | 1,7 |
6 | 05-072-047 кадастрлық кварталы солтүстіктен Дауленов көшесімен, оңтүстіктен Даутпаев көшесімен, батыстан Абай көшесімен, шығыстан Журба көшесімен шектелген | I | 1,55 |
Абай ауылдық округі | |||
7 | Бурабай ауылы | IV | 1,7 |
8 | Теректібұлақ ауылы | III | 1,6 |
9 | Қойтас ауылы | IV | 1,6 |
Ақбулақ ауылдық округі | |||
10 | Ақбулақ ауылы | V | 1,45 |
11 | Күнгей-Бөкенбай ауылы | V | 0,95 |
12 | Теріскей -Бөкенбай ауылы | V | 1,05 |
Балықшы ауылдық округі | |||
13 | Ақсуат ауылы | VI | 1,6 |
14 | Аманат ауылы | VI | 1,5 |
15 | Жолнұсқау ауылы | VI | 1,5 |
Боран ауылдық округі | |||
16 | Боран ауылы | IV | 1,4 |
17 | Жиделі ауылы | IV | 1,4 |
18 | Жаңаауыл ауылы | IV | 1,3 |
19 | Қазақстан ауылы | IV | 1,3 |
20 | Игілік ауылы | IV | 1,4 |
Қалғұты ауылдық округі | |||
21 | Қаратоғай ауылы | IV | 1,7 |
22 | Ақши ауылы | IV | 1,3 |
23 | Егіндібұлақ ауылы | IV | 1,15 |
Қалжыр ауылдық округі | |||
24 | Қалжыр ауылы | IV | 1,65 |
25 | Оң жақ Қалжыр ауылы | IV | 1,4 |
26 | Тақыр ауылы | IV | 1,3 |
27 | Шеңгелді ауылы | IV | 1,4 |
Құйған ауылдық округі | |||
28 | Құйған ауылы | IV | 1,7 |
29 | Қайнар ауылы | III | 1,25 |
30 | Қайыңды ауылы | IV | 1,6 |
31 | Қарабұлақ ауылы | III | 1,15 |
Күршім ауылдық округі | |||
32 | Топтерек ауылы | I | 1,5 |
33 | Алғабас ауылы | I | 1,7 |
Марқакөл ауылдық округі | |||
34 | Ақжайлау ауылы | V | 1,2 |
35 | Қайнарлы ауылы | V | 1,2 |
36 | Қарой ауылы | V | 1,45 |
37 | Былғары-Табыты ауылы | V | 1,05 |
38 | Қарашілік ауылы | VI | 1,4 |
Маралды ауылдық округі | |||
39 | Маралды ауылы | IV | 1,4 |
40 | Қыстау-Күршім ауылы | IV | 1,4 |
41 | Үшбұлақ ауылы | IV | 1,3 |
Сарыөлең ауылдық округі | |||
42 | Сарыөлең ауылы | II | 1,9 |
43 | Барақ батыр ауылы | II | 1,9 |
44 | Бірлік ауылы | II | 1,7 |
Төсқайың ауылдық округі | |||
45 | Төсқайың ауылы | IV | 1,3 |
46 | Урунхай ауылы | VI | 1,0 |
47 | Балықтыбұлақ ауылы | VI | 0,90 |
48 | Шанағаты ауылы | IV | 1,3 |
49 | Бұғымүйіз ауылы | IV | 1,3 |