ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Бюджет кодексінің 104-бабы 4-тармағының 4), 4-2 және 7) тармақшаларында көзделген шығыстарды қаржы жылының басындағы қаражат қалдықтарының есебінен қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы жылдың 20 қаңтарына қарай мынадай құжаттарды дайындауды жүзеге асырады:
1) бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпарат;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмау себептерін көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпарат, бюджеттік даму бағдарламалары бойынша іске асырылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын инвестициялық жобалар бөлінісінде қабылданған, бірақ ақысы төленбеген міндеттемелер сомасы; дайындалу және жеткізу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар; сыртқы қарыздар, гранттар және бюджеттік кредиттер қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламаларын қоспағанда, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтер;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған, пайдалынылмаған қаражат туралы ақпарат;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) пайдаланылмаған қаражаты туралы ақпарат.";
мынадай мазмұндағы 57-2-тармақпен толықтырылсын:
"57-2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Бюджет кодексінің 104-бабы 4-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес есепті қаржы жылының 20 қарашасына дейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға өткен кезеңдегі іс-шаралардың толық орындалмау себептерін, қаржы жылының басындағы қаражат қалдықтары есебінен одан әрі қаржыландыру үшін болжанатын бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер сомасын көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпаратты береді.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті орган ұсынған, осы Ереженің 57, 57-1 және 57-2-тармақтарында көрсетілген ақпараттар негізінде белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар тізбесін оларды бюджет қаражатының қолда бар қалдықтары көлемінің шегінде ағымдағы қаржы жылы қаржыландыру жөніндегі ұсыныспен бюджет комиссиясының қарауына енгізеді";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрi – ҚБШ) мына:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;
2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды ҚР ҰБ-да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен;
5) және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын оларға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен, және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетiн ақшаны жұмсауымен;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;
7) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;
8) қаржылық ұйымдардың, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен;
9) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарыздардың немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау шоты) қайтадан ұлттық валютаға айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың ақшасын жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға;
10) және қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге аударылатын ақшаны пайдаланумен (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу шоттары);
11) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілетін трансферттерді жұмсаумен;
12) Жәбірленушілерге өтемақы қорына (Қор шотына) жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызумен және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген өтемақылардың төлемін жүргізумен;
13) мемлекеттік бағдарламаларды, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдауды жүзеге асыруға арналған бюджет ақшасын және оларды пайдалануға (бұдан әрі – қаржылық және (немесе)қаржылық емес қолдау операторларының шоты);
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын жұмсауға (бұдан әрі – мемлекет кепілдік берген қарыздың ұлттық валютадағы шоты);
15) қарыз алушылардың мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге және оларды өтеуге арналған ақшаны жұмсауға (бұдан әрі – ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты);
16) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына жіберілетін ақша түсімдерін (бұдан әрі – Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шоты) есепке алуға және оларды "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Білім туралы заңы) сәйкес жұмсауға;
17) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ақша түсімдерін (бұдан әрі – білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шоты) есепке алуға және оларды Білім туралы заңына сәйкес жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған.";
140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"140. Түсiмдердi тиiстi ҚБШ-да жинақтап, оларды кейiннен бөлу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ашылатын банкiшiлiк транзиттiк шот түсiмдердiң жинақ шоты болып табылады. Түсiмдердiң жинақ шотынан республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына төленетiн түсiмдер сомасын қайтару жүзеге асырылады..";
141-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кейіннен тиісті ҚБШ-ларға есепке жатқыза отырып, түсімдер сомасын республикалық, жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді жүзеге асырады;";
143- тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"143. Республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығымен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттері арасында бөлу кестесінің және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабының 3-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымдары тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің I кезеңі).";
5-тарау мынадай мазмұндағы 1-2-параграфымен толықтырылсын:
"1-2-параграф. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шотына және жергілікті атқарушы органдардың білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі шоттарына түскен ақшаның түсуі және жұмсалуы
144-5. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры Бюджет кодексінің 52-3-бабында белгіленген түсімдер есебінен қалыптастырылады.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін түсімдер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылады.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты төлеуге берілетін шот негізінде республикалық бюджет комиссиясының шешіміне сәйкес білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың шоттарына аударылады.
144-6. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шотына түсетін түсімдер бойынша операциялар Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес есепке алынады.
144-7. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шоты мен жергілікті атқарушы органның білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі шотының қаражатын пайдалану тек Білім туралы заңда көзделген мақсаттарда жүзеге асырылады.
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шоты мен жергілікті атқарушы органның білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі шотының қаражатын пайдалануға байланысты төлемдерді жүргізу осы Ереженің 6-тарауы 7-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
144-8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның шотынан төлемдерді жүргізу кезінде:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) көшірмелерінің немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттың өзге де түрінің болуына;
2) нысанды толық және дұрыс толтыру бойынша "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне төқлеуге берілетін шоттарды тексеруді білдіретін ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
144-9. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шоты мен жергілікті атқарушы органның білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі шотын ашу және жабу тәртібі осы Ереженің 4-тарауы 3 және 5-параграфтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
144-10. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шоты қаражатының қалдықтары Бюджет кодексінің 104-бабы 3-1-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.";
148-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"148. Мемлекеттік кірістер органдары әкiмшiлiк ететiн негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдердi, трансферттер түсiмдерiн, бюджет кредиттерiн өтеудi, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдердi, қарыздар түсiмдерiн қоспағанда, салықтық емес түсiмдер сомасын қайтару және (немесе) есептеу үшiн қорытындыны бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi орган жасайды.
Бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi органға төлеушiлерден төлеу орны бойынша төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесi қоса берiле отырып, жазбаша өтiнiш берiледi.";
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"149 Бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қорытындыны осы Ереженің 66-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3 данада жасайды.";
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға қорытынды жасаған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын, қорытындыда қамтылған деректердің шынайылығын қамтамасыз етеді және оларды сақталмағаны/сәйкессіздігі үшін жауап береді.";
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"150. Мемлекеттік кірістер органы бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органнан ол әкімшілік ететін түсімдер сомасын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытынды алған кезде 5 жұмыс күні ішінде төлем тапсырмасын жасайды және аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне ұсынады ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша).";
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган түсімдерінің артық (қате) төленген сомаларын қайтаруға және (немесе) есептеуге қорытындыны мемлекеттік кірістер органы осы Ереженің 69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша. Мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік етпейтін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын қайтару және (немесе) есептеу қорытындысын тіркеу журналында тіркейді.";
183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"183. Мемлекеттік мекемелердің өткен қаржы жылының желтоқсанында ұсынылған төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген қызметтер (коммуналдық қызметтер, қоқысты шығару қызметтері, байланыс қызметтері, телерадио хабарларын тарату қызметтері, әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтері) үшін төлеуіне жол беріледі.
Ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт бойынша, өткен қаржы жылындағы желтоқсан үшін төлеуге берілетін құжаттар бойынша ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында көрсетілген көлік қызметтері және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу үшін мемлекеттік мекемелердің төлеуіне рұқсат етіледі.
Ағымдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында өткен қаржы жылы үшін жасалған шарт бойынша тауарға билік ету құжаттары (талондар/отын карталары) бойынша немесе ағымдағы қаржы жылының қаңтарында өткен қаржы жылының желтоқсанына жазып берілген төлеуге берілетін құжаттар бойынша автожанармай құю станцияларынан алынған мұнай өнімдері үшін мемлекеттік мекемелердің төлеуіне жол беріледі.";
612-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"612. Мамандандырылған ұйым және/немесе жергілікті атқарушы органдар белгілейтін түпкілікті қарыз алушыға арналған сыйақы ставкасының мөлшері агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне берілетін, сондай-ақ ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша жобаны ауқымдау шеңберінде және сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы жастарға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын қоспағанда, осы Ереженің 610-тармағына сәйкес белгіленген екі еселенген сыйақы ставкасынан аспауы тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отызыншы, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық үшінші және қырық тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі