Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31619 болып тіркелді

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы мониторингі

      агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы қызмет)


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 5 қаңтардағы
№ 8 бұйрыққа
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 12-6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары архивтік жұмыс бөлімшелерінің (бұдан әрі – архивтік жұмыс бөлімшелері) тоқтатылған қылмыстық істерді қағаз және электрондық форматтарда қабылдауын, беруін, таныстыруын, сақтауын және жоюын регламенттейді.

      3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры – тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, таныстыру, сақтау және жою бойынша Заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының қызметкері;

      2) прокуратура органдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, әскери және көлік прокуратура органдары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың прокуратуралары) прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралар) прокуратуралар;

      3) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – СДТБТ) – автоматтандырылған деректер базасы, онда Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 180-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері, олар бойынша қабылданған процестік шешімдер, жүргізілген әрекеттер, қылмыстық іс жүргізудің қозғалысы, арыз иелері мен қылмыстық процестің қатысушылары туралы мәліметтер енгізіледі, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында электрондық форматта қылмыстық іс жүргізу жүргізіледі;

      4) электрондық қылмыстық іс – қылмыстық қудалау органы бір немесе бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық себебі бойынша е-ҚІ модулі арқылы электрондық форматта жүргізетін бөлек іс жүргізу;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау

      4. Архивтік жұмыс бөлімшелері тоқтатылған қылмыстық істерді прокуратура органдарынан аумақтылығы бойынша ҚР ҚПК-нің 289, 290-баптарының талаптары орындалғаннан кейін сақтауға қабылдайды.

      Прокуратура органдары заттай дәлелдеменің тағдыры шешілген сәттен бастап, үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 289-бабының екінші бөлігінің және ҚР ҚПК-нің 290-бабының екінші бөлігінің талаптарын орындағаннан кейін тоқтатылған қылмыстық істі аумақтылығы бойынша тиісті архивтік жұмыс бөлімшесіне береді.

      5. Aрхивтік жұмыс бөлімшелері:

      1) ҚР ҚПК-нің 118-бабының үшінші бөлігіне сәйкес заттай дәлелдемелер туралы (жою туралы актіні немесе өзге де актіні қоса бере отырып);

      2) мүлікке тыйым салуды жою туралы;

      3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулының көшірмесін және конституциялық құқығы бұзылған адамға зиянды өтеу туралы талаптар қою тәртібі және мерзімдері түсіндірілген хабарламаны жіберу туралы;

      4) қылмыстық процеске қатысушыларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату және тоқтату негіздері туралы хабардар етуі және сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату туралы қаулының көшірмесін алу туралы мәліметтері жоқ;

      5) таңдалған бұлтартпау шарасын және өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын жою туралы;

      6) қорғалатын адамға қатысты қауіпсіздік шараларын жою, сақтау немесе өзгерту туралы мәселелері шешілмеген қылмыстық істерді қабылдамайды.

      Жоғарыда көрсетілген мәліметтер қабылданған процестік шешімнің заңдылығын зерделеусіз, тоқтатылған қылмыстық істің материалдарымен салыстырып тексеріледі.

      6. Архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры:

      сақтауға келіп түскен тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды;

      мыналарды:

      1) қағаз форматындағы тоқтатылған қылмыстық іс;

      2) қағаздағы материалдар (электрондық қылмыстық іске енгізілмеген, ҚР ҚПК-нің 120-бабымен көзделген электрондық қылмыстық істер құжаттарының, ҚР ҚПК-нің 119-бабымен көзделген процестік әрекеттердiң хаттамаларының түпнұсқалары) келіп түскен кезде осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Тоқтатылған қылмыстық іске карточка" 2-А нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжатын (бұдан әрі – 2-А нысанды ЭАЕҚ) қоюды;

      "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЭАЕҚ) СДТБТ-ға енгізілген нысандар мәліметтерінің қылмыстық іс бойынша қабылданған процестік шешімдерінің сәйкестігіне салыстырып тексеруді;

      мемлекеттік құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар қылмыстық істерді қоспағанда, тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарын сканерлеуді жүзеге асырады. Бұл ретте, тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарын сканерлеу сөгусіз жасалады.

      Нұсқаулықтың 5-тармағының талаптарының бұзушылығы анықталған сәттен бастап, оның ішінде орнатылған ЭАЕҚ тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарына сәйкес келмесе, архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры тоқтатылған қылмыстық істі прокуратура органдарына үш жұмыс күні ішінде бұзушылықты жою үшін кері қайтаруды жүзеге асырады.

      Бұзушылықтарды жойғаннан кейін тоқтатылған қылмыстық істерді архивтік жұмыс бөлімшесіне кері қайтаруды прокуратура органдары ол келіп түскен сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

      7. Комитеттің аумақтық органдарының, прокуратура органдары мен қылмыстық қудалау органдарының арасында ай сайын ЭАЕҚ-ның анықтығының белгісіне, қылмыстық қудалау органдарының прокуратура органдарына, прокуратура органдарының архивтік жұмыс бөлімшелеріне тоқтатылған қылмыстық істерді уақтылы жіберуіне салыстырып тексеру жүргізіледі.

1-параграф. Тоқтатылған қылмыстық істерді қағаз форматында қабылдау

      8. Қағаз форматындағы тоқтатылған қылмыстық істің сыртқы тысында жоғары тұрған органның ресми атауы және қылмыстық қудалау органы мен мекемесінің ресми атауы, материалдың тіркеу нөмірі, қысқаша фабуласы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы (бұдан әрі – ҚР ҚК) және сақтау мерзімі көрсетіледі.

      Тоқтатылған электрондық қылмыстық істердің қағаз материалдарының сыртқы тысында "№ _____ электрондық қылмыстық іс бойынша материалдар" деп көрсетіледі. Бұл ретте, ішкі тізімдемеде электрондық қылмыстық істегі электрондық құжаттарды басып шығармастан, қолда бар қағаз материалдар көрсетіледі.

      Бірнеше томнан (қосымшалардан) тұратын тоқтатылған қылмыстық істердің сыртқы тыстарын ресімдеу кезекті томның (қосымшаның) нөмірлерін қоя отырып ұқсас түрде жүргізіледі.

      Сыртқы тыстағы жазбалар жарыққа төзімді сиямен жазылады.

      9. Архивтік жұмыс бөлімшелеріне тапсыруға жататын әрбір тоқтатылған қылмыстық іс бес реттен көп емес тесу арқылы мықты жіппен қатты тысқа тігіледі. Істе металл заттарды қалдыруға жол берілмейді.

      10. Тоқтатылған қылмыстық істің әрбір томы 180 парақтан артық болмауы керек. Тоқтатылған қылмыстық істегі барлық парақтар графиттік қарындашпен нөмірленеді (әрбір том жеке), барлық құжаттар ішкі тізімдемеге енгізіледі. Тізімдеменің соңында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтаған адам лауазымын және тегін көрсете отырып, қорытынды жазба жасайды.

      11. Шимай жазбаларды, жеке құжаттарды, қайтарылуға жататын және тоқтатылған қылмыстық іске қатысы жоқ құжаттарды тігуге жол берілмейді.

      Тігуге жарамайтын құжаттар ішкі тізімдемеге енгізіледі және тоқтатылған қылмыстық іске тігілетін (жапсырылатын) конвертке салынады.

      12. Әрбір томның (қосымшаның) соңында арнайы тігілген парақта қорытынды бекіту жазбасы жасалады, онда нөмірленген парақтардың саны жазбаша түрде көрсетіледі. Бекіту жазбасын лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтаған адам жүргізеді, оның жеке қолымен және "Пакеттер үшін" мөрімен бекітіледі.

      13. Тоқтатылған қылмыстық істерге екі данада ілеспе хат қоса беріледі. Ілеспе хатта тоқтатылған қылмыстық істердің тіркеу нөмірлері, әрбір томдағы парақтар саны, хаттың соңында орган басшысының қойылған қолы көрсетіледі.

      Тоқтатылған қылмыстық істі қолма-қол берген кезде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры ілеспе хаттың екінші данасына қол қояды.

      Тоқтатылған қылмыстық іс келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры СДТБТ-да 2-А нысанды ЭАЕҚ-ны қояды.

2-параграф. Тоқтатылған электрондық қылмыстық істерді қабылдау

      14. Қылмыстық процесті жүргізетін қылмыстық қудалау органы іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін электрондық қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы прокуратура органдарына бекітуге жіберіледі.

      ҚР ҚПК-нің 290-бабының бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген шешім қабылданған жағдайда, электрондық іс СДТБТ-ның Қадағалау журналының "архив" салымына келіп түседі, бұл ретте архивтік жұмыс бөлімшесі прокурорының тоқтатылған қылмыстық істің барлық салымына рұқсаты бар.

      15. Тоқтатылған электрондық қылмыстық істер бойынша архивтік жұмыс бөлімшелеріне тек бастапқы кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу барысында, қылмыстық құқық бұзушылықты СДТБТ-ға тіркеу кезінде қағаз жеткізгіште құрастырылған ҚР ҚПК-нің 119, 120-баптарында көзделген процестік құжаттардың (оқиға орнын қарап шығу хаттамасы, сұрау салулар, сауалнамалар) түпнұсқалары ғана жіберіледі.

      Архивтік жұмыс бөлімшелеріне жіберу үшін электрондық қылмыстық істерді басып шығаруға жол берілмейді.

      Қылмыстық қудалау органдары осы тармақпен көзделген барлық көрсетілген талаптарды сақтаған кезде, архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры электрондық тоқтатылған қылмыстық істерге материалдар қағаз жеткізгіштерде келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде СДТБТ-да 2-А нысанды ЭАЕҚ-ны қояды.

3-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді беру

      16. Тоқтатылған қылмыстық істерді архивтік жұмыс бөлімшелері прокуратура органдарының не жоғары тұрған прокуратураның сұрау салулары бойынша береді.

      17. Соттың және қылмыстық қудалау органының сұрау салулары бойынша тоқтатылған қылмыстық істерді беруді архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры прокуратура органдарына хабарлай отырып жүзеге асырады.

      18. Бір ведомствоның тоқтатылған қылмыстық істері басқа ведомствоның қылмыстық қудалау органына прокуратура органдары арқылы қылмыстық қудалау органының сұрау салуы бойынша беріледі.

      Тоқтатылған қылмыстық істі сұрату туралы сұрау салу келіп түскен кезде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры тоқтатылған қылмыстық істі судьяға бір жұмыс күнінде, прокуратура органдары мен қылмыстық қудалау органдарына мынадай:

      шағымдарды ҚР ҚПК-нің 105, 105 тәртібінде, сондай-ақ жекелеген сұрау салулар бойынша (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмалары) қараған кезде – бір жұмыс күнінде;

      1-ден 10-ға дейін тоқтатылған істерді сұратқанда – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бастап үш жұмыс күніне дейінгі;

      11-ден 50-ге дейін істерге - сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі;

      50 және одан көп істерге – сұрау салу келіп түскен күннен бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімдерде береді.

1-параграф. Тоқтатылған қылмыстық істерді қағаз форматында беру

      19. Сұрау салулар бойынша тоқтатылған қылмыстық істі қағаз форматында беру осы Нұсқаулықтың 16, 17-тармақтарына сәйкес және Журналға белгілей отырып, арнайы пошталық байланыс арқылы не істі сұратқан қылмыстық қудалау органының қызметкеріне қызметтік куәлігін, соттың қызметкеріне тиісті сенімхатты ұсынғаннан кейін қолма-қол беріледі.

      20. Беру кезінде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры парақтардың нөмірлерін және тоқтатылған қылмыстық іс құжаттарының жай-күйін тексереді.

      21. Тоқтатылған қылмыстық істі сұратқан органнан тоқтатылған қылмыстық істі қабылдау кезінде де архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры парақтардың нөмірлерін және іс құжаттарының жай-күйін тексереді.

      Бүлінгені, онда жеке парақтарының болмауы, ішкі тізімдемеде құжаттардың нөмірленген парақтарымен сәйкес келмеуі анықталған кезде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры:

      1) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша Тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның жай-күйін тексеру актісін (бұдан әрі – Акт) толтырады, оны тоқтатылған қылмыстық істің материалдарын екі жұмыс күні ішінде қалпына келтіру үшін тоқтатылған қылмыстық істі сұратқан органның басшысына жібереді.

      2) прокурорлық ден қою шараларын қабылдау үшін, Актінің көшірмесін қоса бере отырып, дереу органдарды ақпараттандырады.

      22. Архивтік істерді пайдалану кезінде құжаттарға қандай да бір белгі қоюға, астын сызуға, түзетулер енгізуге, іс парақтарын бүгуге, істерді сөгуге және олардан жекелеген құжаттарды алып қоюға жол берілмейді.

      Архивтік жұмыс бөлімшесінің прокурорына сақтауға өткізілген тоқтатылған қылмыстық істерден құжаттарды алуға жол берілмейді.

2-параграф. Тоқтатылған электрондық қылмыстық істерді беру

      23. Тоқтату туралы шешім қабылдаған қылмыстық қудалау органдарына тоқтатылған электрондық қылмыстық іске қолжетімділікті архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры СДТБТ арқылы қашықтықтағы форматта береді.

      24. Тоқтатылған электрондық қылмыстық істі соттарға беру Таныстыру актісін толтыра отырып, электрондық тасымалдаушыларда көшірме жасау арқылы жүзеге асырылады.

4-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыру және олардың көшірмелерін беру

      25. Тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыруды, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, тоқтатылған қылмыстық істің басқа материалдарын беруді архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры тек қылмыстық процеске қатысушыларға ғана жүзеге асырады.

      Тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыру, олардың көшірмелерін беру қорытындысы бойынша архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры прокуратура органдарын хабардар ете отырып, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша қылмыстық процеске қатысушыларды тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыру, тоқтатылған қылмыстық істен көшірмелерді беру хаттамасын (бұдан әрі - Хаттама) жасайды.

      Архивтік жұмыс прокуроры Хаттамада оны толтыру күнін, айын, орнын, қылмыстық процеске қатысушылардың тегін, аты-жөні мен лауазымдарын, парақтардың санын көрсете отырып, сұратылған процестік материалдар атауларының тізімін көрсетеді.

      26. Қылмыстық процеске қатысушылар ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен тоқтатылған қылмыстық іс материалдарының көшірмелерін жасауға құқылы.

      Процеске қатысушыларды тоқтатылған электрондық қылмыстық істерімен таныстыру материалдарды электрондық жеткізгіштерде (басып шығарусыз) сақтау мүмкіндігімен компьютерлік техникалардың көмегімен жүзеге асырылады.

      27. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы шығарылған қылмыстық іс отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге беріледі.

      Тоқтатылған қылмыстық істі зерделеу үшін қосымша уақыт қажет болған кезде, берілген тоқтатылған қылмыстық іс жатқан органның басшысы тиісті архивтік жұмыс бөлімшесіне оның мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзарту туралы жазбаша хабардар етеді.

      Прокуратура органдары архивтен сұратылған қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күші жойылған жағдайда, жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, тиісті қаулының көшірмесі, қабылданған шешім туралы бір мезгілде ЭАЕҚ-ны СДТБТ-да орналастыра отырып, архивтік жұмыс бөлімшесіне жібереді.

      Архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры қылмыстық істі тоқтатудың күшін жою туралы қаулы шығарылған қылмыстық істерді дереу архивтік есепке алудан алып тастайды.

      Тоқтатылған қылмыстық істерді беру, қайтару, архивтік есепке алудан алып тастау кезінде архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры 2-А нысанды ЭАЕҚ-ның тиісті деректемелерін дереу толтырады.

5-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді сақтау мерзімдері

      28. Қылмыстық теріс қылықтар бойынша тоқтатылған қылмыстық істер сақтауға келіп түскеннен кейін архивтік жұмыс бөлімшелерінде бір жыл сақталады.

      29. Қылмыстар бойынша тоқтатылған қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 71-бабына сәйкес мынадай:

      1) онша ауыр емес қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін екі жыл;

      2) ауырлығы орташа қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін бес жыл;

      3) ауыр қылмыстар, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін он жыл;

      4) аса ауыр қылмыстар бойынша - сақтауға келіп түскеннен кейін он бес жыл мерзімдерінде сақталады.

      Адамдардың қылмыстық емес жоғалып кету фактілері бойынша, сондай-ақ адамдардың қылмыстық емес қайтыс болу фактілері бойынша тоқтатылған қылмыстық істер архивтік жұмыс бөлімшелерінде екі жыл сақталады.

      30. Тұрақты сақтау мерзіміне ҚР ҚК-нің 71-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес ескіру мерзімі қолданылмайтын қылмыстар туралы қылмыстық істер тұрақты сақталу мерзіміне жатады.

6-тарау. Тоқтатылған қылмыстық істерді жою

      31. Сақтау мерзімдері өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою комиссиялық түрде фото-бейнетіркеу құралдарын қолдана отырып, арнайы бейімделген үй-жайларда өртеу арқылы жүргізіледі.

      Фото-бейнетүсірілімнің архивтелген нәтижелері Комитеттің аумақтық органының серверінде жеке электрондық папкада бір жыл бойы сақталады.

      Комитеттің аумақтық органында басшының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығы бойынша комиссия құрылады, оның құрамына мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері кіреді.

      Комиссияның Төрағасы болып Комитеттің аумақтық органының басшысы немесе оның орынбасары тағайындалады, ол оның шақырылуын және жұмысын ұйымдастырады.

      Комиссияны шақыру және оның жұмысы Комитеттің аумақтық органының басшысы не оны алмастыратын адамның бекіткен кестесіне сәйкес жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.

      Комиссия мүшелерінің бірі келмеген жағдайда, комиссияның төрағасы сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою үшін, бастапқы тағайындалған мерзімнен үш жұмыс күнінен кешіктірмей басқа күнді белгілейді. Осы мерзімде комиссия мүшесінің келу мүмкіндігі болмаған кезде, сол ведомствоның уәкілетті қызметкері қатысады.

      Комиссия сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жоюды Комитеттің аумақтық органының басшысы немесе оны алмастыратын адам осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою үшін бөлу туралы актіні (бұдан әрі – Жою үшін бөлу туралы акт) бекіткен күннен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Жою үшін бөлу туралы акт оның тізімін анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бір данада жасалады және Комитеттің аумақтық органының номенклатуралық ісіне қоса тігіледі.

      Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жойғанға дейін, комиссия деректерді цифрлау бойынша жүргізілген іс-шаралармен, тиісті қойылатын қолдардың болуына, жоюға негіз болған құжаттармен салыстырып тексеру жүргізеді.

      32. Жойылған қағаз форматындағы тоқтатылған істің электрондық көшірмесін рхивтік жұмыс бөлімшесі сақтайды.

      Тоқтатылған қылмыстық істерді жою туралы мәліметтерді архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры 2-А нысанды ЭАЕҚ-қа енгізеді.

      33. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті архивтік
жұмыс бөлімшелерінің
тоқтатылған қылмыстық істерді
қабылдау, беру, таныстыру,
сақтау және жою жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша
нысан

"Тоқтатылған қылмыстық іске карточка" 2-А нысанды электрондық ақпараттық есепке алу құжаты

      1. Тоқтатылған қылмыстық істің нөмірі ________________________________________

      2. Тоқтатылған қылмыстық істің келіп түскен күні 20__ жылы "_____"________ ______

      3. Тоқтатудың негізі (1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік

      кодексi (бұдан әрі – ҚР ҚПК)_________________________________________________

      3.1 Тоқтатудың негізі ҚР ҚПК-нің _____________________________________________

      Тоқтату күні "__" ______ 20__ жылы

      4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының архивтік жұмыс

      бөлімшесі (бұдан әрі – архивтік жұмыс бөлімшесі)______ (анықтамалық бойынша код)

      5. Қор № ________________________

      6. Тізімдеме № ___________________

      7. Архив № ______________________

      Архивтік нөмір берілген күні "__" ______ 20__ жылы

      8. Томдардың саны _______

      9. Тоқтатылған қылмыстық іс туралы мәліметтер: берілді (01), қайтарылды (02),

      жойылды (03), қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жоюға байланысты

      архивтік есепке алудан шешілді (04).

      9.1 Сақтау мерзімі өткен тоқтатылған қылмыстық істерді жою үшін бөлу туралы актінің

      шығыс/кіріс нөмірі _________________________________________________________

      9.2 ____________________________________________________________________

      берілді (тоқтатылған қылмыстық істі қолма-қол алған прокурордың тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған кезде)

      9.3 Берілген күні "__" ______ 20__ жылы

      10. Қылмыстық іс бойынша өткізілетін адамдар

Тегі

Аты

Әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған күні

      11. Ескертпе


      12. Салымдар


      Архивтік жұмыс бөлімшесі прокурорының тегі, аты-жөні _________________________

      __________________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті архивтік
жұмыс бөлімшелерінің
тоқтатылған қылмыстық істерді
қабылдау, беру, таныстыру,
сақтау және жою жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша
нысан
  БЕКІТЕМІН
  ____________________________
  ____________________________
  ___________________________
  басшысы,
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің аумақтық
органының атауы
____________________________
аты, тегі, әкесінің аты (ол болған
кезде)
____________________________
(жеке қолы)
"__" ______20__ жылы

Тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның жай-күйін тексеру актісі актінің реттік нөмірі № ____

      Толтыру орны

      _____________№ ___ тоқтатылған қылмыстық істің парақтарының болуын және оның

      жай-күйін тексеру

      Осы акт мынадай комиссия құрамында

      1) _______________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде)

      2) _______________________________________________________________________

      (комиссия мүшелерінің аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде)

      3) _______________________________________________________________________

      (комиссия мүшелерінің аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _______________________________________________________ байланысты жасалды.

      (негіз)

      Тексеруде анықталғаны:

      1. Тоқтатылған қылмыстық істің ішкі тізімдемесі бойынша № __________ есептеледі

      __________________________________________________________________________

      том (-дар) бойынша барлығы __________, оның ішінде беттер саны (томдар бойынша)

      __________________________________________________(сандармен және жазбаша)

      2. Барлығы ________________________________________________________________

      (сандармен және жазбаша)

      ___________________________________________________ істің парақтары болмады.

      Уәкілетті органның ресми атауы _____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3. Істің тізімдемесіне енгізілмеген _____________________________________________

      ________________________________________________________________ парақ бар.

      (сандармен және жазбаша)

      4. Архивтік іс бойынша барлығы ____________________________________________

      _________________________________________________________парақ, оның ішінде:

      (сандармен және жазбаша)

      1) ________________________________________________іс жаңғыртуды талап етеді;

      (сандармен және жазбаша)

      2) _____________________________________________________________________

      (сандармен және жазбаша)________________ іс тыстауды және тігуді талап етеді;

      3) __________________________________________________________________

      (сандармен және жазбаша) істердің өшіріле бастаған мәтіндерін қайта қалпына

      келтіруді талап етеді;

      4) _____________________________________түзетілуге келмейтіндей зақымданған іс;

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (құжаттардың жай-күйінің және оларды сақтау шарттарының жалпы сипаттамасы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (құжаттардың жай-күйінің және оларды сақтау шарттарының негізгі теріс көріністері)

      Тексеруді жүргізген:

      Комиссияның төрағасы ______________ _________________________

      (жеке қолы) (қолды таратып жазу)

      Комиссияның мүшелері ______________ _________________________

      (жеке қолы) (қолды таратып жазу)

      ______________ _________________________

      (жеке қолы) (қолды таратып жазу)

      Күні "__" ______20__ жылы

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті архивтік
жұмыс бөлімшелерінің
тоқтатылған қылмыстық істерді
қабылдау, беру, таныстыру,
сақтау және жою жөніндегі
нұсқаулыққа
3-қосымша

________________________________ (жасалған орны)

"___"___________ 20__ жылы (жасалған уақыты)

Қылмыстық процеске қатысушыларды тоқтатылған қылмыстық істердің материалдарымен таныстыру, оларға тоқтатылған қылмыстық істен көшірмелерді беру хаттамасы

      Мен, ___________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органының атауы (бұдан әрі – архивтік

      жұмыс бөлімшесі)

      архивтік жұмыс бөлімшесінің прокуроры ______________________________________

      __________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Архивтік жұмыс бөлімшесі ғимаратының ____ кабинетінде, Қазақстан

      Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 290-

      бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      қылмыстық процеске қатысушыларының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      таныстыруды жүргіздім/тоқтатылған қылмыстық іс материалдарының көшірмелерін

      бердім

      істің нөмірі № ______________________________________;

      парақтардың саны ______, том _________

      Арыз иесінің мәртебесі: анықтамалық бойынша ҚР ҚПК-нің 7-бабының 25) тармағына сәйкес)

      Кіріс нөмірі және жолданым берілген күні "____" ________ 20__ жылғы № ___

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), Комитеттің архивтік жұмыс бөлімшесі

      қызметкерінің қолы __________________________

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті архивтік
жұмыс бөлімшелерінің
тоқтатылған қылмыстық істерді
қабылдау, беру, таныстыру,
сақтау және жою жөніндегі
нұсқаулыққа
4-қосымша
нысан
БЕКІТЕМІН
____________________________
____________________________
__________________________
  басшысы, Қазақстан
Республикасы Бас
прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің
аумақтық органының атауы
____________________________
  аты, тегі, әкесінің аты (ол болған
кезде)
____________________________
(жеке қолы)
"__" ______20__ жылы

№ _______АКТ ____________________________________________________________________________ толтыру орны Сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы

      __________________________________________________________________________

      (құжаттардың тізбесінің атауы, шығару орны және жылы, оларды сақтау мерзімін

      көрсете отырып)

      негізінде__________________________________________________________________

      сақтау мерзімдері өткен тоқтатылған қылмыстық істер жоюға таңдалып алынды

      Сақтау__________________________________________________________________:

      (архивтік қордың нөмірі мен атауы)

№№ р/с

Қордың № тізімдеменің №

Архивтік істің №

Қылмыстық істің №

Қылмыс фабуласы

Парақтардың саны

Соңғы жылдар

Сақтау мерзімі - тізбенің бабы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi бойынша бабы

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      _________________________________ жылғы _________________________________

      __________ жылдардағы тоқтатылған қылмыстық істердің және құжаттардың барлығы

      __________________________________________________________________________

      (сандармен және жазбаша)

      Құжаттарды өңдеген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      (жеке қолы)

      Комиссияның төрағасы ______________ _________________________

      (жеке қолы) (қолды таратып жазу)

      Комиссияның мүшелері ______________ _________________________

      (жеке қолы) (қолды таратып жазу)

      ______________ _________________________

      (жеке қолы) (қолды таратып жазу)

      Күні "__" ______20__ жылы

      Ескертпе:

      А4 форматы (210Х297)

      сақтауға жатпайтын электрондық жеткізгіштегі құжаттарды жоюға бөлу туралы акт

      осы қосымшада көрсетілген нысан бойынша жасалады.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 5 қаңтардағы
№ 8 бұйрыққа
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2018 жылғы 19 шiлдедегi № 91 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17272 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2018 жылғы 19 шілдедегі № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 9 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19885 болып тіркелген);

      3) "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, сақтау және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2018 жылғы 19 шілдедегі № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26400 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады