Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Бастаушы ауылдық округі Бастаушы ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Бастаушы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 мамырда № 28078 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылдың 27 желтоқсанындағы қорытындысы негізінде және Бастаушы ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Бастаушы ауылдық округі Бастаушы ауылындағы "Жуандық" көшесінің атауы "Кәкен Қожамбетов" көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Бастаушы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімі А. Отаршина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады